Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың ТҮрлері әдістемелік ұсыныс түсіндірме жазба



бет4/6
Дата03.12.2023
өлшемі45,53 Kb.
#132995
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
МДҰ ата аналармен жүрг әдісиемелік нұсқау

ҚОРЫТЫНДЫ

Мектепке дейінгі білім беру саласының жүйелі мемлекеттік қолдау табуы және балалардың мектепке дейінгі оқу бағдарламаларымен 100% қамтуға кезеңмен көшу жағдайында мектепке дейінгі ұйым мен тәрбиеленушілер ата- аналары арасындағы өзара бірлескен әрекеттестікте ұйымдастыруда жаңашыл әдістерді табу ерекше рөл атқарады. Сондықтан, балабақша мен отбасы арасындағы байланыстың негізінде бала дамуында мектепке дейінгі ұйымның маңызды рөл атқаратыны туралы идеясы жатыр: бұл жерде бала алғашқы білім алады, басқа балалар мен үлкен кісілермен қарым-қатынас жасау дағдыларын иеленеді, өзінің жеке іс-әрекетін ұйымдастыруға үйренеді. Алайда, бала осы дағдыларды қаншалықты тиімді пайдаланады, ол отбасының мектепке дейінгі ұйымға қатынасына байланысты болады. Бала дамуындағы отбасылық тәрбие отбасы мен балабақшаның арасындағы өзара ықпалдастықтың маңыздылығын айқындайды. Педагогтер мен ата-аналар арасындағы байланыстың жаңа түрлеріне жабық балабақша аясында көшу мүмкін емес: ол ата-аналарды балабақшаның білім беру процесіне қатыстыруды қамтитын бірінші кезектегі міндеттер қатарындағы ашық жүйе болуы тиіс. Сонымен, педагогтердің ата-аналармен байланысы – бұл бала тәрбиесі бойынша бірлескен қызметке бағытталған педагогтер мен ата-аналардың оңтайлы эмоциялық жағдайы. Балабақшаның отбасымен жұмыстың басым бағыттарының қатарына енген интерактивтік, ізденушілік, ойын технологияларының негізін құрайтын бірлескен әрекет түрлері дұрыс таңдалған жағдайда отбасы мен балабақшаның ықпалдастығы тіптен табысты болады. Ата-аналармен жұмыстың әртүрлі түрлерін пайдалану баланың жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашуға, балаларды әлеуметтік-мәдени нормаларға, мемлекет және қоғам, отбасылық құндылықтарға қатыстыруға ықпал етеді.




ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
1. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, ҚР Президентінің 2016 жылғы
1 наурыздағы № 205 Жарлығы;
2. Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 ҚРҮҚ;
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы, ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы;
4. Нургалиева Р.Н. Филосовский словарь – Алматы: Ана тілі - 423 стр.
5. Беспалова А.И., Исханова У.К : Семейное право – Алма-Ата, 1984;
6. Миклякова Н.В. Создание условий эффективного взаимодействия с семьей. Москва 2006г.;
7. Доронова Д.Н., Глушкова Г.В. Вместе с семьей. Москва 2005 г.;
8. Солодянкина О.В. Сотрудничество дошкольного учреждения с семьей. Москва 2004 г.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет