Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы



бет97/138
Дата29.12.2022
өлшемі0,59 Mb.
#60170
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   138
Байланысты:
Ìåêòåïêå äåé³íã³ äåíå ò?ðáèåñ³ òåîðèÿñû ìåí ?ä³ñòåìåñ³ ï?í³íåí ä

Сұрақтар мен тапсырмалар



  1. Ойын - дене тәрбиесі құралы екендігін дәлелдеңіз.

  2. Қимыл-қозғалыс ойындарына сипаттама беріңіз.

  3. Қимыл-қозғалыс ойындарының теориясы мен әдістемесі. Қимыл-қозғалыс ойындарының негізін салған ғалымдар (Ф.Лесгафт, Н.И.Пирогов, Е.Н.Водовозова, П.Ф.Каптеров, Е.А.Аркин т.б.) туралы не айтасыз?

  4. Дене тәрбиесіндегі ойындардың жіктелуі туралы не айтар едіңіз?

  5. Ұлттық қимыл-қозғалыс ойындары туралы жан-жақты сипаттама беріңіз.

  6. Қимыл-қозғалыс ойындарын басқару әдістемесі дегенді қалай түсінесіз?

  7. Қимыл-қозғалыс ойындарын түрлі жас топтарында жүргізудегі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасының мазмұны. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларына ойын бойынша талдау жүргізу.



14-дәріс. Спорттық жаттығулар


Дәріс жоспары:

  1. Спорттық жаттығуларға жалпы сипаттама

  2. Спорттық жаттығулардың әдістемесі (шаңғы, коньки, шығыршықты коньки, шана, велосипед, самокаттар және спортроллер, жүзу, әткеншек, тербелме, карусель)



Негізгі әдебиеттер:

  1. Кенеман А.В., Хухлаева Д.В. «Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі».

  2. А.Ж.Сисенбердиева «Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі». Оқулық. Алматы. 2011

  3. Уанбаев Е.К. «Дене тәрбиесінің негіздері». Алматы. Санат. 2000

  4. «Балалар бақшасындағы дене тәрбиесі». Осокина. 1982. Мектеп

Қосымша әдебиеттер:

  1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік бағдарламасы, 2016 жыл

  2. Жұмабекова Ф.Н. «Мектепке дейінгі педагогика» Астана, 2008

  3. ЖМББС «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»



Cпорттық жаттығулардың жалпы сипаттамасы. Біздің елімізде спортты дамытуға зор көңіл бөлінеді. Cпортшылардың жоғары жетістіктері адамдардың дене шынықтыру жаттығуларының әртүрлі салаларына қатысуының бұқаралық сипатының нәтижесі. Ғылыми негізделген әдістеме бойынша жүргізілетін мұндай жұмыстар процесінде спорттық нәтижелер ғана өсіп қоймайды, сонымен бірге денсаулық сақтауда, біздің қоғамымыз үшін маңызды адамгершілік қасиеттерін, дене мен ақыл-ой қабілеттерін дамытуда жоғары көрсеткіштерге жетеді. Мектепке дейінгі жаста техниканы дұрыс игеру негізі, дене қасиеттерін жетілдіру, сондай-ақ моральдық-ерік қалыптасуы игеріледі, олар дене шынықтыру жаттығулары және спорттың сан алуан түрлерімен одан әрі ойдағыдай айналысуға мүмкіндік береді. «Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламаларында» (бұдан былай «бағдарлама») шаңғы, шана, велосипед, самокат, спортроллер, тербеткіш, әткеншек, карусель тебу, сондай-ақ жүзу тәрізді спорттық жаттығулар көзделген. Бұлардың бәрі бұлшық еттердің негізгі топтарын нығайтуға, сүйек, жүрек-қан тамыр, тыныс алу, жүйке жүйелерін дамытуға жағдай жасайды, сондай-ақ шынықтыруға көмектеседі. Оның үстіне жаттығулар процесінде дене қасиеттері: ептілік, шапшаңдық, көзбен мөлшерлеу, тепе-теңдік, күш, төзімділік дамиды. Табиғи жағдайда жаттығу жасау балалардың бойында жағымды эмоциялар туғызады, ал бала­лар шаршағанын сезбей жаттығуларды ұзақ уақыт орындайды. Ұжым болып айналысу, әсіресе, балабақша аумағынан тыс жерде серуендеу саналы тәртіптілікке, жолдастық өзара көмекке және т.б. тәрбиелеуге көмектеседі. Паркте, орманда, өзенде айналысу табиғат сұлулығын ба­лалардың жақыннан көруіне мүмкіндік жасайды, эстетикалық сезімін оятады. Дене шынықтыру жабдықтарын күтіп ұстау балаларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа үйретеді, еңбек сүйгіштігін қалыптастырады. Спорттық жаттығулармен айналысу таңертеңгілік (сабақтан кейін) және кешкі (бесін мезгіліндегі тамақтан соң) мезгілде балалар таза ауада болып, келгеннен кейін ұйымдастырылады. Бұл жаттығулар барлық топта бір мезгілде, шағын топпен және жеке жүргізіледі. Балалар жаттығуларды дұрыс орындау техникасын меңгерген және тәрбиешінің көмегі мен сақтандыруы қажет болмай қалған кезде өз бетінше велосипед, шана, әткеншек және т. б. тебуіне рұқсат етіледі.
Шаңғы. Балаларды шаңғы тебуге үйрету әдістемесін М.П.Голощекина талдап жасаған. Шаңғымен жүру - сүйек аппаратына және бұлшық еттердің барлық топтарына, оның ішінде тұлғаны дұрыс қалыптастыруға көмектесетін жоғары үдемелі циклді қозғалыс. Шаңғы тебумен жүйелі түрде айналысу табанның дұрыс қалыптасуына көмектеседі, жүрек-қан тамыр, тыныс алу, жүйке жүйелерін нығайтады, барлық негізгі дене қасиеттерін ептілік, шапшаңдық, көзбен мөлшерлеу, тепе-теңдік сақтау, күш, төзімділік дамытуға көмектеседі.
Жаттығуға дайындық. Балаларды шаңғымен жүруге үйретуге дайындық алдын ала жүргізіледі. Балабақшаның әдіскері әдебиеттерді іріктеп алады және оны тәрбиешілерге ұсынады. Бағдарламада шаңғымен жүруге 3-4 жастан бастап үйрету көзделеді. Бағдарламаның дене шынықтырудан ұйымдастырылатын оқу іс-әрекетінің спорттық жаттығулар бойынша мазмұнына 3-4 жаста шаңғыларды киіп, шешу, оларды орнына қою, түзу шаңғы жолында аттап басу және сырғанау адымдарымен жүру; 4-5 жаста бірінің артынан бірі сырғанап алға жылжу, қиылысқан бос жерлермен жүру, оңға және солға қарай жүріп бұрылу, алға қарай, жартылай шырша (тура және қиғаш) сияқты аттап төбешікке шығу; 5-6 жаста бірінің артынан бірі сырғанай кезектескен адыммен алға жылжу, қиылысқан бос жерлермен жүру, байыпты қарқынмен 0,5-1 км жерге шаңғымен жүріп өту, бір орында тұрып айналып оңға, солға аттау, екі жаққа шеңбер жасап тұру, тіке аяқты алға шырша, жартылай шырша сияқты тастап төбешікке шығу, аласа тіреу бойымен төмен түсу, өз еріктерімен шаңғы алып, орнына қою, киіп, қайта шешу, қолдың астына алып жүру тапсырмалары ұсынылған. Егер балабақшада жағдай жақсы болса және балалар ата-аналарының басшылығымен бірқатар тәжірибе алса, онда жаттығуды балалардың кішкентай көзінен бастап жүргізуге болады. Ата-аналарды өз балаларын үйретуге белсенді түрде қатыстыру үшін тәрбиешілер жиналыстарда балалар үшін шаңғыны, таяқты таңдап алу, шаңғының аяқ киімге бекіткіші, киім мен аяқ киімге қойылатын талап жөнінде шаңғыны сақтау, күтіп ұстау туралы әңгімелейді. Бұған қоса ата-аналарға шаңғымен жүрудің әртүрлі әдістерінің техникасы, бұрылыстар, төбеге көтерілу және одан төмен қарай сырғанау, тежеу және әртүрлі жастағы балаларды оған үйрету әдістемесі туралы айту тиімді болады. Ересектер балаларға үлгі болуы үшін ата-аналарға балаларды шаңғымен жүруге үйрету жөніндегі және өздерінің дағдыларын жетілдіру жөніндегі әдебиеттер ұсынылады. Тәрбиешілер ата-аналарға балаларды шаңғымен жүруге қашан, қай жерде үйрету дұрыс екендігі жайлы кеңес беруі керек.
Yйрету әдістемесі. Тәрбиеші әрбір жаттығудың нақты міндетін тұжырымдай отырып, жаттығуды үйретудің бүкіл кезеңіне жоспарлайды. Нақ үйрету алдында ол жаттығудың мазмұнын, мөлшерін, қарқынын, сондай-ақ жаттығуды өткізу әдістемесіне нұсқауды нақтылайды. Балаларды шаңғымен жүруге үйрету алдында әңгіме өткізілуі керек, әңгімелесу кезінде жаттығудың маңызы, олар үшін арнаулы киім мен аяқ киім туралы түсінікті етіп айту қажет. Бұған қоса, балаларға шаңғымен жүрудің бұрылу, өрлеу, тө­мен карай жылжу әдістерінің қайсысына үйретілетіні, шаңғы­мен қай жаққа серуендеу ұйымдастырылатыны айтылуы ке­рек. Алғашқы сабақта тәрбиеші балаларға шаңғы мен таяқтың бойға қарай таңдалатынын түсіндіреді: егер шаңғы тігінен қойылса, ол баланың жоғары көтерген қолының ұшына жетуі, таяқ қолтыққа жетуі керек (балалар осы сәйкестікті тексереді). Одан әрі тәрбиеші балаларды шаңғыны сақтау әдісімен таныстырады: серуеннен кейін шаңғылар қардан тазартылады, олардың арасына таяныш қойылады және тігінен қойып жиналады. Одан кейін балаларды шаңғыны әр түрлі әдістермен: иыққа салып, қолтыққа қысып және қолға ұстап алып жүруге, онан соң шаңғыны кию мен шешуге үйретеді. Әуелі тәрбиеші бұлардың қалай жасалатынын көрсетеді және түсіндіреді, содан кейін балалар өз беттерімен бірнеше рет қайталап жасайды. Шаңғы тебуге үйрету белгілі бір жүйелілікпен жүргізіледі. Әуелі таяқсыз адымдап және сырғанап жүруге үйретеді. Одан кейін бұрылуға, тежеуге, сондай-ақ төбеге шығуға, одан төмен қарай сырғанауға үйретіледі. Одан әрі екі аяқты алма-кезек адымдауға және бір мезгілде адымдамай таяқтармен жылжуға үйретіледі. Шаңғымен адымдап жүру арқылы таяқсыз жылжу тепе-теңдікті сақтауды, қол мен аяқтың қимылын үйлестіруді дамытуды және балаларды неғұрлым күрделі шеберлікті игеруге дайындайды. Таяқтарды орынсыз пайдалану балалар­ды оларға «асылып жүруге» үйретеді. Ең алдымен балаларды Шаңғышының тік тұру қалпына, яғни шаңғы тебудің бастапқы тұру қалпына үйрету ке­рек. Одан кейін шаңғымен және шаңғысыз дайындық жаттығуын жүргізу керек, мысалы, адымдап жүруді орындау қимылмен көрсету, сондай-ақ аяқты шаңғымен алма-кезек көтеру, қапталға қарай аяқ басу және т. б. Адымдап жүру - шаңғымен жүрудің ең қарапайым әдісі. Бұл әдіс тегіс жердегі борпылдақ қарда және төбеге көтерілу кезінде қолданылады. Балаларға үйрету процесінде дене салмағын бір аяқтан екінші аяққа кезек ауыстыру, біртіндеп адымды ұзарту қажет екенін ескерту керек. Тәрбиеші жаттығуды қалай орындау керектігін көрсетеді және түсіндіреді, содан кейін тапсырма береді: белгіленген жерге дейін тиісті мөлшерде бірнеше адым (8-10) жасап жету. Адымдап жүру кезінде дағдыны қалыптастыру үшін («Mаған келіңдер», «Mені қуып жетіңдер» және басқа) қимыл-қозғалыс ойындары жүргізіледі. Сырғанай адымдау-шаңғымен жүрудің неғұрлым күрделі әдісі. Сырғанай адымдауды қалай орындау қажеттігін көрсете және түсіндіре отырып, тәрбиеші аяқты тізеден бүгу және дене салмағын ілгері қарай жылжыған аяққа салу керек екендігін атап айтады. Балаларды аяқтарын бүгуге үйрету үшін оларға тізені бүгіп отыру және шаңғының екі таяғынан жасалған «қақпашыдан» өту ұсынылады, ал адымды неғұрлым кең аттау үшін қолдарын артына салып, тірек еткен аяққа қарай иіліп жылжуға тапсырма беріледі. Бұған қоса жолдың белгілі бір бөлімінде жасалатын адым санының аз болуы, адымды ұзарта түсіп, бір затқа дейін сырғанау, дене ауырлығын бір аяқтан екінші аяққа ауыстыруды үдете отырып, баяу қарқынмен сыр­ғанау ұсынылады. Күшті серпілісті қалыптастыру үшін балаларды қозғалыс бағытына қарай біршама (15-20о) бұрыш жасап серпіліп, шағын еңістен шаңғымен жылжуға жаттықтыру керек, мұндай жағдайда шаңғы ішкі қабырғаны тірек етіп, серпіліс күшейеді. Шапшаңдықты дамыту үшін 25-30 м аралықты мүмкіндігінше тезірек жүріп өтуге тапсырма беріледі. Бала сырғанай адымдауды меңгерген соң оны екі аяқпен бірдей сырғанаумен, сондай-ақ адымдап жүрумен ауыстыра алады. Балалар шаңғымен сенімді түрде жүруді үйренген кезде (шамамен 6 жастан бастап) оларға таяқ беріледі. Таяқты тіреп серпілу жүріп келе жатқанда үлкен жылдамдыққа жетуге көмектеседі, ал бұл өз кезегінде балаларға жағымды эмоциялық ықпал жасайды. Әуелі балаларға таяқты орта белден ұстап жүру ұсынылады. Одан кейін таяқты алға қарай көп оздырмай және оларды кең ашпай адымдап жүруге үйретіледі. Алма-кезек адымдап жүру - шаңғымен жүруде үйлесімі жөнінен күрделі жылжу. Бұл орайда кәдімгі жүріс кезіндегідей қол мен аяқтың қозғалысы кезектеседі: оң аяқпен - сол қол. Таяқты ілгері қарай апарғанда қол шынтақтан сәл ғана бүгіледі, ал серпілу аяқталған кезде ол толық түзуленеді. Жылжудың жоғарыда көрсетілген әдістерін балалар игергеннен кейін адымдамай таяқпен жүруге болады. Бала жеңіл сырғанау үшін еңістен төмен қарай жылжытылған шаңғымен жылжу өте қолайлы болады. Yйрету процесінде балалардың серпіліс кезінде кеудемен алға қарай ширақ ұмтылуын бақылау керек. Бұл үшін бір орында тұрып (шаңғысыз және шаңғымен) серпілісті қайталап жасайтын жаттығу өткізу қажет. Мектеп жасына дейінгі балалар тиісті жағдай жасалса балабақшада, отбасында сырғанаудың, жотаға көтерілудің және одан төмен сырғанаудың, тежеудің негізгі әдістерін оңай игереді. Жаттығуды 15-40 минуттан аптасына 2-3 рет жасау ұсынылады. Yйрету кезінде көрсету және түсіндіру әдісі пайдаланылады. Бұған қоса шаңғымен жүру техникасы туралы түсінікті анықтауға суреттерді көру, әңгіме өткізу және т. б. көмектеседі. Шаңғымен жүру дағдысын қалыптастыру үшін қимыл-қозғалыс ойындары өткізіледі. Мысалы, ересектер тобының балалары үшін: «Қаншалық алыс болса, соншалық жақсы», «Шығыр», «Kім бұрын бұрылады?», «Oрмандағы карусель», «Kөтер». Мектепке даярлық тобында мына ойындарды өткізу пайдалы: «Kең адымда», «Eң шапшаң кім», «Қуып жет», «Қарама-қарсы эстафета», «Tиіп кетпе» сияқты ойындар ұсынылады. Сондай-ақ, балабақша аумағынан тысқары жерге (паркке, стадионға, орманға) серуендеу де пайдалы. Серуеннің уақыты бірте-бірте 30 минуттан 1-1,5 сағатқа ұзартылады. Балабақшада игерген дағдыларын ата-аналарының басшылығымен балалардың демалыс күндері нығайта түсуі маңызды.
Коньки. Балаларды коньки тебуге үйрету әдістемесін Л.Н.Пустинникова талдап жасаған. Конькимен сырғанау бұлшық еттердің негізгі топтарын, әсіресе, аяқтың бұлшық еттерін дамытады, жүрек-қан тамыр, тыныс алу жүйесін күшейтеді, организмді шынықтырады, зат алмасуды жақсартады, дене қасиетін (шапшаңдық, ептілік, тепе-теңдік, көзбен мөлшерлеу, төзімділік), сондай-ақ ерік-жігер қасиетін (батылдық, табандылық және т.б.) қалыптастыруға көмектеседі.
Yйрету әдістемесі.Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде балаларды алғашқы тұру қалпын дұрыс ұстай білуге («конькишінің орнығуы»), екпіндеп жүгіруге және екі аяқты кезек тіреп оң аяқпен және сол аяқпен сырғанауға, оңға және солға бұрыла білуге, тежеуге және тоқтауға, конькилі ботинканы киюге, конькиді, ботинканы, киімді күтіп ұстауға үйрету керек. Мектеп жасына дейінгі балалар мұздың үстінде сырғанауды және мәнерлеп тебудің қарапайым әлементтерін орындауды өте ерте (шамамен 3-4 жасынан бастап) үйрене алады. Бірақ балабақша жағдайында кішкентайлар тобындағы балаларға коньки тебуге үйретуді ұйымдастыру қиын болады, өйткені олардың тізе, тобық буындары өте әлсіз және жарақаттану қаупін болдырмау үшін білікті басшылық талап етіледі, кішкентай балалар ересектердің көмегінсіз ботинканы кие алмайды және оның бауын өткізіп байлай алмайды, сондықтан балабақшада коньки тебуді үйрету 5-6 жастағы балалармен жүргізіледі. Балалардың жалпы дене дайындығы қаншалық жақсы болса, олар қозғалыстың бұл түрін соншалық тез игереді. Yйрету процесінде аяқтың, атап айтқанда табанның бұлшық еттерін күшейтетін, сондай-ақ тепе-теңдік, ептілік, көзбен мөлшерлеу т. б. сияқты дене қасиетін жетілдіруге көмектесетін дене жаттықтырулары үлкен орын алады. Осы мақсатпен кішкентай­лар тобының өзінде-ақ мұзды жолдармен немесе қатты тығыздалған қардың үстімен конькисіз сырғанау өткізіледі. Балалар әуелі ересектердің көмегімен, кейін өз беттерінше сырғанайды. Мектеп жасына дейінгі ересек балалар тура жолмен сырғанап, сонымен бір мезгілде әртүрлі тапсырмаларды орындай алады (отыру және қайтадан тіктену т.б.), сондай-ақ биіктен төмен сырғанай алады. Бөлмеде конькисіз және конькимен өткізілетін дайындық жаттығуға зор көңіл бөлінеді. Бұл жаттығулар тепе-теңдікті дамытады, аяқ-табан, тізе, сан, жамбас буындарын нығайтады, сондай-ақ қозғалыс техникасын игеруді жеңілдетеді. Одан әрі жаттығу балалар бақшасы аумағында қардың және мұздың үстінде өткізіледі. Конькимен жүруге үйрету кезінде әртүрлі: көрсету, түсіндіру, сондай-ақ көмектесу әдістерін қолданылады. Кресло-шананы, арнаулы орындықты пайдалануға болады, солардан ұстап, балалар мұздың үстімен сырғанайды. Әйтседе, соңғы бағдарламаларда («Алғашқы қадам» , «Зерек бала», «біз мектепке барамыз». -Астана, 2009) мектепке дейінгі дене шынықтырудан ұйымдастырылатын оқу іс-әрекетінің мазмұнына конькимен жұмыс енгізілмеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет