Мектепке дейінгі жастағы баланың күн тәртібін ұйымдастырудағы үлкендердің ролі


Мектепке дейінгі жаста күн тәртібі 6 құрамдас бөлікке бөлінеді



бет4/6
Дата06.09.2023
өлшемі2,72 Mb.
#106357
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Мектепке дейінгі жаста күн тәртібі 6 құрамдас бөлікке бөлінеді.

  • Өз бетінше істейтін іс-әрекеті (ойындар, еңбек, сабаққа дайындалу, серуендеу, жеке басының гигиенасы және т.б)

  • Тамақ қабылдау

  • Сабақтар

  • Үзілістер

  • Серуендер

  • Ұйқы

Күн тәртібінде мына талаптарды ескерген жөн:

  • Негізінен балалардың жас ерекшеліктерін ескеру.

  • Жасына қарай қимылдарының күрделенуі, жаңа қимылды ойындарды енгізу, ойын уақыты ұзарып, үлкендер тарапынан қарым-қатынастың өзгеруі. Жоғары жүйке ерекшеліктерін ескеру (ми клеткаларының жұмысқа қабілеттілігі, ұйқысы мен сергектігі).

  • Баланың денсаулығы, психикалық даму дәрежесі және қарым-қатынас жасау мүмкіндігін ескеру.

  • Ауа райының жағдайын, жыл мезгілдерін ескеру.

  • Күн тәртібінің тұрақтылығын және ата-аналарының жұмыс істейтін мерзімін ескеру.



Күн тәртібін ұйымдастыру, оның бала тәрбиесіндегі маңызы.
Балалардың өсіп, дамуы нәрестелік, бөбектік, сәбилік шақтағы балалардың күн тәртібін жасауда жүйке клеткаларының жұмыс істеу қабілетін ескеру (ойнату, сергіту, тамақтандыру, серуендету мерзімін), жүйке қызметін қалпына келтіру үшін ұйықтау мерзімін анықтау, тамақтану уақытын тұрақтандыру, бұл шақта бала жүйкесінің жұмыс істеу қабілеті өзгеріп отырады (жаңа туған бала тәуліктің көп уақытын ұйқымен өткізсе, 2-3 айлық бала 1,5 сағатқа дейін ұйқысыз жата алады, 1 жаста 3-3,5 сағат бойы сергек күйде болады, 3 жаста 5,5-6 сағат, мектеп жасына дейінгі кезеңде 6-7 сағатқа дейін ұзарады).
Серуен
Таза ауада болу – баланың денсаулығын нығайтады және организмді шынықтырады, танымдық мүмкіндіктері мен қимыл-қозғалыстарын арттырады.
Бала күнделікті қандай болмасын ауа райында 4-5 сағат серуендеуі керек. Жыл мезгілі ауысуына байланысты серуен уақытының өзгеріп отыруы да мүмкін. Әр серуенде балаңызбен бірге қандай іспен айналысатындарыңызды міндетті түрде жоспарлаңыз. Дұрыс ұйымдастырылған серуен – қимыл-қозғалыс және спорттық ойындарды, дене жаттығуларын қолдануды, бақылау, еңбек, өздігінен іс-әрекетпен айналысу және т.б. көрсетеді.
Баланы әр серуеннен оралған соң өздігінен шешініп, жуынып-шайынуға үйрету керек. Жылдың әр мезгіліне, әр түрлі температураға байланысты бала киіміне мән беріңіз.
Тамақтану.
Баланың қалыпты дұрыс дамуы тамақтануына байланысты екендігін ұмытпаңыз.
Ең бастысы – уақытында, мөлшерімен, 4-5 рет тамақтануды дұрыс ұйымдастыра білу.
Мүмкіндігінше тамақ түрін өзгертіп отырған жөн болады. Баланың үйлесімді дамуы және зат алмасуы қалыпты жүруі үшін тамақтың құрамында организмді энергиямен толықтырушы қажетті элементтер болып саналатын көмір, май, белоктардың жеткілікті болғанына назар аударыңыз. Бала тағамының құрамында сүттен даярланатын тағамдардың болуы міндетті (қаймақ, ірімшік, айран т.б.)
Ең бастысы баланы күштеп, зорлықпен тамақтандырмау керек, керісінше өзінің тамақтануға тілегі пайда болу үшін жағдай жасау керек. Бала тамақтан ұшынып қалмау үшін біркелкі санитарлық-гигиеналық ұсыныстар:

  • тамақты тек сапалы өнімдерден әзірлеу;

  • тамақты даярлау технологиясын сақтау;

  • тез бұзылатын және даяр тамақты дұрыс сақтау;

  • арнайы ас бөлмесінің ыдыстарының болуы;

  • гигиенаны сақтау;

  • ас бөлмесін үнемі таза ұстау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет