Монтессори технологиясының мақсаты: Балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу.
Өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру.
Балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкін діктер беру.
Монтессори педагогтың міндеті: Балаға өз жұмысын басқаруға көмектесу.
Негізгі түстерді айыра білуге үйрету.
Ұсақ моториканы дамыту.
Алғашқы математикалық, ғарыштық түсініктерді қалыптастыру.
Зейінін тұрақтандыру.
Тәртіпке үйрету.
Негізгі сабақ түрлері: Материалдармен жұмыстың жеке көрсетілімі.
Топтық сабақ
Жаңа ұғымдар туралы сабақ.
Монтессори әдістемесінің принциптері: Автор баланың жан – жақты дамуы үшін ең алдыменмыналар қажет деді:
Баланың білім алуы мен танып білуіне жағдай жасалған арнайы орта ;
Монтессори педагогикасының негізгі принципі: Баланы өз – өзін тәрбиелеуге, оқытуға дамытуға ынталандыру.
«Маған өзім істеуге көмектес».Монтессори топтарында балалар арнайы әзірленген қоршаған орта- Монтессори материалдары көмегімен өздігінен оқиды. Монтессори материалдарында өзін –өзі бақылау мүмкіндіктері қамтылған, бала өз қателіктерін өзі көріп, өзі соған бейімделеді.
Монтессори сатылары: Монтессори әдісінде үш сатылы оқыту түсінігі бар. Балалардың жаңа білім алып, сөздік қорын толтыру үшін осы әдіс сабақта қолданылады.
I cаты – білім алу сатысы. Бұл жерде балаға жаңадан білім беріледі. Тәрбиеші балаға белгілі бір заттың түсі, қасиеті туралы түсініктер береді.
cаты – практикалық білім алу сатысы. Бұл кезде бала іс жүзінде білім алады. Тәжірибе арқылы I-сатыда алған білімдерін пысықтайды.
cаты – тексеру сатысы. Бұл сатыда жаңа сөздер белcенді емес сөздік қордан белсенді сөздік қорға айналады. Ескеретін бір нәрсе, тәрбиеші баланың біліміне сенімсіз болса, онда бұл сынақтар жүргізілмейді