Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы



бет21/138
Дата29.12.2022
өлшемі0,59 Mb.
#60170
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   138
Тәрбиелік міндеттер. Дене тәрбиесі процесінде кең ауқымды тәрбиелік міндеттерді шешудің маңызы үлкен. Балаларда күн сайын дене жаттықтырумен айналысуға деген қажеттілікті, әдетті қалыптастыру, балалар мекемелерінде, үйде осы жаттығулармен өз бетінше айналыса білуді дамыту, неғұрлым қарапайым жаттығуларды құрдастарымен және біршама кіші жастағы балалармен бірге өткізу қажет. Балаларда спортқа деген сүйіспеншілікті, оның нәтижелеріне, спортшылардың жетістіктеріне деген қызығушылықты тәрбиелеу керек. Дене тәрбиесі процесінде адамгершілік, ақыл-ой, эстетика, еңбек т.б. тәрбиелерді жүзеге асыруға үлкен мүмкіндіктер болады. Дене жаттығуларын орындаған кезде мінездің жақсы жақтарын және адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу үшін, сондай-ақ ерік-жігер қасиеттерінің көрініс беруі үшін жақсы жағдайлар жасалады. Ақыл-ой және дене тәрбиесі өзара тығыз байланысты. Дұрыс дене тәрбиесі жүйке жүйесінің, барлық органдар мен жүйелердің қалыпты қызметі үшін мейілінше қолайлы жағдай туғызады, мұның өзі жақсы қабылдауға және есте сақтауға көмектеседі. Сонымен бірге балаларда тек дене тәрбиесіне ғана қатысты емес, іс-әрекеттің басқа түрлерінен мінез-құлықтары, табиғат және қоғам өмірі құбылыстары жайлы алған білімдері де бекемдене түседі. Балалардың барлық психикалық процестері, сондай-ақ ойлау процестері дамиды. Балаларда алған білімдері мен дағдыларын белсенділік, дербестік, зейінділік, ептілік, тапқырлық көрсете отырып, қимыл-қозғалыс іс-әрекеттерінде шығармашылықпен пайдалана білуді тәрбиелеу қажет. Мектеп жасына дейінгі балаларда сергек, жайдарлы көңілді қамтамасыз ете отырып, жағымды эмоцияларды тәрбиелеу, сондай-ақ жағымсыз психикалық көңіл күйді тез жеңе білуді дамыту өте маңызды. Бұл жағымды эмоциялардың барлық органдармен организм жүйелері жұмысына жақсы әсер ететіндігімен, қимыл-қозғалыс дағдылары қалыптасуының шапшаңдығымен беріктігін қамтамасыз ететіндігімен де қажет. Дене тәрбиесі эстетикалық тәрбиені жүзеге асыруға жақсы жағдай жасайды. Дене жаттығуларын орындау процесінде қимыл-қозғалыстың, дене тұлғасының сұлулығын, әсемдігін, мәнерлігін, костюмдердің, дене шынықтыру жабдықтарының, айнала қоршаған бүкіл ортаның әдемілігін қабылдау, сезіну, түсіну және дұрыс бағалау қабілетін дамытуды қолдап отыру, эстетикалық жағынан лайықты мінез-құлыққа ұмтылысты, әрекеттердегі, сөздердегі, қылықтардағы дөрекілікке төзбеушілікті тәрбиелеу орынды. Дене тәрбиесі процесінде еңбек тәрбиесі жүзеге асырылады. Еңбекке даярлаудың мәні мынада, балаларда қимыл-қозғалыс дағдыларын шапшаң меңгеру қабілеті дамиды және еңбекке қажетті дене қасиеттері тәрбиеленеді. Сонымен бірге балалар бөлмені, балабақша үлескісін жабдықтаумен, дене тәрбиесі құралдарын сабақтар кезінде орын-орнына қоюға және жинауға байланысты еңбек дағдыларын меңгереді. Балалар дене тәрбиесі жабдықтарын күтіп ұстау жөніндегі еңбек дағдыларын бойға сіңіреді: қабырғадағы сатылардың, орындықтардың, тақтайлардың, доптардың, таяқшалардың, шеңберлердің шаңын сүртеді, шаңғылардың қарын тазалайды, оларды май жағып, ысқылайды, орындарына қояды, конькилерді сүртіп жинастырады, шаналардың қарын сілкіп түсіреді, велосипедтің шаңын сүртеді. Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің процесі осы айтылған міндеттердің бәрі бірдей шешілетіндей болып құрылуы тиіс.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет