Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы



бет117/138
Дата29.12.2022
өлшемі0,59 Mb.
#60170
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   138
Байланысты:
Ìåêòåïêå äåé³íã³ äåíå ò?ðáèåñ³ òåîðèÿñû ìåí ?ä³ñòåìåñ³ ï?í³íåí ä

Апталық жоспар. Бір жылдық жоспар негізінде апталық жоспар жасалады. Жоспарда әр күнге дене тәрбиесі жұмысының барлық түрлері (сенбі, жексенбіні қоса отырып) таңертеңнен кешке дейін тек мектепке дейінгі орындарда ғана емес, сонымен бірге баланың үйге келген кездегі уақыты да қаралады. Тәрбиеші «Tаңертең» деген бағанда сол күні пайдаланылатын дене жаттығуларын және оған қажетті дене шынықтыру құрал-жабдықтарын жазады. Оның үстіне, сабаққа қатысатын балалардың аттарын, сабақтың негізгі мақсаттарын көрсетеді. Бұл графада балалар үйде ұйқыдан кейін орындайтын жаттығу кешендерінің нөмірін белгілеуге болады. «Eртеңгілік гимнастика» бағанында кешен нөмірі көрсетілуі керек. Тәрбиеші дене тәрбиесі жұмысын бір аптаға белгілі бір жүйелілікпен жоспарлайды. Алғашқыда екі дене шынықтыру сабақтарының мазмұны мен міндеттерін анықтайды. Содан кейін шағын топтармен және жеке-жеке өткізілетін сабақтардың мазмұны мен міндеттерін, таңертеңгі және кешкі серуендер кезінде өткізілетін қимыл-қозғалыс ойындарының аттары мен міндеттерін жазады. Бұдан кейін кешкі және ертеңгілік жұмыстардың мазмұны анықталып, ертеңгілік гимнастиканың кешендері жасалады. Мұндай жүйелілік жұмыстың барлық формаларының өзара байланыстылығын қарауға, дене тәрбиесі міндеттерін шешу үшін оларды неғұрлым дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, іс-әрекеттің алуан түрлерінен алынған білімдерді, дағдыларды сабақтар процесінде ойдағыдай бекітуге бо­лады. Дене тәрбиесі бойынша жүргізілген жұмысты басқа іс-әрекет түрлерімен байланыстыра отырып, жүзеге асыру керек. Мысалы, қимыл-қозғалыс ойындарында математикалық көзқарастарын кеңейту мақсатында жүргізілген сабақ бойынша жан-жануарлар туралы білімдері немесе қозғалыс бағыты жайлы (жоғары, төмен, алға, артқа) ойлары, т. б. тексеріледі. Күнтізбелік жоспар негізінде бір аптаға жоспар-конспектілер (сабақтар, ертеңгілік гимнастика, қимыл-қозғалыс ойындары т. б.) жасалады.
Дене шынықтыру сабағының жоспар-конспектісі
Сабақ жоспарын құрудың бірнеше нұсқасы қолданылып жүр
1-нұсқа (дәстүрлі нұсқа)
Сабақ атауы
Тақырыбы
Топ
Өткізілетін күні
Өткізілетін уақыты
Өткізілетін орны
Құрал-жабдықтар (ойыншықтар, атрибуттар, дене шынықтыру құралдары)
Қолданылатын әдіс-тәсілдер, оқыту технологиялары
Сабақтың мақсат, міндеттері
Сабақтың барысы
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім


2-нұсқа (ҚР-дың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 2009-2010 оқу жылының басталуы туралы ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ-тан алынған)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет