Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы



бет118/138
Дата29.12.2022
өлшемі0,59 Mb.
#60170
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   138
Байланысты:
Ìåêòåïêå äåé³íã³ äåíå ò?ðáèåñ³ òåîðèÿñû ìåí ?ä³ñòåìåñ³ ï?í³íåí ä

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Тақырыбы
Топ атауы
Өткізілетін күні
Өткізілетін уақыты
Өткізілетін орны
Балалардың саны (балалар және қыздар)
Балалардың киімі мен аяқ киімі
Құрал-жабдықтар (ойыншықтар, атрибуттар, дене шынықтыру құралдары)
Қолданылатын әдіс-тәсілдер, оқыту технологиялары
Сабақтың мақсат, міндеттері

Сабақтың барысы



Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті



Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық







Ұйымдастыру-іздестіру







Рефлексивті-түзетушілік







Күтілетін нәтиже:


Нені біледі:
Қандай түсініктерді игерді:
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:


3-нұсқа


Сабақтың мазмұны және оны жүргізу әдістемесі форма бойынша жазылады (А.В.Кенеман, Д.В.Хухлаева)
Сабақ атауы
Тақырыбы
Топ
Өткізілетін күні
Өткізілетін уақыты
Өткізілетін орны
Құрал-жабдықтар (ойыншықтар, атрибуттар, дене шынықтыру құралдары)
Қолданылатын әдіс-тәсілдер, оқыту технологиялары
Сабақтың мақсат, міндеттері



Сабақ
бөлімдері

Мазмұны
(жаттығулар)

Мөлшерлеу

Қарқын

Тыныс алу

Ұйымдастыру
(әдістемелік нұсқау)

Ескертулар






















Міндет көрсетілгенде сабақтың негізгі бөліміне ғана қатысты міндеттер қарастырылады. Оларды қысқа әрі нақты тұжырымдау керек. Мысалы, егер жаңа жаттығу-лақтыру қосылатын болса, онда міндет: «Oң қолмен қашықтыққа лақтыруды үйрену»,- деп жазылады (қалыпты жағдай). Бұл жағдайда жақша ішінде берілген сабақта қозғалыс техникасының қай элементтеріне көңіл аудару қажет екені көрсетіледі. Жаттығулардың негізгі элементтерінің техникасын үйренгеннен кейін ғана балалардың қозғалыс дағдылары нығайтылады. Онда міндет: «0ң қолмен қашықтыққа лақтыру дағдыларын үйреніп нығайту» («Kім алысқа лақтырады»),- деп жазылады. Егер дағды ойын формасында бекитін болса, жақша ішінде қимыл-қозғалыс ойынының аты көрсетіледі. Дене шынықтыру сабақтарында барлық дене қасиеттері (ептілік, шапшаңдық, күш, төзімділік, серіппелік, көзбен мөлшерлегіштік, тепе-теңдік, т.б.) одан әрі дамытылады, бірақ бұл үшін жаттығулар мен ойындардың әрқайсысына өзіндік жүргізу әдістемесі, ерекше жағдайлар қажет етіледі. Әдеттегідей, бір сабақтарда көп мөлшерде қандай да бір дене қасиеті дамиды, сондықтан сол қасиетке (мысалы, ептілік) баса назар аударылады, осыған орай дене жаттығуларын жүргізудің әдістемелері ойластырылады және жағдай жасалады. Бұл жағдайда міндет: «Eптілікті дамыту» («JIенталармен ұстау) немесе «Жылдамдықты дамыту» («Ұстап алу»),- деп жазылады. Сабақ процесінде басты міндеттермен қатар, жоспар-конспектіде белгіленбеген өзге де міндеттер шешіледі. Алайда, қажетті жағдайда оларды былайша жазуға болады. Мысалы, «Иық тірестіре сап түзеуді үйрену» (сабақтың кіріспе бөлімі) және басқалары.


Сабақтың міндетін анықтап болғаннан кейін дене жаттығуларын іріктеп алу керек: алғашқыда сабақтың негізгі, сосын кіріспе және қорытынды бөлімі, өйткені сабақтың бұл бөлімдері үшін жаттығуларды іріктеу негізгі бөлімнің мазмұнына байланысты.
Сабақтың міндетін анықтап, оның мазмұнын белгілеп алғаннан кейін негізгі бөлімнен бастап әр жаттығуды жүргізу әдістемесін және басқаларды ұйымдастыруды нақтылы ойластыру керек. Мұны, әсіресе, сабақтың болатын кезіне дәл балалардың даму барысындағы өзгерістер мен жетістіктерді ескере отырып жасау керек.
«Cабақ бөлімдері» бағанында сабақ бөлімдерінің (кіріспе, негізгі, қорытынды) аттары жазылады.
«Mазмұндар» бағанында сабақта берілгендей рет-ретімен дене жаттығуларының барлық түрлері көрсетіледі. Егер сабаққа қимыл-қозғалыс ойындары қосылған болса, оның аты және оған кіретін дене жаттығулары көрсетіледі. Дене шынықтыру сабағына (бірінші жылы) шартсыз рефлекстер, массаж, жай жаттығулар кіретін болса, онда жоспар-конспектіде олардың аттары жазылады. Жалпы дамытатын жаттығулар гимнастикада қабылданған ереже бойынша жүргізіледі. Нақты жазу уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.
«Mөлшерлеу» бағанында қайталанатын жаттығулар олардың уақыты, жүру, жүгіру, қашықтығы көрсетіледі. «Қарқын» бағанында орындалатын жаттығулардың (баяу, тез) жылдамдығы көрсетіледі; егер жаттығу орташа қарқынмен орындалатын болса, онда «орташа» сөзі жазылмайды. «Tыныс алу» бағанында дене жаттығуларын орындау кезіндегі дем шығару сәті мен тыныс алу сипаты белгіленеді.
«Ұйымдастыру-әдістемелік нұсқаулар» бағанында балаларды ұйымдастыру, балалар мен тәрбиешілерді орналастыру, дене шынықтыру құралдарының орналасуы ашып көрсетіліп, әрбір жаттығуды жүргізу әдістемесіне ұсыныстар беріледі. Оның үстіне барлық анықтамалар; түсініктемелер, көрсеткіштер, бұйрықтар, жарлықтар, есеп, көру сигналдары түгелдей жазылады. Бұл бағанда сабақ уақытында балалар мен тәрбиешінің отырған орнын көрсететін суреттер және сызықпен түсірілген бейнелер де берілуі мүмкін. Тәрбиешінің тәжірибесі неғұрлым аз болған сайын, бұл бағана соғұрлым толық толтырылады. Жұмысты алғаш бастаған тәрбиешіге дене жаттығуларын оқыту әдістемесін толық жазып алған пайдалы. Мұнымен барлық қайталау жаттығуларының көрсеткіштері, түсініктемелері ойластырылып жазылады. Мысалы, денені жалпы дамытатын жаттығулар бірнеше қайталанады, тәрбиеші қайталағанда балаларға қандай нұсқаулар беру керек екенін жазып отырады. Егер қимыл-қозғалыс ойындары төрт рет қайталанса, онда ойындарды қайталауда қандай анықтама берілетіні жазылады. Егер тәрбиешінің тәжірибесі жеткілікті болса, онда ол са­бақ барысын ойластыра отырып, ең қажетті әдістемелік кезеңдерді қысқаша жазып отырады.
«Eскертулер» бағанында сабақ жүргізуге дейінгі болатын өзгерістерді алдын ала көрсету керек. Мысалы, ауа температурасының өзгеруіне байланысты жұмыс мөлшерінің азаюы немесе көбеюі дене шынықтыру сабағын жүргізгеннен кейін осы сабақ барысында болған өзгерістерді жазу, олардың қандай себептермен болғанын көрсетіп, ескертулерді тіркеу және келесі сабаққа жоспар-конспекті құрастырғанда ескеретін жағдайларды көрсету керек. Ашық сабақтардың жоспар-конспектісін әдіскер немесе балабақшаның меңгерушісі, дәрігер, музыка жетекшісі қарайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет