Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологиялар оқу қызметінің сапасын арттырудың негізі



бет1/2
Дата08.03.2023
өлшемі21,05 Kb.
#72539
  1   2
Байланысты:
Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологиялар баяндама


+-

Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологиялар – оқу қызметінің сапасын арттырудың негізі
Ермухаметова Ардак Жумагелдиевна
Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы «Балдаурен» бөбекжай – балабақшасы КМКҚ ardak_ermuhametova@mail.ru

Қазақстан өз тарихында жаңару мен жаңғыру кезеңдерін бастан өткеріп жатыр. Бүгінде білім саласына жаңа реформалар енгізу бүкіл әлем елдерінде ең өзекті мәселелердің бірі болуда. Өйткені әлем елдерінің арасында экономикалық бәсекеге қабілеттілік, әлеуметтік және экологиялық әл – ауқат, өмір бойы өркендеу атты оқытудың үш артықшылығы басты назарда тұр. Қазақстанда білім беру жүйесіне интеграциялануы, оның жоғары білім беру жүйесінде дамыған елдердегі кәсіби маман даярлау жетістіктеріне терең ғылыми талдау жасау қажеттілігін талап етіп отыр.
Дүние жүзінің көптеген елдеріндегі сияқты, Қазақстан Республикасында да қазіргі кезде білім беру жүйесін реформалау жүзеге асырылуда, ЮНЕСКО – ның жүйелеуі бойынша бұл реформа екінші типті реформалар қатарына жатады.
Біздің елімізде білім беру жүйесін жаңғырту үш басты бағыт бойынша жүзеге асуда. Біріншісі, білім беру мекемелерін оңтайландыру; екіншісі, оқу тәрбие үдерісін жаңғырту; үшіншісі, білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру. Күнделікті болып жатқан жаңалықтар, өзгерістер өмірдің барлық саласына өзінің әсерін тигізеді. Біздің де өз жұмысымызда өзгерістерді енгізуді талап етеді.
Біздің, еліміздің болашағы – біздің алдармыздағы отырған балалар. Оларға қандай білім беріп, тәрбиелейміз – біздің елдің тағдыры, болашағы сондай болмақ. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі ұйым педагогтарына қойылатын талап өте зор. Осы талаптарға біз сын көзбен қарауымыз қажет. Ұйымдастырылған оқу қызметіндидактикалық мақсатқа, қызметті ұйымдастыру мақсатына, мазмұны мен әдістеріне, тәрбие – білім прцесінің негізгі кезеңдеріне, шешілетін дидактикалық міндеттерге, оқыту әдістеріне, балалардың оқу іс – қызмтені ұйымдастыру әдістеріне байланысты жіктеледі.
Ұйымдастырылған оқу қызметін дәстүрлі емес формаларын, атап айтқанда ойын, ересек топтарда пікірталасты қолдану – бұл оқудағы күшті ынталандыру, бұл әр түрлі және күшті мотивация. Осындай оқу қызметтері арқылы танымдық қызығушылықтың дамуы әлдеқайда белсенді және тезірек жүреді, ішінара бала өз табиғаты бойынша ойнағанды ұнататындықтан, тағы бір себебі – ойынның мотивтері әдеттегі оқу іс – әрекетіне қарағанда әлдеқайда көп.
Заманауи оқу қызметінің тиімділігін анықтау мақсатында оны дәстүрлі оқу қызметімен салыстырудың көптеген жолдарын қарастырып көрейік.
Біріншіден: оқу қызметі үш – төрт баладан мазмұнды суреттер арқылы тілдерін дамытудан басталады.
Екіншіден: тәрбиеші жаңа тақырыпты түсіндіреді. Балалар жаңа тақырып бойынша бір немесе бірнеше тапсырма орындайды;
Үшіншіден: оқу қызметінің ресми бөлігі – мұнда тәрбиеші балалармен жеке жұмыстар жасайды.
Төртіншіден: тілдері нашар дамыған балалардан сұралмай қалуы да мүмкін, өйткені олардың ойларын толық жеткізу үшін бағалы минуттар қажет.
Бесіншіден: сол оқу қызметінде өз ойын айтқысы келген балалардың ойлары айтылмаған күйінде қала береді. Мүмкін олардың ойын жеткізуіне, сабаққа қатысуына тәрбиешінің мақсатқа жетуде жасаған жұмысының аздығы болуы мүмкін.
Бұл жағдаят біздің дәстүрлі оқу қызметтерінің көлеңкелі жері деуге болады. Осындай кемшіл тұстар болмауы үшін заманауи үлгідегі оқу қызметтерін қолдау, балабақша өміріне енгізу бірден – бір тиімді жол болып отыр.
Ендігі заманауи ұйымдастырылған оқу қызметтерінің бізге берері не екеніне тоқталып өтсек:

  • Бала барынша сөйлеуге тырысады;

  • Тәрбиеші балаға қызметтін қызықты болатындай етіп ұйымдастырады;

  • Бала ойын ойнау арқылы, өз жұмысына өзі баға береді.

  • Бала бір ғана тақырыпты ғана қамтымай, тұжырым жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет