Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы



бет92/138
Дата29.12.2022
өлшемі0,59 Mb.
#60170
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   138
Байланысты:
Ìåêòåïêå äåé³íã³ äåíå ò?ðáèåñ³ òåîðèÿñû ìåí ?ä³ñòåìåñ³ ï?í³íåí ä

Балаларға қойылатын талаптарды күрделендіру. 2 жасар балаларды үйрету кезінде қарапайым жаттығулар пайдаланылады. Бұл кезде қимылдар үйлесімі дамуының жеткіліксіздігі және сәбилердің қимыл актілерін бөлшектей алмайтындығы ескеріледі. Ойын әдістерін, бейнелі жаттығуларды қолдану, балалардың қимылдарды тәрбиешімен бір мезгілде орындауы неғұрлым тиімді болады.
3 жасар балалар кейбір қимылдарды жасау тәжірибесіне ие болады, түсіндіргенді тыңдап, көрсеткен қимылдарды бақылай алады, оларды жеткілікті дәрежеде қайталайды. Бұл жаттығулар көлемін ұлғайтуға, олардың түрлерін
4 жасар бала жеткілікті дәрежеде тұрақты назар аудара алады, қимылдарды орындауға қойылатын талапты түсінеді, дербестікке ұмтылады, өз әрекеттерінің нәтижелеріне қызығады. Осы өзгерістерді ескере отырып, жаттығуларды күрделендіруге, атқарылатын ауыртпалықты ұлғайтуға, тұлғаны неғұрлым дұрыс қалыптастыруға талап қоюға, бар затқа бағдарлау кезінде кеңістік терминологиясын қолдану арқылы көрнекі әдісті және ауызша айтып үйрету әдісін пайдалануға, үлкен дербес әрекеттер жасау мүмкіндігін беруге болады. 5 жасар балаларда қимыл дәлдігі, үйлесімі, сенімділігі жүйелі түрде қалыптасады. Оқу міндетін түсіну, орындаудың өте жақсы сапасына ұмтылу тұлғаның қалыптасуына, қимылдың дәлдігіне, мақсаттылығына, дербестікке қойылатын та­лапты күшейтуге мүмкіндік береді. Атқарылатын ауыртпалық, орындалу қарқыны, үлгіні дәл қайталауға, кеңістік тер­минологиясын пайдалану арқылы ауызша берілетін нұсқау бойынша жаттығуларды орындауға қойылатын талап өседі.
6 жасар балалар жақсы қалыптасқан тұлғасын, қимыл-қозғалыс дағдыларының мол қорын, өзін-өзі бақылау және қимыл сапасына дұрыс баға беру қабілетін игереді. Олар ауыз­ша берілетін нұсқауды дұрыс қабылдайды, қимылды дәл, сенімді қайталайды, кеңістік терминологиясын пайдалана отырып (жалаушаны жоғары көтеру керек, одан кейін олар­ды оңға-төмен түсіру, тағы да жоғары көтеру және солға-төмен түсіру керек), олардың орындалу процесін түсіндіреді. Балалар шығармашылық тапсырмаларды қызу қабылдайды, өзгертеді.
Заттарды пайдалану. Денені жалпы дамытатын жаттығуларды балалар көбіне, заттармен - таяқшалармен, жалаушалармен, құрсаулармен, ленталармен, жіптермен, сырықтармен, шарлармен және с. с. орындайды. Бұлардан да басқа заттарда - гимнастикалық қабырғада, отырғышта, орындықта, бөренеде, заттардың - гимнастикалық қабырғаның, дуалдың үстінде орындайды. Әртүрлі заттар балалар үшін пайдалы бір ғана жаттығуды бірнеше рет қайталауға, оларға деген балалардың қызығушылығын сақтауға мүмкіндік береді (Mысалы, балалар екі қолының аралығын иықтан кең етіп көтеріп төмен түсіретін жаттығу құрсаумен, таяқпен, лентамен жалаушалармен және т. б. орындалады). Оның үстіне зат тапсырманың әбден нақтылы болуына көмектеседі, қимыл неғұрлым дәл жасалады (мысалы, жоғары көтерілген таяқ қолдың көтерілген кездегі қажетті шекараны айқындайды және баланың өзіне-өзі бақылауын дамытуға көмектеседі). Затпен жаттығуды бірнеше рет қайталау одан әрі жаттығуды затсыз орындау кезінде сақталатын дұрыс бұлшық ет тонусын қалыптастыруға көмектеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет