5.2. Табиғат бұрышындағы өсімдіктерді күтіп баптау ерекшеліктері Тропиктік ормандар мен шалшықтарда өсетін: бегония, бальзамин, фикус, традесканция; шөл даланың төзімді өсімдіктері: амараллис, кливия, кринум, алоэ, филлокактус, хлорофитуум; кейбір субтропиктік өсімдіктер: герань, аспидистра - тірі табиғат мүйісіне жақсы бейімделіп кетеді. Бөлмеде өсетін бұл өсімдіктер үйдің ішін көріктендіреді, сонымен бірге білімдік және тәрбиелік міндеттерді іске асыруға өте қолайлы. Бөлме өсімдіктері арқылы балалар өсімдіктермен жалпы танысады, бағып-күтеді, оларды түптеп және қайта отырғызу арқылы еңбекке дағдыланады. Өсімдіктер объектілерді бейнелейтін дидактикалық ойындар үшін де пайдаланылады.
Өсімдіктерді суару. Өсімдіктер қысқы тыныштықтан соң (өсуіне қарай) күн ара әбден суаруды қажет етеді. Егер су астына өтіп, тұғырықты ылғалдандырып жіберсе, оның мол құйылғаны болып есептеледі. Өсуінің аяқталуымен (күзде) суды сирек құяды. Суды көп құйса, топырақ иістеніп, тамыры шіріп, өсімдік өліп қалуы мүмкін. Құрған, жылы орында тұрған өсімдіктерді салқын, ылғалды жердегіден гөрі жиірек, бұлтты және салқын күндері ашық күндегіден азырақ суару керек. Кішкене горшоктағы өсімдікті үлкен горшоктағыдан гөрі жиі суарады, ал гүлдегендері гүлдемей тұрғандарға қарағанда жиі суарылады. Баданалы өсімдіктердің жуашығына су тимеуі үшін ыдыстың суын ғана құяды, өсімдіктердің жапырақтары түсіп, жым-жырт тұрған кезінде суарудың қажеті жоқ. Көктемде және жазда кешкісін, ал күз бен қыста ертенгісін суарған жөн. Өсімдіктерді өте ыстықта ертеңгісін және кешкісін суару керек. Бөлменің температурасындай өзен, жаңбыр немесе құбыр суымен суаруға болады. Бұл ретте қайнаған суды пайдалануға болмайды. Тропиктік өсімдіктерді жылы сумен (20-25° C) суарады. Суарғанда су құйғыштың тұмсығы горшоктың ернеуіне тиіп тұруы тиіс.
Өсімдіктерді жуу. Өсімдіктерді аптасына бір рет жуып тұру керек. Ол үшін горшокты бос тегенеге қояды; өсімдікті жылы сумен шайып, оның әр жапырағын жұмсақ шүберекпен сүртеді. Мысалы, фикустың қалың қабақты жапырақтарын сабынды сумен жуады, бірақ бұл арада сабын көпіршігі горшоктағы топыраққа тимеуі тиіс.
Бұрку. Тропиктік және қалың қабықты жапыраққа өсімдіктерді көктемде және жазда бөлме температурасындай сумен су бүріккіш немесе тесігі ұсақ су құйғышпен күнбе-күн бүркіп тұрады. Жапырақтарында түгі бар өсімдіктерге су бүркуге болмайды, олардың шаңын жұмсақ қылқаламмен алып тұру керек.
Өсімдіктерді күтіп-баптауға арналған құралдар. Сыйымдылығы 40-50 мл. 2 су сепкіш (лейка); өсімдіктерге су бүркуге арналған пульверизатор; кураган жапырақтары мен гүлдерін қиюға арналған қайшы; топырақты қопсытатын ұшы үшкір ағаш таяқша; бөлме өсімдіктері үшін рейкадан жасалған тіреу (ені - 48-20см, биіктігі - 4-5см, кез келген ұзындықта); бөлме өсімдіктеріне арналған көлемі әр түрлі горшоктар; горшоктарды қоятын тұғырық; өсімдікті отырғызатын; көлемі: 20 х 12 х 8см - 4 жәшік; 30х15х8см - 6 жәшік; 40х20х12см - 2 жәшік; себілген өсімдікке су бүркетін кішкене 2 сыпырғыш.
Әр жас топтарында өсімдіктерді таңдап алу орналастыру. Кіші мен ортанғы топтарының табиғат мүйісі үшін күрделі күтімді керек етпейтін, гүлдейтін (герань, үнемі гүлдеп тұратын бегония), жапырақтары қалқандай әрі балалардың жуып алуына ыңғайлы (фикус, аспидистра) және салыстыру үшін жапырақтары кішкентай (лигуструм, традесканция) өсімдіктерді алу керек. Ересектер топтарында балалар формасы әр түрлі сабактармен, жапырақтармен, гүлдермен танысады, өсімдіктердің өсуіндегі өзгерістерді бақылайды. Ересек топтардың табиғат мүйістеріндегі өсімдіктер мынадай, яғни салыстырған кезде балалар олардың тек айырмашылықтарын ғана емес, сонымен бірге ұқсас белгілерін де (аймақтық герань, хош иісті герань) ажырата алатын болуы керек, сол сияқты аса күрделі күтімді талап ететін (пияз текті өсімдіктер, рекс бегониясы, узамбар фиалкасы) және оңай бұтақтанатын (фиксия, традесканция, колеус) өсімдіктер болуы керек.
Өсімдіктер үшін топырақ дайындау. Бөлме өсімдіктерін егу мен отырғызуга арналған топырақты күзде дайындайды. Өсімдіктер үшін қара қоймалжынданған қарашірік көң мен торф батпағының биік орындарынан алынған торфтық ең құнарлы заттар болып табылады. Ең жақсысы - жапырақ топырағы, оны ағаштың түскен жапырақтарының 4-5 см төменгі қабатынан алу керек. Шым топырақ, көп қолданылады, Оны шөп жағымен бір-біріне беттестіріп қойған, қалыңдығы 5-6 см шым бөліктерінен әзірлейді, ал бір жылдан соң 1-2 см түйіршіктерге күрекпен бөлгіштейді. Горшокқа тығыздап салу үшін әдетте топырақтың әр түрлі қосындылары қолданылады. Қосындының құрамы өсімдіктердің түрлеріне байланысты. Бөлме өсімдіктерінің көбісі шамалы құм араластырылган әдеттігі бақша топырағында жақсы өседі.
Өсімдіктерді көшіріп отырғызу. Өсімдіктерді көктемде көшіріп отырғызған жақсы. Өсімдіктерді көшіріп отырғызбас бұрын топыраққа су түгел сінуі үшін жақсылап суарған жөн. Содан кейін горшокты оң қолға алады да өсімдіктің сабағын сол қолдың сұқ және ортаңғы саусақтарының арасымен төмен түсіреді, горшокты аударып, ептеп үстелдің шетіне соғады. Топырақ түйірі әдетте оңай шығады. Горшоқтан өсімдікті шығарып алып, оның тамырын тексереді. Егер тамыры онша көп болмаса және олар топыраққа шырматылып жатпаса, онда өсімдікті сол горшоққа қайта отырғызады. Егер топырақ түйірі тамырлармен тым шырматылып жатқанымен дұрыс болса, онда бұл өсімдікті үлкенірек горшоққа отырғызуға болады (көлемі бұрынғы горшок, оған тығызырақ сыйып тұратындай горшоқ алынады), Горшоктардың жаңа болғаны жақсы. Ескісін алуға да болады, бірақ жылы сумен жақсылап жуылған және қыздырылған болуы керек. Тамырларды ескі топырақтан босату үшін кесек түйіршіктерді үшкір шыбықпен ептеп қопсытады. Егер шіріп кеткен болса, ескі топырақты түгелдей жуады да, тамырдың бүлінген бөлігін өткір пышақпен кесіп тастайды (кесілген жерге көмір ұнтағын сеуіп қояды). Қажетті горшоқты таңдап алып, оның тесігін ағаштың сынығымен бітеп, түбіне аздап ірі құм, соншама топырақ себеді, өйткені, өсімдіктің сабағы горшоқтың ернеуінен төмен болуы керек. Түйіршік пен горшоқтың арасына топырақ себеді. Өсімдікті суарады; су барлық түйіршіріп отырғызуга болмайды. Сынған горшоқты көктемге дейін басқа горшоқтың ішіне салып, екі горшоқтың бос арасына құм сеуіп қою керек.
Өсімдіктерді гүлбақшадан әкелу. Күзде табиғат мүйісін гүлбақшадан қазып алынған өсімдіктермен толықтырған жақсы. Гүл горшоктарында қайта отыуғызылған өсімдіктер бөлмеде ұзақ уақыт гүлдеп тұрады. Гүлбақшада калған өсімдіктерді үйде өскен өсімдіктермен салыстыру ересектер тобындағы балалардың жылылық пен суықтың өсімдіктер тіршілігіне тигізер әсерін бақылап білуіне көмектеседі. Бөлмеге әкелуге белгіленген өсімдіктерді онда пайда болған қауызын (лобелиясын қырқады) алып тастау арқылы жазда гүлдеуге дейін жеткізбей қояды. Бөлмеде ұстау үшін өсірілетін левкойды (түрлі-түсті гүлді өсімдік) гүлзарда, горшоқтарда өсіреді. Бөлмеде сондай-ақ лобелияны, үкікөзді, қалампырды ұстауға болады.
Ағаштар мен бұталардың бұтақтарын бөлмеге әкеліп қою. Жапырақтары түскеннен кейін 3-4 айдан соң ағаштар мен бұталардың ұзындығы бір метрдей бұтақтарын кесіп алып, суға салған кезде ол бұтақтар қайтадан тіріледі; бүршіктері ісінеді, жапырақтары, ал кейбірінің гүлдер мен тұқымдары пайда болады. Кесілген талдың, ырғайдың, қайыңның, теректің, орман жаңғағының, мойылдың және жеміс ағаштарының жапырақтары мен гүлдерін қыста алу үшін, оларды суға салып қою керек. Кейбір өсімдіктердің (қызыл талдың, теректің, қарақаттың) бұтақтарында тамырлар пайда болады. Мұндай бұтақтарды балабақшада жер учаскесіне отырғызуға болады.
Баданалы өсімдіктерді көктетіп өсіру. Қызғалдақтардың сүмбілдердің, нарцистердің жуашығы қыркүйек-қазан айларында олардың биіктігінің үштен екі бөлігіндей кәдімгі бақша топырағы салынған горшоққа отырғызылады да, молырақ суарылады. Горшоктарды жәшіктің ішіне қойып, олардың ернеуінен 10-12 см жоғарырақ жерден топырақ салады немесе қағаз қалпақпен жауып қояды. Топырақтың ылғалын сақтау үшін оларды айына 1-2 рет суарады. 2,5-3 айдан кейін, жасыл өсінді көрінісімен, горшоктарды бөлмеге қайтадан алып келеді. Бұл арада оларды 5-10 күн бойы шыны қалпақтың астында ұстайды, содан кейін терезенің алдына қояды да жылы сумен жиі-жиі суарады. Өсімдікке су тимеуі тиіс. Өсімдік гүлдеп болып, жапырақтары салған кезде жуашықты топырақтан алып, тағы да отырғызғанға дейін құрғақ, салқын орынға сақтап қою керек.
Шыбықтау. Балалармен бірлесіп шыбықтау үшін шыбықтары оңай тамырланатын өсімдіктер (традесканция, қазтамақ, үнемі гүлдеп тұратын бегония, фуксия) іріктеліп алынады. Шыбықтарды қауызы жоқ жоғарғы бүйіріндегі өркендерінен алған дұрыс. Көлемі 3-10 см шыбықтарды өткір пышақпен әрқайсысында 2-4 түйін немесе жапырақ болатындай етіп түбінен қиғаштай кесіп алады. Бегония мен фуксияның шыбықтары горшоктарда немесе торф араластырылған ірі түйіршікті дымқыл құмы бар жәшіктерде тамырланады. Бұл шыбықтарды горшоктың немесе жәшіктің қабырғасына жақынырақ, онша тереңдетпей жақсы. Дымқыл атмосфера жасау үшін жәшікті әйнекпен жауып қояды, сонда шыбықтар кез түптенеді. Гортензия, қазтамақ пен традесканцияның шыбықтары кез келген топырақта тамыр жаяды, жауып қоюды керек етпейді. Фуксияның шыбығы суда жақсы тамырланады.
Көкөніс дақылдарын үйде өсіру. Үйде, терезе алдына қойып көк пияз өсіруге болады. Пиязды өсіру үшін алдымен қағаз стакандарға егеді де, сонан соң жәшікке салып қояды.
Шалғам мен салатты ерте көктемде еккен дұрыс. Оларды ара қашықтықтары бірінші қатарда 4-5 см, ал екінші қатарда 3-4 см етіп жәшікке қатар-қатар себеді. Шалғамды ұялап себеді (әрқайсысы екі тұқымнан), ұялар бір-бірінен 2 см алшақ болады. Себілген тұқымды қарашірікпен немесе құммен қалындығы 1-2 см етіп көміп қояды. Күтім қылтанақтардың көрінуіне, жерді қопсытуға, топырақты суаруға және өсімдікті үстеме қоректендіруге байланысты. 10 күнде бір рет қарашірік бөкпесін құйып, үстеме қоректендіреді. Қосымша қоректі былай әзірлейді. Қоймалжың көңге 3-4 бөлігіндей су қосады; жәшікке 0,5 л сіңімді сұйықтар құяды. Шалғам мен салаттан баска жемісті тамырлар мен көкөністер өсіруді де ұсынуға болады.
Қызылша, сәбіз, ақжелке (петрушка) жеміс тамырларын бір-бірінен 4-6 см қашықтықтағы жәшікке немесе гүл горшоктарына отырғызады. Ересек және мектепалды даярлықтарының балалармен бірлесіп қызанақ көшетін өсіруге болады. Бизон, Буденовка және Грибовский дегендер жақсы сорттар болып есептелінеді. Бұларды наурыз айында себеді. Топырақ толтырылған кішкене стакандарға 2-3 тұқымнан себеді (бір бөлігі шым, екі бөлігі қарашіріктен). Стакандарды жәшікке қойып, ернеуіне дейін құммен толтырады. Нағыз 5-6 жапырақ пайда болғанда көшетті стаканмен бірге гүлдерге арналған горшоктарға (диаметрі 20-25 см) қайтадан отырғызып, жылы сумен суарады да, суарған сайын топырағын босатып қоспасымен (1 литр суға 5 г қосып) немесе қатты ашыған және қарашірік қосылған сұйықпен үстеп қоректендіреді. Қоректік сұйықты (әр өсімдікке бір стакан) аптасына бір рет құяды. Сұйықты горшок қабырғасының жанынан жасалған тайыз жылғаға (бороздаға) құяды. Үстеп қоректендіргеннен кейін кішкене борозданы тегістейді де таза сумен суарады. Жетіліп келе жатқан қызанақтың тек бір ұйымдастырылған оқу қызметін ғана қалдырады, жанындағы қосымша өркендерін (керексіз бұтақтарып) алып тастайды.
Өсімдіктерді зиянкестермен аурулардан қорғау. Бөлме өсімдіктерінің ең көп тараған зиянкестеріне қызыл өрмекші, трипс, өсімдік биттері, құйрықтылар жатады.
Қызыл өрмекші немесе өрмекші кенесі жай көзге әзер көрінеді, қызыл немесе қоңыр түсті болады. Ол кактусты, раушангүлді, фикусты, жасминді (ақгүл) және басқа өсімдіктерді бүлдіреді. Қызыл өрмекші негізінен жапырақтардың астыңғы жағына орналасып, оның шырынын сорып алады. Бұлінген жапырақтардың түсі кетеді, қара дақтар басады, қараяды, қурап түсіп қалады. Өрмекшінің бар екенін жапырақтарда пайда болатын өрмекшінің өрмегінен байқауға болады.