Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологиялар оқу қызметінің сапасын арттырудың негізі



бет1/2
Дата14.09.2022
өлшемі25,52 Kb.
#39075
  1   2
Байланысты:
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану Ардақ





Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологиялар – оқу қызметінің сапасын арттырудың негізі
Ермухаметова Ардак Жумагелдиевна
Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы «Балдаурен» бөбекжай – балабақшасы КМКҚ ardak_ermuhametova@mail.ru

Қазіргі таңда мектепке дейінгі орындарда инновациялық технологияны ендіруге көптеп күш жұмсалады. Сол себепті мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтардың негізгі міндеті: әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау,жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу,жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Мектепке дейінгі білім беру орындарында, педагогикалық технологиялар мектепке дейінгі білім беру стандартын жүзеге асыруға бағытталған.


Педагогикалық технологияда ең маңызды жағы білім беру мен тәрбие жүйесінде ересектер мен балалардың қарым-қатынасы болып табылады. Қарым-қатынас жасауда үлкендер жағынан балаға мынадай жағдай туғызу қажет: «Бала біздің болашағымыз, қоғамыздың азаматы».
Оның мақсаты: Баланы жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Қазіргі таңдағы білім беру технологиясының қатарына мыналар кіреді:
1.Оқыту технологиялары
2.Денсаулық сақтау технологиясы
2.В.Воскововичтің дамытушы ойындары
4.Ойын технологиясы
5. Тәй-тәй технологиясы
6. М.Монтессори әдіс-тәсілдері
7. «Фридрих Фребель сыйы» дамытушы орталығы
Ал технологиялық білім дегеніміз - білім, біліктілік, интелектуалдық кәсіптік әдіс -тәсілдерді қолдану. Жаңа технология бойынша білімді үнемі бүгінгі жас ұрпақ тәрбиеленушілерге меңгертіп отырсақ,балалардың жаңаша көзқарас үрдісі дамиды.
Білім берудің алғашқы деңгейі балабақшадан басталады. Біз күнделікті оқу іс-әрекеттерін Тәй-тәй технологиясының элементтерін пайдалана отырып,орталықтарға бөліп ұйымдастырамыз, бұл технологияның тиімділігі балалардың қай салаға жақын екендігі айқындалып, ата-анамен байланыс нығаяды. Сонымен қатар түрлендіріп қойылым ойындарын көптеп қолданамыз,бұл ойынның мақсаты бала белгілі – бір бейнені орындай отырып,өзіне деген сенімділік пайда болады. Баланың жан-жақты дамуында дамытушы ортаның маңызы зор. Монтессори технологиясын қолдану арқылы балалардың қол маторикасын дамытып өз беттерінше жұмыстар атқарып, қиыншылықтарды жеңе білуге, еркін ойлауға тәрбиелейміз. Кез-келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық психологиялық, педагогикалық шеберлікті, бала дүниетанымын терең танып, ұғына білуді мақсат етеді. Жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану және оны ұйымдастыруға ақпарат құралдары да, талапқа сай болу қажет.
Қазіргі таңда ешбір жас ұрпақ білімсіз болып қалмауы тиіс. Міне, жаңа технологияның тиімділігі баланың жан-жақты құзіреттілігін дамытып, білімді ұрпақ тәрбиелейді. Әрбір технологияның өзіндік ерекшелігі бар.Бала толыққанды жетіліп, ата – анамен байланыс күшейеді. Жаңа технологиялар бала бойына білімге әуестік,білім құмарлыққа баулуы тиіс. Білім беру үрдсіндегі алға қойылған басты мақсат баланың білім беру мазмұнын толықтырып, жаңаша көзқараста, жаңа технология бағытында жұмыс жүргізіп, баланың өмірін жаңаша ортада, жаңа бағытпен ұйымдастыру.
Бала құзіреттілігінің белсенді дамуы балабақшадан бастау алады. Бұл бастаманың негізгі міндеті балаларды заман талабына сай, әлемді шынайы қабылдауға дайындау. Болашақта балалар өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, шешім қабылдауы тиіс. Ендеше баланың ойлау қабілетін жан-жақты дамыту мен шығармашылық ізденіс дағдыларын үйренейік, үйретейік. Өйткені оқыту технологиясы педагогикалық үрдістің сапасын жетілдіруді талап етеді.
Денсаулық сақтау технологиясы.
Денсаулық сақтау технологиясының мақсаты: Баланың денсаулығын нығайтуға, білім дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары, баланың денсаулығы мен оның дене бітімінің қалыптасыуна үлкен үлес қосады.
Қазіргі таңда адамдардың даму жағдайында оның денсаулығын қалыптастыруда реттік жүйесіздік мүмкін емес.
Денсаулық сақтау педагогикалық технологиясы мына төмендегілермен тығыз байланыста болады:
-Мектепке дейінгі мекемелермен.
-Ондағы балалардың күнделікті қатынасуы.
-Тәрбиешілердің жұмыс бағдарламасы.
-Мектепке дейінгі ұйымдардағы іс-шаралар.
-Педагогтың кәсібі құзіреттілігі.
-Балалардың денсаулық көрсетілімі.
Денсаулық сақтау технологиясы мынадай топтарға жіктеледі:
Әдістемелік-профилактикалық: медбикенің жетекшілігі мен медициналық талаптардың нормасына байланысты. Медициналық құралдарды қолдану және балалардың тамақтануын қадағалау, алдын алу іс-шараларын жүргізу.
Сауықтыру-шынықтыру: бұл балалардың денсаулығын нығайтып, шынықтыруға бағыттау. Физикалық дамуының сапасын жақсардтуда шынықтыру, тыныс алу жаттығулары жатады.
Денсаулық сақтау технологиясына сенсорлық дамыту ортасын ендіру.
Жобалау шығармашылық технологиясы.
Тақырыбы:
Мақсаты: Қазақ халқының көне салт – дәстүрлерінің мағнасын терең зерттеп, оның бала тәрбиесіндегі алатын орнын айқындау, ұрпаққа дәріптеу. Ұлттық сана сезімі қалыптасқан, халқымыздың әдет – ғұрыптарын түсіне алатын жан – жақты дамыған, ұлтжандылық қасиеттері қалыптасқан тұлғаны тәрбиелеу. Тәрбиешілер өз іс әрекеттерінде жобалау технологиясын қолданады.
Жобалау классификациясы «Ойын түрінде» барлық топтар мен ата – аналардың қатысуымен өткізіледі.
(ойындар, ұлттық билер, ұлттық ойындар, драматизациялау, әр түрлі ұлттық ертегілерді сахналау) 

М. Монтессори педагогикалық технологияларын балабақшамызда ендіру, Қазақстан 30 дамыған елдердің қатарына кіруге бетбұрыс жасап отырған сәтте, ерікті, өз басының қадір - қасиетін сезетін, дербес, қабылданған шешімдеріне жауапкершілікпен қарауға қабілетті адамдардың пайда болуын қажет етіп отыр. Мұндай адамды тәрбиелеп шығару үшін, қазіргі заманның сұранысына жоғарғы дәрежеде жауап беретін бағдарламаны, жеке тұлғаны тәрбиелейтін технологияны табуы керек. Осыған байланысты біздің балабақшаның педагогтарының аса қызығушылығын туғызып отырған емін - еркін тәрбиелеу ұжымының практикалық тиімділігінің тамаша көрінісі болып табылатын М. Монтессори тәрбиелеу мен оқыту жүйесі болып отыр, бұнда басты назар бала болса, ал ересек адам – баланы жеке тұлға етіп тәрбилеуде кәсіби көмекші әрі бақылаушы есебінде болады. М. Монтессоридің педагогикалық жүйесі көпшіліктің есебі бойынша әлемдегі ең үздік 10 педагогиканың бірі болса, көптеген мемлекеттерде ең таңдаулы педагогика болып есептеледі. М. Монтессори жүйесінің ең басты принципі: әрбір бала жеке жоспар бойынша арнайы дайындалған ортада жеке өз бетінше дамиды, жетіледі, ал негізгі ұраны: «Мен өзім жасауыма көмектес». Ересек адамның атқаратын қызметі; әрбір балаға жеке даму жолын тауып беріп, олардың табиғи қабілеттерін ашу; М. Монтессоридің жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі: ересектер дамитын орта, дидактикалық құралдар.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет