2. Табиғат мүйсіндегі жұмыстар. Объектілерді табиғат мүйісіне орналастыру. Балалар бақшаларында табиғат мүйісі әрбір топқа бөлек бөлек үйымдастырылады. Оның обектілерің бөлменің жарық жеріне (аласа орындықтар мен терезе алдына), жарық жақсы түсетіндей, бірақ терезеден түсетін жарыққа көленкеленбейтіндей етіп орналастырады. Тірі табйғат мүйісінің терезелері оңүстік-батысқа оңтүстікке немесе онтүстік батысқа қаратылуы тиіс. Бақылау әрі күтіп-баптау үшін әрбір объктіге еркін жақындай алатындай кеністік болуы керек.
Өсімдіктерді желдеткішпен пешке жақын қоймау керек өиткені температураны шұғыл өзгеруі оларға зиян келтіреді. Өсімдіктерді орналастырғанда олардың жарыққа, жылылыққа, дымқылдыққа қатысын ескру қажет. Терезе алдына қойылатын өсімдіктердің бәрінің астына ағаш тіреуіштер қажет. Өсімдіктер бір қалыпты өсуі үшін жарық олардың әр жағына бірдей түсетіндей етіп әлсін-әлі айналдырып қоюы керек.
Аквариумдарды терезелердің алдына орналастырады, бірақ жазда жарық оларға қатты түспегені жөн. Террариумдарды жарықта жылы орынға қояды.
Құстарды жерлеткіштерден аласырақ ұстайды: олар жел өтіне шыдай алмайды. Табиғат мүсініндегі маусымдық өзгерістер. Жыл мезгілдерінің отыруына орай табиғат мүсін мекендеушілердің құрамыда өзгеріп тұрады.
Күзде мүйіске гүлбақшада горшокқа (қыш құмырға) қайта отырғызылған өсімдіктерді (астра, хризантема, темекі, левкойлар және т.б) апарып қояды. Қысқы ұйқыға кететін жануарларды(көлбақа, кесіртке, тасбақа) керісінше, от жағылмайтын, салқын орынға шығарады.
Қыста мүйіске балалардың жәшікке еккен және отырғызған өсімдіктері (шашақты көк пияз, сұлы, салат, сәбіз бен қызылша өсімдіктері) апарылып қойылады. Салқын бөлмелерден мұнда жазда орманнан, жайылымнан алып отырғызылған жабайы өсімдіктер бар горшоктар әкелініп қойылады. Қыстың аяғына таман табиғат бұрынғыша бұтақтары кесілген ағаштар мен түптер салынған сауыттар қойылады. Бұл уақытта осы жерге құстарды да (боз торғайды, пайыз торғайды) ұстаған жақсы:көктемде оларды міндетті түрде босатып жіберу керек.
Көктемде мүйіске көшет отырғызылып, тамырланған калемшелер мен террариумдері бар жәндіктер қойылады.
Жазда табиғат мүйісін верандаға немесе беседкаға (күркеге орналастырып, балалардың экскурсиялар мен серуендерден ала қайтқан өсімдіктермен және жануарларымен толықтырады.
Үлкен малтығыш қоңыз бен оның личинкасы- жыртқыштар, сондықтан оларды кішкене әйнекпен немесе дәкемен жабылған аквариумда бөлек ұстайды. Оны жауын құоттарымен, итбалықтарымен, еттің қырындыларымен, маса личинкасымен азықтандырады.
Су сүйгіш-су қоңыздарының ең ірісі. Оның кеудесі мен аяқтары өткір тікенектермен қаруланған. Қоңыздың түсі қара, сұр инемесе қоңыр. Қоңыз атмосферелық ауамен дем алады: ол судың бетіне көтеріледі де, оның үстіне денесінің үстінгі жағын қояды. Өсімдіктер мен қоректенеді, су балдырларын жақсы көреді, ақ нанды ереіксіз жиді.
Су сүйгіш қоңыздың личинкалары-жыртқыштар, сондықтан оларды бөлек банкада немесе аквариумда ұстайды. Жүзгіш қоңыз сияқты азықтандырады.
Ересек топтардың балаларымен су қоңыздарын бақылаған, кезде олардың денесімен аяқтарының формасы ерекше қарау керек. Олардың қалай жүзетіні, қалай жылжитыны, судың бетіне қалай жүзетіні және құрғақта қалай жылжитынын көру керек (олар дем шығару үшін керек екнін түсіндіру), жүзгіш қоңыздың ауа райының жақсы және нашар кезінде өзін қалай ұстайтынына көңіл бөлу керек.
Инелік личинкаларының үлкен жәндіктерге айналғандығын бақылау қызық болады. Инелік өз жұмыртқаларын суға салады, олардан шығатын личинкалары да суда өмір сүреді. Олар жыл бойы жетіледі де, жайма шуақ күндердің бірінде судың бетінде сорайып тұрған өсімдіктің үсттіне шығады. Осы арада личинкасының сыртқы қабықшасы тесіледі де, одан инелік шығады.
Личинкаларды аквариумда ұстау үшін ақпайтын судың астынан батпақты өсімдіктердің көтерілген топырақ тұнбасы қажет. Личинкаларды түйір-түйір шикі етпен масамен азықтандырады.
Қыл қанаттыладың личинкалары өзендерде, көлдерде, шағын тоғандарда өмір сүреді. Личинка оған үйшік ретінде қызмет ететін қапта болады. Формасы мен материалы жағынан бұл кішкене қаптар әр түрлі. Табиғат мүйісінде қыл қанаттылар личинкаларын кеңдеу шыны банкада ұстайды. Оның түбіне құм себеді және су өсімдіктерін егеді олармен личинкалар қоректенеді. Одан соң банкаға су құяды жәнем оны жиі ауыстырып тұрады.
Қыш қанаттылар личинкасының үйді өзіне қалай салып алатыны бақылауға болады. Ол үшін оны ескі үйден қуып шығады, үйдің артқы жағы ашық бөлігінен ентеп түйреуіштің тұқыл жағымен түртіп, бос қапшықты алып тастау керек, ал банканың түбіне ұсақ бөлшектерін жұмыртқанын қабығын ұсақ тас шырпы, ұсақ жапырақтар төсеу керек. Личинкалары сол сәтінде жұмысқа кіріседі.
Табиғат мүйісінде су жәндіктерінен басқа, жоғарыда айтылғандай жер бетінде өмір сүретін қоңыздарды, шегіркелер мен көбелектерді ұстайды. Ересектер мен мектепке даярлық топтпрының табиғат мүйістерінде олардың өзгеруін бақалау үшін жұмыртқаларды көбелек қуыршағы жұлдыз құрттарын орналастыруға болады. Сондай- ақ гусеницаларды қосымша қоректендіруді ұйымдастырып, олардың өзгерістерін азықтануын және қуыршақтарға айналуын бақылауға болады. Көбелектердің гусеницаларын олар алынған өсімдіктердің жапырақтарымен бірге баққа орналастырылады.
Табиғат мүйісінде ұстау үшін қоңыздардың ішінен алтын түсті қола қоңыздарды қызыл қоңызды маи қоңыздарын ұстауға болады. Алтын түсті қола қоңызды тобылғы, итьұрын, раушангүл гүлдерінде кездеседі. Бұл қоңыздың қанатының үсті жылтыраған ашық жасыл: аяқтары қысқа, қисық, ирек, гүлдердің шоғы мен шашақтарына өрмелеп шығуға икемді. Бұл қоңыз жерде ақырын жылжиды. Бақта гүлдердің басында отырады, немесе оның қабырғаларымен жорғалаиды. Ауа райының жылы кезінде жанданады. Бақта, тіпті қыста да ұзақ өмір сүреді. Барылдауық қоңыздар орманда, жол боиында, бақшада және бақта кездеседі.
Орманның барылдауық қоңыэы-қара, қанаттарының үсті жылтыр, бақтағы қоңыз-қанық жасыл металдаи жылтыр: решеткалы ала түстес қанаттары бар, көлденен және ұзынша қабаттармен жабылған. Барылдауық қоңыздың аяқтары жіңішке әрі күшті, сондықтан бұл қоңыздар жерде жаксы жүреді бірақ ұшу қанаттары жетілмегендіктен, олар нашар әрі сирек ұшады.
Барылдауық қоңыз – жыртқыш. Әр түрлі жәндіктер мен шараналы ұлуларды жақсы жеп, бақтар мен бақшаларға да пайда келтіреді. Жеті нүктелі қоңыз (қызыл қоңыз, қүншуақ) қызыл қанаттарында жеті қара нүетесі бар кішкене қоңыз. Бұл кішкене қоңыз өте пайдал, өйткені өсімдік битін- үйде және далада өсетін кйбір өсімдіктерін зиянкестерін құртады. Май қоңызы ағаштардың жапырақтары жабыла бастағанда көктемнің жаңа кезінде пайда болады. Қоңыздың түсі қоңыр, кей жері қара қыр арқасы яғни қанаттарының үсті қатты қабыршақты болып келелді, олар жарғақтанған екінші қантын жаупы тұрады. Аяқтары ұзын және жабысқақ
Өсімдіктерді көшіріп отырғызу. Өсімдіктерді көктемде көшіріп отырғызған жақсы.Өсімдіктерді көшіріп отырғызбастан бұрын топыраққа су түгел сінуі үшін жақсылап суарған жөн. Содан кейін горшокты он қолға алады да өсімдіктің сабағын сол қолдың сұқ және ортанғы саусақтарының арасымен төмен түсіреді, горшокті аударып, епте столдың шетіне соғады. Топарақ түйері әдетте оңай шығады.
Горшоктап өсімдікті шығарып алып,тамырын тексереді. Егер тамыры онша көп болмаса және олар топыраққа шырматылып жатпаса,онда өсімдікті сол горшоққа қайта отырғызады. Егер топырақ түйірі тамырлармен тым шырматылып жатқанымен дұрыс болса, онда бұл өсімдікті үлкенрек горшокқа отырғызуға болады (көлемі бұрынғы горшок,оған тығызрақ сыйіп тұратындай горшок алынады). Горшоктардың жаңа болғаны жақсы. Ескісін алуға да болады,бірақ жылы сумен жақсылап жуылған және қыздырылған болуы керек.
Тамырларды ескі топырақтан босату үшін кесек түйрікшіктерді үшкір шыбықпен ептеп қопсытады. Егер шірін кеткен болса,ескі топырақты түгелдей жуады да, тамырдың бүлінген бөлігін өткір пышақпен кесіп тастайды (кесілген жерге көмір ұнтағын сеуіп қояды).
Қажетті горшокті таңдап алып,оның тесігін ағаштың сыңығымен бітеп, түбіне аздап ірі құм,соншама топырақ себеді, өйткені, өсімдіктің сабағы горшоктың ернеуінен төмен болу керек. Түйіршекпен горшоктың арасына топырақ себеді. Өсімдікті суарады, су барлық түйіршікті ылғалдап, су ағатын тесіктен ағуы тиіс.
Егер күзде немесе қыста горшок сынып қалса, онда өсімдікті көшіріп отырғызуға болмайды. Сыңған горшокті көктемге дейін басқа горшоктың ішіне салып, екі горшоктын бос арасына құм сеуіп қою керек.
Өсімдіктерді суару Өсімдікттер қысқа тыңыштықтан соң(өсуіне қарай) Күн ара абден суаруды қажет етеді. Егер су астына өтіп, тұғырықты ылғалдандырып жіберсе, оның мол құйылғаны болып есептеледі. Өсуінің аяқталумен (күзде) суды сирек құяды. Суды көп құйса, топырақ иістеніп, тамыры шіріп өсімдік өліп қалуы мүмкін.
Құрғақ, жылы орында тұрған өсімдіктерді салқып, ылғалды жердеғіден көрі жиелік, бұлтты және салқын күндері ашық күндегідей азырақ суару керек. Кішкене топырақтағы өсімдікті үлкен горшоктағыдан гөрі жирек суарады, ал гүлдегендері гүлдемей тұрғандарға қарағанда жиі суарылады. Баданалы өсімдіктердің жуашығына су теймеуі үшін ыдыстын суын ғана құяды, өсімдіктердің жапырақтары түсіп,жым-жырт түрған кезінде суарудың қажеті жоқ.
Көктемде және жазда кешкісін ал күз бен қыста ертенгісін суарған жөн. Өсімдіктерді өте ыстықта ертенгісін және кешкісін суару керек. Бөлменің температурасындай өзен, жаңбыр немесе құбыр суымен суаруға болады. Бұл ретте қайнаған суды пайдалануға болмайды. Троциттік өсімдікттерді жылырақ сумен (20-25С) суарады. Суарғанда су құйғыштын тұмсығы горшоктың ернеуіне тиіп тұруы тиіс.
Өсімдіктерді жуу. Өсімдікттерді аптасына бір рет, жуып түру керек. Ол үшін горшокті бос тегенеге қояды өсімдікті жылы сумен жуып ол жерлерде қоныстанды. Жаңадан жеміс ағаштары мен жидек бұталарын отырғызады.
Бүршіктер ісінгенге дейін және олар ашылғанңан кейін (гүлдегенге дейін) ағаштарға дәрі бүркеді. Ағаштар гүлдейтін кезге өсімдіктерді үсіктен сақтайтын түтін бұлтын даярлайды. Апрельдің соңында баққа ішінде бал аралары бар омарта қояды.
Ауыл шаруашылығы
Табиғат календарын жүргізу-бақылағыштықты дамытады, айналадағы табиғатқа зейн қоя қаруды, жүйелікті жане құбылыста болатын байланысты, оларды, жүйелікті және құбылыста болатын байланысты, олардың себептері анықтауды үйретеді.
Табиғаттағы маусымдық өзгерістерді суретке салып көрсету-балалардың түсініктерінбекітуге барынша көмектеседі. Сонымен қатар жиналған суреттерді қандай да болмасын маусым жөніндегі ұғымдарды қалыптастыру үшін пайдалануға болады. Тәрбиеші суреттерді көрсетіп, оларды, жазылғандарды, оқып шығады. Балалар серуендеулер мен экскурсияларды нелерді көргендердің естеріне түседі, құбылыстарды жүйелеген анықтайды, ауа райы, өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінің арасындағы кейбір байланыстарды да ашады.
Ересек топтардағы балалармен өсімдіктерді бақылаудың өзіндік бірбелгілеп қоюы-гербарий дайындау болуы мүмкін. Олар орманға, көкалға, далаға, экскурсиялармен серуендер жасағанда әртүрлі өсімдіктермен танысады. Жапырақтарды тгүлдерді жинайды, оларды кептіреді. Гербарий өсімдіктерді жинаған жердің артына қарай тақырып қойып дайындауға болады. (мысалы, «біздің участкенің гүлдері», «көкалдардың гүлдері», «орманның гүлдері») немесе өсімдіктердің гүлдену уақытына қарай (мысалы, көктемдегі гүлдердің күздегі гүлдердің. өсімдіктердің бір түрін дамуының әр түрлі вазасында кептіруде жақсы («біздің бұршақ қалай өсті?» гербарий). Қандайда болмасын бір өсімдіктің тонауын көрсетуге де болады, мысалы, орманда не өседі (ағаштардың, бұталардың және шөпті өсімдіктердің жапырағын беру).
Жиналған және кептірілген өсімдіктерді немесе олардың бөліктеріні қандайда болмасын бір тақырып бойынша бір рет картонға бекітеді, целофанмен жабады жіктейді немесе әр бір өсімдікті жеке картон бетке бекітеді, ал содан кейін барлық бетті бір шапкаға жинайды. Гербариді өсімдіктер жыл мезгілдері немесе дидактикалық ойындар жөнінде әңгімелер өткізілетін сабақтар да көрнекі құралдар ретінде пайдалануға болады.
Көргендері жөніндегі әңгіменің тіл дамытумен түсініктерді бекіту үшін зор маңызы бар. Тәрбиеші бақылау үшін тапсырма бере отырып, балаларға баорлық көргендерді жаңадан ценна белгілегнедері жөнінде олрға айтып берудің қажет болатынын ескеруге тиіс. Бұл әңгімелер балалардаң нені меңгерді олраға нені түсініксіз тағы да нені түсіндіру керек деген мәселелерді анықтауға мүмкіндік берді.
Сюжетті-рөлдік ойындарда балалар экскурсиялар мен серуендерде қабылдағанын естеріне түсірді. Олдарды өсімдіктер жануарлар және адамның еңбегі жөнінде алған түсініктердің сәулесі елестейді. Мұндай ойындар да балалар нені бақылағанын қайталай отырып, өз білімдерін және алғагн дағдыларын бекітеді.
Бақылағанын белгілеп қою үшін ойыншықты пайдалануға болады, мысалы «бүгін ауа райы қандай?» бұл-көлемі 35х35 см тақтай оның ортасында айналмалы стерлка бар, бұрыштарында әр түрлі ауа райын бейнелейтін карталар бекітілген. Естияр топтвң балары серуеннен қайтып оралғаннан кейін стерлканы сол күнгі ауа райына сәйкес келетін картиналарға қарайт кезекпен айналдырып қояды. Ересек топтың балары мұны ертеңгісін балар бақшасына келісімен және серуеннен қайтқаннан кейін (егер ауа райы өзгерегн болса істейді)