Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы


Жалпы жұмыс жоспары (жылдық жоспар)



бет116/138
Дата29.12.2022
өлшемі0,59 Mb.
#60170
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   138
Байланысты:
Ìåêòåïêå äåé³íã³ äåíå ò?ðáèåñ³ òåîðèÿñû ìåí ?ä³ñòåìåñ³ ï?í³íåí ä

Жалпы жұмыс жоспары (жылдық жоспар). Бұл жоспарды барлық педагогикалық ұжымның қатысуымен мектепке дейінгі мекеменің меңгерушісі жасайды. «Дене тәрбиесі»- бөлімінде алдағы жылдың негізгі міндеттері көрсетіліп, атқарылатын жұмыстарға дайындық, оларды өткізуге қажетті шаралар алдын ала белгіленеді. Мысалы, балаларды шаңғы тебуге, жүзуге, т. б.-ға үйрету міндеті қойылады. Осыған орай, шаңғы және шомылу костюмдерін сатып алу, шаңғымен жүретін орындарды белгілеу, хауыздарды жабдықтау жұмыстары да белгіленеді. Тәрбиешілерді (әдебиеттер оқу, үйрету әдістерін талдау т. т.), балаларды (оларда қажетті дене қасиеттерін дамыту), ата-аналарды (әдебиеттерді оқу, костюмдер сатып алу т.б.) даярлау. Жоспарда тәрбиешілердің мамандығын арттыруды қарастыру маңызды: дене тәрбиесі бойынша нақты мәселелерді зерттеу және оларды педагогикалық кеңестерде талқылау, үйірмелерде, семинарларда, әдістемелік бірлестікте, балабақшаның жұмыс тәжірибесін талдап қорыту, баяндама дайындау, педагогикалық оқуларда сөйлеу. Бұдан басқа қабырға газеттерін, ата-аналар бұрышын, спорт мерекелерін пайдалана отырып дене тәрбиесін насихаттау жөніндегі шаралар белгіленеді. Жоспарда тәрбиешілердің, музыка жетекшілерінің, мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлерінің денсаулық жағдайын, дене күшінің дамуын, дене дайындығын жақсарту жөніндегі жұмыс формалары (спорт секцияларындағы жалпы дене әзірлігі топтарындағы сабақтар, дене жаттығуларымен өз бетінше айналысу, т.б.) көрсетілуі тиіс. Жұмыстың жалпы жоспары педагогикалық кеңесте талқыланып бекітіледі. Жоспарлау кезінде жағдайларды (бөлменің, алаңның мөлшері, дене тәрбиесі жабдықтарының, ойыншықтардың, атрибуттардың болуы), сондай-ақ климаттық-метеорологиялық факторларды ескеру қажет. Көктемде, жазда, күзде құралдарды (секіру үшін құмы бар шұңқыр, жүруге арналған бөрене, өрмелеуге арналған кішкене қоршау) және үлкен кеңістікті (қашықтыққа лақтыру, жүгірумен қозғалыс ойындары т.б.) пайдалана отырып, алаңда өткізуге тиімді жаттығуларды жоспарлау қажет. Бір жасқа аяқ басқан балалар үшін шартсыз рефлекстерді табандық-саусақтарды бүгу, жазу, шалқалап, рефлекторлы еңбектеу, тірек реакциясы, мойынмен, етпетімен, шалқасынан, бүйіріне жату; массаждың бірнеше түрлері (қолды, аяқты, жауырынды, ішті сипалау, аяқты, өкшені, қарынды ысқылау; жауырынның, аяқтың еттерін қимылға келтіру, жауы­рынды шапалақтау т. б.), сонымен қатар белсенді-енжар және енжар жалпы дамыту жаттығуларының аттарын жазу керек. Жалпы дамыту жаттығуларын жоспарлағанда алдымен иық белдеу мен қолдың бұлшық еттеріне арналған жаттығуларды, содан кейін жауырынның, іштің, аяқтың еттеріне арналған жаттығуларды жазу керек. Өз тобына арналған бағдарламаны белгілеп алғаннан кейін тәрбиеші жаттығуларды әр айдың аптасына бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет