Байланысты: КІТАП.Балаларды табиғатпен таныстыру және оқыту әдістемесі,
5.6.Гүлзар 1. Гүлзар, гүлзар құрлымы, мекендеушілері. Гүлзар – бау-бақша, саябақ, мекеме және тұрғын үй маңын, жол бойын көгалдандыру үшін әсем гүлдер өсірілетін алаң. Гүлзарда бір, екі не көп жылдық және кілем тәрізді өң беретін өсімдіктер өсіріледі. Ол үшін өсімдік түрлерінің биологиялық ерекшеліктері, гүлінің әсемдігі ғана емес, гүлдің түсі, пішіні, жапырақтарының үлкен-кішілігі, сабағының ұзындығы, гүлдеу мерзімі, ұзақтығы, өсімдіктердің бір-бірімен үйлесімділігі ескеріледі. Гүл жарып, солған өсімдік орнына жаңасы отырғызылады. Гүлзарлар түрліше болуы мүмкін: клумбалар, рабаткалар, ландшафтық гүлзарлар – миксбордерлер, партерлер, Қазақстанда гүлзар өсіруде, көбінесе геометриялы және көркем сызықты-өрнектеу әдістері қолданылады. Әсіресе, қазақ халқының түс киіз, текемет оюларының нақышын келтіретін ұлттық ою-өрнектер (қошқар мүйіз, жас бұта, гүл, жапырақ, т.б.) қызғалдақ, сарғалдақ, қалампыр, боз кілем, т.б. гүлдердің түрлерімен беріледі.
Гүлдер - сәндік өсімдіктер - бір жылдық, екі жылдық және көп жылдық гүлді сәндік өсімдіктер болады. Гүлбақша үшін көп күтімді керек етпейтін формасы мен түсі жағынан әр алуан гүлдер беретін,жағымды иісі бар ашық көктесінді өсімдіктерді таңдап алу керек.Ерте көктемнен қара күзге дейін үзбей гүлдеп тұратын өсімдіктердің түр түрінің болғаны жақсы.
Бір жылдықтар-өсіп,гүлдейтін жетік піскен тұқым беретін және сол еккен жылы өлетін өсімдіктер.Олар негізінен тұқымдарынан көбейеді. Тұқұымдарын май айының екінші жартысында тура топыраққа себуге болатын.
Жоңышқа бас немесе хош иісті тастақ-биіктігі 15-20 см жиектік өсімдік, жапырақтары сұрғылт жасыл ұсақ лаицеттік. Кез келген топырақта және жартылай қараңғыланған орындарда өсе береді.
Қошқар гүл биіктігі жағынан үш топқа бөлінеді аласа, орташа және биік. Жаздың екінші жартысынан бастап үсік түскенге дейін түрлі түсті әдемі гүлшоғын беріп гүлдейді.
Барқыт шөп биікте аласа да болады. Июньнен бастап, салқын түскенше гүлдеп тұрады. Жапырақтары тарамдалған қауырсынды ашы иісті. Жылдам өседі.
Көкнәр - биік әдемі гүлдейтін өсімдік гүлшешектері ірі және әр түрлі ашық түсті гүл сабағы ұзын болады, жапырақтары қауырсынша тарамдалған, тамырланған.
Космея жаздың екінші жартысынан бастап қара күзге дейін әр алуан түсте жұлдыз сияқты гүлшешектенген гүлдейтін биік өсімдік.
Кларкия әр алуан түсті нәзік гүлшешектеніп бұрқырап көпке дейін гүлдеп тұрады.
Лобелия жапырақтары қоңыр көк және қоңыр жасыл көгілдір немесе сия көк гүлшешекті аласа шоқ бұта түзеді,июннің аяғына қарай күзге дейін гүлдеп тұрады.
Бұталы настурцияның биіктігі 25 см июньнен қара күзге дейін ірі ашық түсті түтік сияқты гүлшешектін гүлдейді.
Қырмызыгүл биіктігі 60 см ге жетеді, күзге дейін ірі сары және қызғылт гүлшоқтанын қаулай гүлдейді.
Резеда биіктігі 25 см ге дейін жететін ұсақ ажарсыз гүлшешегі бар, өте күшті әрі жағымды иісі бар өсімдік.
Хош иісіті темекі биіктігі 1 мге дейін жетеді, июньнен суық түскенге дейін ірі ақ немесе қызыл гүлшешектеніп гүлдейді.
Бір жылдық флокс аласа өсімдік, июньнен қара күзге дейін гүлдеп тұрады.
Цинния биіктігі 25-40 см өсімдік, қызыл сары қызғылт гүлшешектене гүлденіп тұрады.
Изен немесе жаздық кипарыс қалың капық көк күздүгіні күлгінденіп оңатын түзу биік өсімдік. Өз тұқымынан оңай көбейеді. Екі жылдықтар көктемде немесе жаздыгүні сепкенде топырақта қыстан қалын келесі жылдың ерте көктемінде гүлдейтін өсімдік.
Шегір гүл формасы әдемі және бояуы әр түрлі үш түсті немесе бір түсті гүлдері көп, жапырақтары ұзынша үлкен.
Түрік қалампыры алғашқы жылы жапырақтарынан дөңгелек жасайды, екнші жылы биіктігі 40-60 см сабақтарының ұшында ірі гүлшоғына шоғырланады.
Көп жылдықтар бірнеше жыл өмір сүретін өсімдіктер. Олар бір жылдықтарға қарағанда күй талғамайды және оларды күту жеңіл болғандықтан, балалар мекемелері үшін бағалы өсімдіктер. Олардың кейбірінің көктеулері мен гүлдері жаздық тұқымдарды қайта отырғызудан көп бұрын ерте көктемде бақылауға болады.
Аквилегия биік шоғыр түпті өсімдік, әдемі түрлі түсті гүлшешектеніп молынан гүлдейді. Жартылай көлеңкелі жерлердегі дымқыл топырақта жақсы өседі.
Көп жылдық астралар июньнен бастап, суық түскенше гүлдеп тұрады. Гүлшешектерінің бояуы ақ қызғылт және ақшыл көк түсті болады. Аязға шыдамды, топырақ пен күтімді талғамайды.
Құртқашаш ұзын жуан гүл сабақтарына орналасқан ірі әдемі әр алуан түсті гүлдер береді. Аязға шыдамды күннің көзі түскен орындарда жақсы көреді.
Лалагүл биік өсімдік июнь, июлъ айларында ұзын гүл сабақтарында ірі сары және қызғылт гүлшешектеніп гүлдейді. Бір орында 10 жылға дейін өсе алады.
Бөрі бұршақ қатты биік тіпті июнь мен сентябрь айларының аралығында алуан түсті ұзын гүлшоғына гүлдейді. Апрелъ айында себілетін тұқымдар арқылы көбейеді. Жартылай көлеңкелі орындарда өсе алады.
Нарцис биіктігі 25-30 см өсімдік: жанға жайлы жағымды иісі бар аппақ немесе сары гүлшешектері апрелъ айының аяғынан бастап июлъге дейін әп әдемі боп гүлдеп тұрады.
Маргаритка көп гүлшоқты ақ қызғылт немесе қызыл түсті, ерте көктемнен күзге дейін гүлдейді, жапырақтары тамыр жанында дөңгелектін орналасқан.
Пиондар май, июнъ айларында қаулап әдемі гүлдейтін биік өсімдік. Жақсы иісті ірі тамыр сабақтарының бөлінуі арқылы көбейеді.
Рудбекция биіктігі 2 м ге дейінгі өсімдік августан бастап ірі ашық сары гүлшешектеніп қара күзге дейін гүлдейді, сабақтары түзу жапырақтары тілім-тілім. Түбінің бөлінуі арқылы көбейеді.
Қызғалдақ биіктігі 30-35 см өте әдемі өсімдік май айында гүлдейді. Гүлшешектері қызыл,қызғылт сары қара ұзын гүл сабақтарына орналасқан. Тұқымдарды кішкене жыраларға ара-арасына 3-4 см етіп себеді де,еленген майда топырақпен жуып тастайды.
Көшеті бар жәшікті жарыққа жақынырық қояды. Топырақ кебе быстаса, жылы сумен суарып тұрады. Нағыз жапырақтары көрінгеннен ейін көктеулерін көшеттен шымтезекті-қарашірікті құмыраға немесе топырағы бар қағаз стақанға топырағымен қайтадан көшіріп отырғызады. Көшеттеу дегеніміз аса мықты тамыр жүйесін алу үшін өсімдік тамырының ұзындығынан 1/-не дейін шырпу болып табылады. Көшетті жыртылған жерде өсіп-өнуге бйімдеп тұғызу қажет.Бұл үшін көшкеті бар жәшіктерді күндіз үйден далаға шығарып қояды.
Капустаның ерте пісетін сорттарының көшетін май айының ортасында,карталар мен қатарындағы өсімдіктердің ара қашықтығы 50 см болатындай етіп,топыраққа қайтадан отырғызады ал орташа мерзімде пісетінкпуста көшетін қатарлар мен қатарындағы өсімдіктердің ара қашықтықтарын 60 см еті, июньнің басында қайтадан отырғызады. Отырғызғанда өсімдіктердің тамыр мойнағы топырақпен көміліп қалмауы керек.
Жылылықты сүйетін өсімдіктердің (лимондар, асқабақ және т.б.) көністерін суықтан кейін (июньннің алғашқы жартсында) учаскеге қайтадан отырғызады. Қатарлар мен қатардағы өсімдіктердің ара қашықтары әр дақылда әр түрлі болады.
Өсімдікті жәшіктегісімен сәл тереңірекке егеді. Өсімдіктердің түбіндегі топырақты нығыздап ұяшық жасайды суарып болғаннан кейін оны құрғақ топырақпен көміп тастайды. Шымтезекті-қарашірікті құмыралардан немесе қағаз стакандарда өсірілген көшетті сол ыдыстармен қоса отыпғызады.
Көкөніс дақылдарын күту дегеніміз - топырақты қопсыту, сирету, суару, өсімдіктерді тыңайту, арам шөптерді отау. Арам шөптердің өсуін, топырақтың қабыршақтануын болдырмау үшін, топырақты жазда 3-4 рет қопсытады.
Әбден суарған сайын және жаңбырддан кейін қабыршағын сындырып алып тастау керек. Ірі өсімдіктердің айналасындағы топырақты кетенмен, ұсақтарының төңірегінде топырақты бау-бақшағам арналған айырмен қопсытады.
Тамыр жемістерді екі рет нағыз жапырақ пайда болғанда бірінші рет, 2-3 алатадан соң бірінші рет сиреттеді. Суықтан кейін екінші рет сиретіп, қатты өсімдіктен тамыржемістердің екі рет нағыз жапырақ пайда болғанда бірінші рет, 2-3 аптадан соң екінші рет сираетеді. Памидорды даладағы топырақта өсіргенде қатты өсімдіктердің 3-4 ін ұяда қалдырады, 1-2 жапырағы көрінген соң бірінші рет сиретеді. Суықтан кейін екінші рет сиретіп,қатты өсімдіктің біреуін ғана қалдырады. Сирету кезінде жұлынған өсімдіктердің басқа жерге отырғызуға да болады.
Суарудың азды-көптілігі өсімдіктердің суды керкесінуінің бірдей болмауына байланысты. Алайда мынадай ережені де ескерген жөнегер 5-10 см тереңдіктен алынған топырақты қолымызбен сығымдап сығып қайта босатқан кезде шашылып қалатын болса оны суару қажет. Су өсімдіктердің бүкіл тамырына жету үшін сиректеу бірақ әбден суару керек. Әдетте кешке қарай суарады бір жерге бірнеше рет қайта оралып суды біртіндей құяды. Лейканы мүмкіндігінше жер бетіне жақынырақ ұстаған жөн.
Кейбір дақылдарды күту ерекшеліктері. Өсімдіктің қоректенуін күшейтетін қосымша тамырлардың түзелуі үшін, негізгі сабағының түбіне қарай топырақты қопсыта және тырмалап үйге отырып капустаны түспейді. Түспеуді алғашқы ірі жапырақты түзілген соң жүргізеді жаңбырдан немесе суарудан кейін түптеген тінті жақсы.
Желісі ұзын қияр мен ірі асқабақтардың жанама өркендерді жақсы өсуі үшін нағыз 3-4 жапырақ шыққаннан кейін төбе бүршіктерін қырқып тастайды.
Жазы қысқа болатын жерлерде помидорды егіп бұтақтайды жапырақтардың қолтығында өсіп шығатын жанама өскендерді алып тастайды. Жаз аяғында 3-4 гүл шашағы түзілген соң биіктен өспеу үшін бұтақшалардың ұшын шырынды. Помидорды отырғызған соң бірнеше күннен кейін оны жерде төселіп жатқан және жартылай тікелеп тұрған сабақтарымен бірге өсімдіктің солтүстік жағына одан 10 см бөлегірек қойылған биіктігі бір метрдей диаметрі 2-3 см таяқшаға байлайды.
Асбұршақтың сабағы жіңішке майысқақ. Ол 20см биіктен өскен кезде сабағы жатып қалмауы үшін тіреуші қала қояды. Төменгі сорты асбұршақ қағылатын ұзындығы 50-70см жоғары сорттары үшін 1.5-2м.
Зиянкестермен күрес. Көкөніс дақылдарының ішінде зиянкес жәндіктердін ең алдымен зәбір көретіні шаршы гүлді өсімдік тұқымдастар. Шылғамен капуста мен шалқандардың көктеп-өнгендердің көбінесе жер бүргесі құртады.Өсімдіктердің мұндай зиянкестердің қорғау үшін оларың дақыл жапырақтарына күл немесе жолда жататын шаңнан сеуіп қояды.Сонымен бірге шалғам мен шалқанды ерте қөқтемде немесе керісінше жер бүргесі азайған кезде июньнің басында егіп капустаны көшеттен өсуі керек.
Капустаның жапырақтарына капуста көбелегінің жұлдыз құрттары қатты зақым келтіреді. Олармен күрес жүргізу үшін каустаны жапырақтың анықтап қарап жұлдызқұрттарды теріп алып түбіне су енмесе азырақ керосин құйылғн шелекке салу керек.
2. Бақша. Бау-бақша. Құрлымы, мекендеушілері, күту ерекшеліктері.
Климаттық зоналары үшін ең қолайлылары – ұсақ жапырақты жөке, сүйір жапырақты үйеңкі, жылқы каштаны, пирамида сияқты терек. Ағаш діңдерінің араларына әдемі гүлдері немесе жемістері бар татар үйеңкісі, кәдімгі шәңгіш, орташа табылғы, кәдімгі сирень, қара ырғай сияқты ағашрат мен бұталары отырғызады.
Үйге кіре беріс жерлерге көбінесе ірі ағаштардан: жөкелерді, жылқы каштанын, бал қарағайын бірнеше қатарғып орналастырады. Жасыл жайылымға әдемі ұш арбасы бар бір ағашты қалдыруға (немесе отырғызуға) болады. Бақтың жанындағы үйлердің маңына сүйелді қайыңды, ақ талды, кәдімгі шетен мен бұталарды (кәдімгі сирень, тұлымшақты және басқа) топ-тобымен отырғызады. Ағаштар мен бұталарды бөлмеге күннің көзі түсуге бөгет болмайтындай және сонымен бірге оны қатты ыстықтан қорғайтындай етіп орналастырады. Жастар әркелкі топтардың алаңшаларын бір-бірінен топ-топ ағштар арқылы (ұсақ жапырақты жөке, кәдімгі шетен, сүйелді қайың) бөледі. Ол ағаштар әдемі гүл беретін немесе жидекті бұталарға (кәдімгі сирень, орташа тобылғы, қара қарақат) ұқсас болуы тиіс. Алқанның ені 0,75-1м бір-екі қатардан болады.
Бұларды топтап егеу кезінде бір тұқымдастарының көп мөлшерде болуынан сақтану керек. Бір тұқымдастардан, мәселен 3 қайынды, немесе емен әрі қайың әрі шырша, қайың, емен және басқа тұқымдарадан 2-3тен алуға болады.
Ағаштар мен бұталарды отырғызу (егу) Ағаштардың бір-бірінен ара қашықтығы 2-6 м-ге дейін, ұсақ бұталардың (тобылғы және басқа) -1,2-1,5м болуы тиіс.
Отырғызылатың шұңқырларды күзде немесе ерте көктемде қазады. Топырақтың үстіңгі, құнарлы бөлгін бірінғай бір жағына, ал астынғы құнары аздауын екінші жаққа үйеді. Шұңқырдың мөлшері отырғызылатын өсімдіктердің көлеміне байланысты. Ағаштарға арналған шұңқырдын ені 1м, ал терендігі – 70-80см болуы тиіс. Шұңқырдың ортасына биіктігі 1-2 м таяқ қағады.оның айналасына топырақтың үстінгі қабатын салады.
Ағашты екі адам отырғызады. Бір адам ағашты шұңқырға салып , оны қағылған таяқ пен қатарластырып ұстайды, екіншісі ағаштын тамырын конус бойынша түзетеді де оның айналасына құнарлы топырак салады. Ағашты ұстап тұрған адам топырақты аяғымен жеңіл-желпі
Жеміс ағаштары мен жидекті бұталар. Жер учаскесінің орналасуы мен көлеміне қарай оған жеке жеміс ағаштары мен жидекті бұталар отырғызады немесе жеміс бағын салады. Бау-бақша дақылдарының тұқымдарымен сорттарын жергілікті ауа райы мен топырағына қарай іріктейді. Барлық жерде дерлік өсіруге болатын жеміс-жидек дақылдарын қарастырайық.
Алма ағашы суыққа төзімді әр түрлі топырақта өсе береді.Жақсылап күтіп-баптаса жыл сайын жеміс береді. Иісі жұпардай ақшыл қызғылт гүлдері өте әдемі гүлдейді. Жапырақтары жұмыртқа тәрізді үшкіл сағақтары қысқа. Сортына қарай жемістерінің түсті де пішіні де еөлемі де түрліше болады.
Алмұрт-алма ағашына қарағанда суыққа төзімсіздеу,топыраққа да талғампаз бірақ бұзылмайтын берік ағаш жылма жыл жыл жеміс береді. Әдемі ақ гүлдері иісті болады. Жапырақтары ұзындығы жағынан боп келетін сағақтарының түбіне бірнеше жапырақ топтаса орналасады.
Шие суыққа төімді топырақ талғамайтын кішкене алғаш немесе шағын бұта. «Слава» «Шубинская» және «Владимирская» деген сорттары отырғызылған соң екінші-үшінші жылдан бастап ақ иісті өте әдемі ақ гүл шешектеніп гүлдейді.
Алхоры-жылау сүйгіш сондықтан аяздан және көктемгі үсіктен көп зардап шегеді құнарлы топырақта жақсы өсіп-жетіледі 4-6 жылда жеміс береді.
Жемісті және жидекті дақылдарды отырғызу. Отырғызу алдында қөшеттерді ауру және сыңғып тамырларың алып тастайды. Көшекттерді содан дайындаған сұйық балшыққа тамырымен салады. Отырғызғанда екі адам қатысады біреуі шүнұ\қырдағы үйінді топыраққа тамырларын қазып салып,ағашты ұстап түрады, екіншісі оған күрекпен топырақ. (алдымен үстіпгі қабаттын топырағын),салып ,оны аяағымен нығыздап таптайды. Ағаштын тамыр мойыны шұнқыр жиеттінен жоғарғы болуы керек,сонда топырық шөккен соң, ол жер беттімен бір денгейде болады.
Отырғызылған ағаштың айналасын диаметрі 0,5-1м шұнқыр жасап, топырақ тамырға тығыз жапысу үшін оған 2-3 шелек су құяды. Су сінген кезде ,шұнқырды шымтезек, қарашірік немесе құрғак топырақ қабаттымен бітеп жауып қояды. Ағашты екі жерінен сегіздік тәріздендіріп дәкемен қадаға байлайды. Бұталардын қадасыз-ақ отырғызады. Бұталардын 1-ің қысқыртады.
Қарақат пен тұшала көшеттерінің ұзындығы 10-15см –деп аспауы керке. Оларды питоммектегіден 6-8см терендік, жер бетінде 45бұрыш жасайды, көлбеу, етін отырғызады. Бұл-жанама тамырларын пайда болуыны себептігін тігізіп, бұтанің өсуін күшейтеді. Бұлшұнқырға ара қашыктығын 30-40см егін 2-3 көшет отырғызуға болады. Отырғызылған өсімдіктердін айналасын шұнқыр жасап, оған су құяады (2-3 өсімдікке бір шелектен). Шұнқырға қалындығы 6-8см шымтезек немесе топырақ себеді. Қарақатты, әсіресе қара қарақатты көбінесе сүректенген қалемшелер арқылы көбейтеді. Оларды күзде немесе ерте көктемде бүршіктерін ісіңіп, бөрте бастағанда дейін дайындайды.
Бұл үшін тамыр төңірегіндегі өргендерді немесе бір жылдық қатты бұтақтарды ұзындығы 18-20см қалемше етіп кесіп алады. Жоғарғы кесіндесін бүршіктен 1-1,5см биік етіп кескді.Қалемшілерді қопсыған және құнарлы топыраққа көлбетте (45бұрыш ) жасай, 1-2 бұршігі топырақ бетіне шығып тұратындай етіп отырғызыды(28-сурет).Ор\тырғызған кезде қалемшелердің ара қашыктығы-12-15см етеді. Қалемшілердін өсіп шыққан тікпе шыбықты 1-2 жылдан кейін тұрақты орына отырғызу керек.
Танқурайды тамырлары жетілген соң топырақ жентектерімен бірге өзі өсіп тұрған жердің дегейін дей етіп отырғызуға болады. Тамырын саздан жасалған сұйық балшыққа малып,ұқыптылықпен таратып –тұзеп, шұнқырға салады да,топырақпен жауып, өсімдік төңіреген ыңғайлайды. Сұрағаннан кейін (3-4 өсімдіктер бір шелектен) шұнқырларды шым тезекпен немесе қарашелекпен қалындығын 5-6 см етіп жабады. Бұлдіргенді мұртшалары арқылы көбейтеді, оның тұйіндерімен жапырықтар мен тамырлар осіп–жетіледі. Шұнқырды жиіктің бір жағынан тамыры еркін орналасытындай терендікке қазады. Тамырды шұнққырда соңғы рет түзетіп, тараттып топырақ салады да оны төңірегін қолмен тығыздап, нығайлайды. Күшітетін төбе бұршігін (өзекше) топырақпен жаппау керек . Отырғызған өсімдікті суарып (әрқайсыны 1л су). Төнірегіндігі топіраққа қалындығы 2-3см көн, шымтезек немесе құрғак топырақ төгеді. Бақты күту - бүл үшін ағаштардын және бұталардың төңірегіндегі топырақты қайта қазу, бұтақтарды кесу, суару, үстел қоректендіру және зиянкестермен күрес жүргізу керек. Жеміс-жидекті дакылдырдын маңындағы топырақ әрқашанда арам шөптерден таза жене қопсытылған болу керек. Ол үшін ерте көктемде және қара кузде оны қайта қазып, ал жазда августе ортасында дейін 4-50рет қопсытады.
Өсімдіктерді жазда екі рет сұйық тыңайтқышпен үстел қоректендіріледі. Оны былай даярлайды ыдыстың көлеміне көң салады да, үстінен су құйып толтырады 2-3 күннен соң, одан 1-2м қашықтықта, қазылған тереңдігі 15 см арықшаның 3-4 метіріне бір шелек су келетіндей есеппен құяды. Жаз құрғақ әрі ыстық болғанда өсімдіктерді суарады. Суарып үстен қоректендіргеннен кейін, топырақты қопсытады. Тұшала қарақат және таңқурай бұталарын жыл сайын кесіп тұрү керек, оны күзде жапқарғы түскенен кейін немесе ерте көктемде бүршік жарғанға дейін жасайды. Тұшалапын, ақ қызыл қарақаттын тек кешкен және зақымдаған бұтақтарын ғана кесіп тастайды. Қара қарақатта ең қатты 3-4 өркеннің қалдырадыда да, қалғандарын кесіп тастайды.
Таңқурайды күзде жеміс берген барлық екі жылдық өркеннің кесіп тастайды да ,бір жылдықтарын сиретеді. Әдетте бір түп бұтада ең жақсы 5-8 өркенді 12-14см қысқартып барып қалдырады да, қадаға немесе олардың арасына керілген сымға байлап қояды. Қысқы қарай таңқурайдың қөршілес екі түн бұтасының өркендерін қосып байлап, жерге иіп қояды.
Әрбір жаздың аяғында бүлдіргендердін мұртшаларын алып тастайды. Жас өсімдіктерді қысқы қарай аздап түптнйді немесе өсімдік егілген қатарларды қарашіп\рікпен (шымтезекпен) бүргеп жабады. Ерте көктемде бұталардын барлығын қалпыны келтіре түзетіп .тіршілігін қойған жапырақтардан тазартып, қатар аралықтарды, қатарлардағы топарақты қопсытады және қарашірікпен шымтезекпен немесе шөппен қалындығын 6-8см етіп,ылғал сақтау үшін жауып қояды. Суык болатын кездерде бүлдіргендерді қымтеп тастайды.
Өсімдіктерді отырғызғаннан кейін үшінші жылдың көктемінде 4-5 бөлік сумен сұйытылған көн садырасымен үстеп қоректендірді. Бүлдіргенді гулдеу алдында , жидектерінің пісіп кезінде және түсімін жинап алғаннан кейін әбдеп суарады.
Жеміс-жидекті өсімдіктерді зиянкестерден қорғау. Бау-бақша дақылдарынын негізгі зиянкестері–долана көбелегінің, шанқап көбелегінің, буылтықты жібек көбелегіне, алма жемірінің жұлдыз құртары сондай–ақ биттер мен бізтұмсық қоңыздар. Зақымданған бұтактарды кесу, жерге түскен жапырақтарды жою, қатар аралықтардың топырағын қайта қазып –зиянкестермен күрісудің қарапайым шаралары болып саналады.
Көктем мен күзде ағаш діндерін мүктеп, қынадан тазартады және жаңа ғана сөндірілген ізбес ертісін қаймак қоюланғанда қүйде сұйылтып (1 шелек суға 1кг ізбес салып), ізбес сүті деп аталатын ертінді жағады. Ағаш діндерін аяздап және кемірушілерден алдын ала қорғау үшін шыршы бұтақтарымен немесе сабанмен орап байлайды.
Қара күзде немесе қыста ағаштарды зер сала қарап, қалып доланы мен шанқан көбелектерінің жұлдыз құртарының ұясы бар кепкен жапрақтардын өртеп жібереді. Сол кезде булдыкты жібек көбелектердін жұмыртқалары бар бұтақтардын ұштарын қияды.
Алма ағашының алмұттың бүлдіретін алма жемірінің жұлдыз құртарының күресе қан тігетін матада, сабанан немесе қағаздың бірнеше қабатынан жасалған аулағыш бүлдіктерді қолданады.Қызыл құрттар өздері рақамдаған жемістердін жорғалап шығып, сол белдікке қайта барып қыстайды. Қара күзде белдікті алады да, жәндіктерімен бірге өртеп жебелерді. Сонымен қатар жазда күнделікті түскен жемісті жиын алады да,оларға қанаған су кұяды. Өсімдік биттерін құрту үшін саааабын ерітіндісін (10л суға 250-300г сабын) бүркеді.
Бізтұмсық қоңыздар қыстан шыққаннан кейін ағашқа өрмелеп шығады. Олармен күрестің бір шарасы-діңнін түбіне аулағыш белдік салады да инсектициднен өңдейді. Ағаштарға және бұталарға жорғалап шыккан қоңызтарды қандай да болсын бір төсініс төсеп, бұтақтарды қалтаға оралған таяқшамен жайлап соққылайды. Оларды төсініштен суға және аздаған кересоп құйылған шелеке сыпырып салады. Бүршіктер ісініп, бітеугүл пайда болғанға дейн аралықта 3-4 рет сілгіп алады. Бұл үшін ауа райы тымық, салқын (10градустан жоғарғы емес) болуы керек. Бала-бақша учаскесіне улы химикаттар қолдануға рұқсат етілмейді.
Көкөніс — тамаққа қолданылатын бақша жемістері мен көктер (қияр, сәбіз, помидор, қызылша, т.б.). Барлық көкөністер, негізінен, мынадай топтарға бөлінеді: тамыр-жемістілер — тарна, сәбіз, ақжелек түйнегі, ботташық, шалқан, тұрып, шомыр, балдыркөк түйнегі; жапырақтылар — қырыққабат, салаттар, саумалкөк, аскөк, жапырақты және сағақты балдыркөк, жапырақты ақжелек, рауғаш, қымыздық; жемістілер — томаттар, баклажандар, көкөніс бұрышы, қияр, қарбыз, қауын, асқабақ, кәді, патиссондар, гүлді капуста, бұршақ, лобия, атбас бұршақ, қант жүгерісі; жуашықтылар (тамаққа басы мен жапырағы пайдаланылады)— басты пияз, сарымсақ, порей, батун жуалары, шнитт жуасы. Картоп пен хош иісті дәмді көкөністер: анис, кориандр, кресс салат, тмин, жалбыз, майоран қияр шөбі, эстрагон. Көкөністер — бағалы тағам. Олардың тағамдық мәні бойындағы тез сіңгіш заттардың, ішінара көмірсутектердің болуына байланысты көкөністерде ас қорытуға пайдалы әсерін тигізетін, адам организміне қажетті витаминдер мен минералды тұздар, сондай-ақ ақуыздар, әр түрлі органикалық қышқылдар, эфир майы мол. Мысалы, картоп — крахмалға, ал қызылша — қантқа бай; капустада С витамині, ал сәбізде — организмде А витамині құрылатын — каротин (А провитамині) көп; рауғашта органикалық қышқылдар басым; көк бұршақ белоктарға; аскөк — хош иісті заттарға бай. Сондықтан да тамақ құрамына көкөністерді неғұрлым көп енгізіп, оларды пісірмей де, сондай-ақ әр түрлі тағамдарды дайындаған кезде де пайдалану керек. Еттен, балықтан және басқа азықтардан дайындаған тағамдарға көкөністі қосу тағамды жақсы қорытып, жаксы сіңіруге жәрдемдеседі. Кокөністердің диета тамағын дайындаудағы рөлі де зор (емдік тағамдар).
Көкөністердің жұғымдылығын сақтап қалу үшін оларды дұрыс өндеп, содан кейін барып әзірлеу керек. Көкөністердің сырты микробтармен, оның ішінде ішектің жұқпалы ауруын қоздырушы микробтармен, гельминттердің жұмыртқаларымен ластануы мүмкін, сондықтан пайдаланбастан бұрын суық сумен мұқият жуу қажет. Тамыр жемістері мен картопты бетіндегі топырағы кеткенше жуады. Содан кейін қабықтарын жұқалап аршып, шіріген, бүлінген жерлерін алып тастайды. Көкөністерде витаминдер мен минералды тұздар тікелей қабықтың астында болады, сондықтан олардың қабығын жұқалап аршу керек. Таз аршылған көкөністерді қайтадан жуып, тек содан кейін барып турау қажет. Оларды неғұрлым ірілеу кессе, витаминдері солғұрлым азырақ жойыл ады; картоптық кішігірім түйнектерін бөлмей тұтас пісірген жөн. Көкеністерді пайдаланар алдында тазалап, ұсақтап кескен жөн; ондай мүмкіншілік болмаса, таза, дымқыл орамалмен бетін жауып қояды, сонда олар ластанбайды және құрғап кетпейді. Тазартылған көкөністерді су ішінде қалдыруға болмайды, өйткені олардың бойындағы нәрлі заттары жойылып, дәмі бұзылады. Тазартылған көкөністерді 3 сағаттан артық (12°С аспайтын температурада) сақтауға болмайды. Жас қиярды, тұрыпты, сәбізді қабығын аршымай пайдаланған жөн. Салат, винегрет жасау үшін картоп, қызылша, сәбізді тазартпай-ақ пісіре береді. Қабығымен пісірген картоп С витаминін 22 % жоғалтса, тазартылған картоп екі есе артық жоғалтады. Тағам дайындау процесінде пайдалы, жұғымды заттардың жойылуын азайту мақсатымен тазартылған көкөністерді бұқтырып немесе буда пісіру керек. Көкөністерді пісірген кезде үстіне қайнаған ыстық су құйған жөн, өйткені С витаминін жоятын ферменттердің әрекеті жоғары температура кезінде тоқтайды.
Көкөністердегі С витаминін сақтап қалу үшін оларды кастрюльге салып қақпағын нығыздап жауып пісіреді, қатты және ұзақ қайнатпау керек. Көкөніс пісірген суды басқа тағамдарды (сорпа, тұздық) дайындау үшін пайдалануға болады. Жаңа жиналған көкөністі дайын тағамға салған жөн, оларды 10 минуттай артық қайнатпау керек. Оны дайын болысымен пайдалану керек, ұзақ сақталып, қайтадан жылытса, жұғымды заттары жойылады. Салаттар мен винегреттерді дайындағаннан кейін, тұздық қоспай тұрып 6 сағаттап астам, ал тоңазытқышта 12 сағаттай сақтауға болады. Көкөністер тез семіп, тез бұзылады. Бірақ көкөністі, төмен температурада (0°С төмен) ауа ылғалдығы 90—95% және көлеңкеле жаңа жиналған күйінде ұзақ сақтауға болады. Картоп, тамыр жемістер, пияздың бастары бұзылмайды да, жемісті көкөністер нашар сақталады, жапырақты көкөністерді сақтау мүмкін емес. Консерві өнеркәсібі әр түрлі көкөніс консервілерін шығарады. Консервілеудің қазіргі қолданып жүрген тәсілдері көкөністердегі пайдалы заттар мен витаминдерді сақтауға мүмкіндік туғызады.
Күні суық немесе топырағы ауыр, жазы қысқа, жауын шашыны мол юолатын немесе ойпаң жерлерде жүйектердің биіктігін 40-50 см етіп топырағы жеңіл, құрғақшылық аудандар мен биіктеу жерлерде жер бетіне деңгейлеп, тегістеу жасайды. Топырағының ылғалдылығы орташалау орталық алқаптағы жүйектерлдің биіктігі әдетте 15-20 см болады. Топырақ сусын кетпеуі үшін жүйектің жиегін көлбелеу қылып қояды. Жүйектердің бір бірінен қашықтығы 50-60 см ал бақшадағы негізгі жолдың ені 1 м болып келеді. Бақшадағы бөлінген алаңды дуалмен немесе жүгері (тез өседі, жақсы желек жаяды, жемістері әдемі тұкымдары ірі болады), немесе күбағыс(бұл тез өседі, гүлшоғырының күнге қарай қозгалуы ьақылауға қызықты )қты өсімдіктерден қоршау жасап қояды.
Тағамға пайдаланылатын бөліктері бойынша көкөніс дақылдарын жапырақты (капуста салат) жемісті (қияр, помидор, асқабақ, кадіш, асбұршақ, үрмебұршақ, жүгері), тамыр жемісті (шалқан сәбіз шалғам) және баданалы (пияз, сарымсақ) деп ажыратады.
Балабақша учаскесінде өсіру үшін: топырақ талғамайтын, күтімі женіл көктеп өсетін және тез пісетін, жеуге жарайтын бөлігі бар, шикі күйінде де пайдалануға болатын әрі дәмді, бақылауға қызықты дақылдарды алған жөн.
Жоғарыда көрсетілген талаптардың көпшілігіне мынадай бақша дақылдары: пияз, қант бұршағы, жеміс бұршақ помидор, капуста асқабақ пен кәдіш, сәбіз, ақжелкен сай келеді.
Аталған дақылдардан сәбилер тобындағы балалар үшін 1-2 естиярлар тобындағы балалар үшін 2-3, ересек топтағылар үшін 4-6, мектепке даярлық тобындаылар үшін 6-8 дақыл алу керек. Көкөніс өсімдіктерінің сортары көп. Олардың ішінен жергілікті табиғи жағдайларға баскаларынан бөрі жақсырақ беимделгендерін алу керек.
Шалқан пияздың тұқымының пішіні үш қырлы қара түсті («чераушка») болып келеді. Жерден ілгек сияктанып көктен шығады. Алғашқы нағыз жапырақ тұқым жарнағын жапырақшасының тесігінен шығады, ал келесі жапырақтардың әрбіреуі бұрынғы жапырақтврдың ішінен өсіп өрбейді. Жапырақтары жасыл, шырынды түтікшелі, сыртың балауыз өнез жауып тұрады. Жапырақтары түзелгенен кейін баданасы-жер асты өркені қалыптасады, оның ішінде бір біріне тығыз жабысқан етей жұмсақ аппақ жапырақтар болады. Олар қоректік заттарға толы. Сыртқы жапырақтары пісіп жетілген кезде кеуіп, жарғақтай болады да, сары, қоныр, қызыл немесе күлгін түстеніп, қабыршаққа айналады. Пиязшықтың (баданасын) түбіртегі өні өзгерген сабақ болып саналады: одан төмен қарай ұсақ тамырлар , ал жоғары қарай етті жапырақтар өсіп шығады.
Пиязды көбінесе екі жылдық дақыл ретінде өсіреді. Алғашқы жылы тұқымнан майда пиязшықтар ( екпе- пияз) алынады. Шалқан пиязды өсіру үшін көлемі 1 ,5-2 см екпе пияз алып, бораздағы «нғынан келтіре», яғни майда пизшықтың жоғарғы ұшы топырақтан селтейтіп көрініп тұратындай етіп отырғызыады.бораздалардың арақашықтығы 15 -20 см , ал өсімдіктердің арасы 6-10 см болуы керек. Пияз жиі суаруды қаламайды, шалқан жапырақтарынын жығылып қурауы – пісіп жинап алуға дайын болғандығынын белгісі.
Қант бұршағының тұқымы жұмыр, өте ірі, сырт тегіс немесе бұжыр, қауызының астына орналасады, ол екі тұқым жапрақтап, түбірлермен бүршіктерден тұрады..
Егілген тұұқымдардан ұзындау, жақалау, майысқақ сабағы және жұмыртқа тектес бірнеше жұп жапырақшалардан тұратын түк-түк жапырақтары барөркендер өсіп шығады., ол жапырақтардың мұртай қылтанақтары дінінің айналасынас серіппедей ширатылып барып аяқталады. Тамырын жерге терең жіберетіндіктен, бұл құрғақшылықка төзімді өсімдік.