Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы



бет113/138
Дата29.12.2022
өлшемі0,59 Mb.
#60170
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   138
Байланысты:
Ìåêòåïêå äåé³íã³ äåíå ò?ðáèåñ³ òåîðèÿñû ìåí ?ä³ñòåìåñ³ ï?í³íåí ä

Сұрақтар мен тапсырмалар



  1. Шынықтырудың бала денсаулығы мен дене дамуындағы маңызы қандай?

  2. Шынықтыру шараларын атаңыз.

  3. Шынықтырудың маңызы неде?

  4. Шынықтыру принциптері мен әдістері туралы не білесіз?

  5. Шынықтыруды ұйымдастыруға қойылатын талаптар қандай?

  6. Балаларды үй жағдайында шынықтырудың ерешеліктерін атаңыз?

  7. Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасы (барлық жас ерекшелік топтары үшін) бойынша шынықтыру шаралары уақытына көңіл бөлу. Әр жас топтары үшін шынықтыру шаралары үлгісін ұсыну.

18-дәріс. Сергіту сәттері және мерекелері, жүргізілетін іс-шаралар


Дәріс жоспары

  1. Сергіту сәттері, сергіту сәттерінің маңызы (Сергіту сәттерін ұйымдастырудың әдістемесі).

  2. Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесі мерекелерін өткізудің маңызы (Балаларды ұйымдастыру. Оларға жетекшілік ету әдістемесі. Мәдени тынығуды ұйымдастыру).



Негізгі әдебиеттер:

  1. Кенеман А.В., Хухлаева Д.В. «Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі».

  2. А.Ж.Сисенбердиева «Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі». Оқулық. Алматы. 2011

  3. Уанбаев Е.К. «Дене тәрбиесінің негіздері». Алматы. Санат. 2000

  4. «Балалар бақшасындағы дене тәрбиесі». Осокина. 1982. Мектеп

Қосымша әдебиеттер:

  1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік бағдарламасы, 2016 жыл

  2. Жұмабекова Ф.Н. «Мектепке дейінгі педагогика» Астана, 2008

  3. ЖМББС «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»



Сергіту сәттері (физкультминутка) (қысқа мерзімді дене жаттығулары) естиярлар, ересектер және даярлық топтарында сабақтар арасындағы үзілісте, сондай-ақ нақ сабақ процесінде (сурет салу, жапсыру, ана тілі, т. б.) өткізіледі. Сергіту сәттерінің маңызы шаршағанды ұмыттыратын, психиканың эмоциялық-жағымды жай-күйін қалпына келтіретін қимыл белсенділігі жолымен баланың іс-әрекет сипаты мен дене қалпының өзгеруінде болып табылады. Егер сабақ процесінде бала ұзақ отырып қалса, онда бұлшық еттердің статикалық жағдайының салдарынан жүйке жүйесіне әсер ететін, шаршап-шалдығу сезімін туғызатын тоқырау құбылысы пайда болады. Бала «тықыршып қимылдай» бастайды, кейде қалыптасып келе жатқан тұлғасына қолайсыз қалыпты өзгертуге тырысады. Бақылау мынаны көрсетіп отыр: біртектес жұмысты істеу кезінде, сондай-ақ сабақты дұрыс мөлшерлеуді бұзу кезінде қажудың дендеуі күшейе түседі, мұның өзі баланың зейінін нашарлатады. Бұл ми қыртысындағы тежелудің күшеюімен және осыған байланысты рефлекторлық реакция жылдамдығының, баланың оқу материалын игеру қабілетінің нашарлауымен түсіндіріледі. Ол әр нәрсеге алаңдай бастайды, зейін бел­сенділігі кеміп, қабылдауы төмендейді. Осы белгілердің бәрі сол алаңдау кезінде әрекетті өзгерту қажеттігін көрсетеді.
Өз заманында К.Д.Ушинский былай деп жазды: «Баланың аздап қимылдауына мүмкіндік беріңіз, ал ол сізге тағы да ондаған минуттық зейін сыйлайды». Сергіту минуты зейінді, бүкіл организмнің әрекет ету жағдайын қалпына келтіруге бағытталған. Дене жаттығуларын орындау немесе қимыл-қозғалыс ойындары бұлшық ет­тердің ширақ жұмыс істеуін туғызады, ал бұл өз кезегінде қан айналысын жақсартады, сол арқылы жүректің жұмыс іс­теу, тыныс алу интенсивтілігін күшейтеді, симпатикалық жүйке жүйесінің әрекетін, тұтас алғанда миды қанмен қамтамасыз етуді жандандыра түседі. Осылардың бәрі қосылып бала психикасының эмоциялық-жағымды жай-күйін қалпына кел­тіруге, зейінін, ақыл-ой қызметін, жалпы дене жағдайын арттыруға әсер етеді. Шаршағаны басылып, бала тынығады, қайтадан құлшынып сабаққа кіріседі. Сабақтарды жоспарлау кезінде олардың сипатын ескеру керек. Зейін мен ақыл-ойдың өте күшті ширығуын туғызатын есептеу жөніндегі сабақтарды эмоциялық тонусты күшейтетін музыкалық немесе дене шынықтыру сабақтарымен кезектестіру тиімді болады. Әрекетті өзгерту кезінде ба­ланың бірінші сабақ кезіндегі шаршағаны шығады. Сергіту минутын өткізу кезіндегі міндетті шарт таза ауа (фрамуганың, терезенің ашық тұруы, желдетілген бөлме) болып табылады. Сабақ процесіндегі сергіту балалармен сабақ өткізілетін үстелдің жанында отырып немесе түрегеп тұрып өткізілуі мүмкін. Ол бұлшық еттердің жұмысын жандандыратын және көкірек қуысын кеңейтетін кеудені төмен июге, орнында тұрып аяқ басуға құрылған 2-3 жаттығудан тұрады. Бұлардың бәрі 1-2 минуттың ішінде орындалады. Екі сабақтың аралығындағы сергіту қимыл-қозғалыс ойыны немесе жаттығу түрінде өткізілуі мүмкін. Эмоциялық тонусты ерекше күшейтетін ойындардың ішінде секіріп ойнауды, қуып жетуді, ұстап алуды әртүрлі нұсқаларымен пайдалану тиімді болады. Барлық балаларды ширақ қимылға тарта отырып, бұл ойындар қан айналымын күшейтеді, тыныс алуды тереңдетеді, құрсақ қуысындағы, бас сүйегі мен аяқтағы қанның ұю құбылыстарын жоюға көмектеседі. Жаттығулардың ішінде иық, белдеу еттерінің, кеуде, аяқтың негізгі топтарын интенсивті жұмыс істеуге тартатын, тұлғаны түзейтін, жүйке жүйесінің қызметін жандандыратын балаларға таныс жаттығулар қолданылады. Мысалы, қолдарды жоғары көтеру, оларды бұлғау, жан-жаққа созу, төмен түсіру; тартылу, жартылай отыру, отыру, аяқты тізеден бүгу; кеудені жан-жаққа қисайту, алға-төмен иіліп, ізінше бойды тіктеп түзеу, т. б. Жаттығу аяқталысымен, егер ұзаққа созылмайтын қимыл-қозғалыс ойыны өткізілсе, тәрбиеші балаларға немен айналысуы керектігін ескертеді, асықпай өзі орындарын табуды ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет