Мектепке дейінгі ұйымдарда М. Монтессори технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері



бет1/6
Дата13.04.2023
өлшемі24,98 Kb.
#82032
  1   2   3   4   5   6

Мектепке дейінгі ұйымдарда М.Монтессори технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері

Бала дүниеге келгеннен бастап өзін-өзі дамытуға және жеке адам ретінде қалыптасуға қабілетті. Оның ішкі жан дүниесінде ерекше күш бар, ал үлкендердің міндеті сол энергияның жұмсалуына жағдай жасау. М.Монтессори


Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру реформасының негізгі мақсаты – баланың жеке басын үйлесімді дамыту, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға баулу арқылы оның мүдделерін қанағаттандыру мен баланың жеке басының құндылықтарын дамыта отырып оқытуға көшу болып табылады.


Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласында заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз ету де соншалықты орын алады. Қоғамда қабылданған адам құқығы мен еркіндігі жүйесіндегі ең маңыздысы – білім алу. Дене мүшелерінің немесе ойлау қабілетінің жетіспеушілігіне байланысты баланы бұл құқықтан айыруға жол берілмейді. Барша баланың білім алу құқығы халықаралық құжаттармен бекітілген және Қазақстан Республикасының заңнама актілерінде көрініс тауып, Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілген.
Осыған орай, Қарақия ауданы Құрық аулындағы МКҚК «Айгөлек» балабақшасында 2014 жылы маусым айынан бастап мектеп жасына дейінгі балаларды түзету мен дамыту үдерістерін іске асыру мақсатында Монтессори тобы ашылды. Балабақшадан екі тәрбиеші Ж.Джумагазиева және Р.Медетова Алматы қаласындағы «Монтессори класс» оқыту орталығына Орталық Еуразия қорының қолдауымен және ТОО «ERSAI» компаниясының қаржылай көмегімен оқуға барып, өз біліктілігімізді көтеріп келдік. Монтессори технологиясы тек мүмкіндігі шектеулі балаларды ғана емес, сонымен қатар толыққанды балаларды да тәрбиелеуге болады. Ұсынылып отырған Монтессори технологиясы баланың өз мүмкіндіктерін, қабілеттіліктері мен қажеттіліктерін түсінуі арқылы тұлғалық даралануын қамтамасыз ете отырып, балаларды жан – жақты дамытуға, олардың танымдық қызығушылықтарын қанағаттандыруға және потенциалдық мүмкіндіктерін ашуға бағытталған. Қазіргі кезде Монтессори технологиясын дүние жүзіндегі көптеген балалар мекемелері қолданады. М.Монтессори жүйесі 146 мемлекетте қолданылады.Монтессоридің ілімі мен жүйесі әр түрлі балалар мекемелерінде: балалар үйі, мектептер, балабақшалар, балалар оңалту орталықтарында кеңінен қолданыла бастады. ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағытты дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа мән – мағыналы, өнегелі тәрбиемен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі. Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой – өрісінің кеңейюі балабақша қабырғасында басталатыны сөзсіз. Қай кезеңде болмасын балабақшада Монтессори әдісі еш уақытта орнын жоғалтқан емес. Бала табиғатында білуге құмар, тумысынан – ақ өсуге, жетілуге ұмтылысы басым. Сондықтан да қарқынмен дамып бара жатқан мына заманда балабақшадағы педагогтардың ұлттық қалып, ұлттық мінезді сақтай отырып, бала тәрбиесінің әдістерін тынбай ізденіп, жиі жаңартып отыруы заңдылық. Мектепке дейінгі жастағы балаларға жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдалана отырып, жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет