Сұрақтар мен тапсырмалар Мектеп жасына дейінгі балаларға жан-жақты тәрбие беру жайындағы теорияның дамуына Н.К.Крупскаяның қосқан үлесі қандай?
XVII ғасырдың екінші жартысындағы Епифаний Славинецкийдің балалардың дене тәрбиесі жөнінде айтқан ойларына баға беріңіз.
Ресейде дене тәрбиесінің өзіндік теориясын жасаушы П.Ф.Лесгафт еңбектеріне ашып көрсетіңіз.
Ресейдегі дене шынықтыру білімі негізін салушы ретінде жас ұрпақ дене тәрбиесінің ғылыми негізін қалаушы П.Ф. Лесгафттың ісін жалғастырушылар кімдер? Олардың ой-пікірлері.
Өз кезінде дене тәрбиесі мәселелерін талдап, пікірлерін білдірген орыстың революцияшыл демократтары туралы жан-жақты сипаттаңыз.
Дене тәрбиесі процесінде үйретудің мазмұнын, ұйымдастырылуын, әдістерін жетілдіруге өзіндік үлестерін қосқан орыс педагог-ғалымдары деп кімдерді атар едіңіз? Олардың еңбектері туралы пікір білдіріңіз.
4-дәріс. Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің міндеттері мен құралдары
Дәріс жоспары Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің міндеттері (сауықтыру, білім беру, тәрбиелік)
Дене тәрбиесі құралдары (дене жаттығулары, би, массаж)
Дене тәрбиесі құралдарының организмге тигізетін әсері (гигиеналық факторлар, жаратылыстың табиғи күштері)
Дене жаттығуларына сипаттама (дене жаттығуларының мазмұны мен формасы, дене жаттығуларының техникасы, дене жаттығуларының фазалары, кеңістіктік сипат, бастапқы жағдай, қозғалыс траекториясы)
Дене жаттығуларының жіктелуі. Гимнастика. Қозғалыс ойындары, спорт, туризм
Негізгі әдебиеттер: Кенеман А.В., Хухлаева Д.В. «Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі».
А.Ж.Сисенбердиева «Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі». Оқулық. Алматы. 2011