Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі баязова б. Т балаларды табиғатпен және экология негіздерімен таныстыру әдістемесі астана 2018 Кіріспе


Мектеп жасына дейінгі балаларды үй жануарлары және жабайы аңдармен таныстыру



бет40/47
Дата03.12.2023
өлшемі219,4 Kb.
#133568
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   47
Байланысты:
КІТАП.Балаларды табиғатпен таныстыру және оқыту әдістемесі,

6.2. Мектеп жасына дейінгі балаларды үй жануарлары және жабайы аңдармен таныстыру

Үй жануарлары - жануарлардың қолға үйретілген түрлері. Сондықтан кейде бұларды қолға үйретілген жануарлар деп атайды. Мүйізді ірі қара, түйе, жылқы, есек, қой-ешкі, ит, шошқа, мысық, үй қояны үй жануарларына жатады. Өркениет дамуының барысында адам сүтқоректілердің 60-қа жуық түрлерін қолға үйреткен. Үй жануарларын қолға үйрету алғашқы адамдар мекендерін қазып зерттеу нәтижесінде, бұдан 15-10 мың жыл бұрын басталған. Аңшылық тәсілі жетілген сайын жабайы, тағы жануарлар саны азайып, адам баласының күнделікті тұрмыс қажетін қанағаттандыру үшін үй жануарлары қолға үйретіле бастады. Қазіргі кезде: 170 млн-ға жуық қой - Австралияда; 197 млн-нан астам ірі қара мал - Үндістанда; 7 млн-дай түйелер - Сомалиде өсіріледі деп саналады. Үй жануарлары тек материалдық байлық көзі ғана емес, сонымен бірге, рухани қазына болып есептелінеді. Жаңа ортаның әсері және қолдан іріктеу, жұп таңдау нәтижесінде бұларда адамға пайдалы жабайы жануардан өзгеше қасиеттер пайда болды. Осы кездегі мал тұқымдары өзінің жабайы ата тегінен едәуір ірі, етті, аяқтары қысқа, тұрқында да өзгерістер байқалады. Мысалы, ең ірі ит тұқымы - сенбернар, оның салмағы 77 кг-дай болса, ең кішкентай ит - чихуахуа, оның салмағы 450 г-нан аспайды. Ең кішкентай сингапур мысығының салмагы - 1 кг 81 г болса, ал ең ірі мысық - рэгдолл, ол 9 кг-дай салмақ тартады. Тегіне қарағанда үй жануарларының сүйегі жеңіл, омыртқа саны аз, бас сүйегі кіші, сондай-ақ мүйізі, ішкі органдары да өзгеріске ұшырады, Бұлардың өкпесі, жүрегі, бүйрегі жабайы ата тегіне қарағанда кемірек дамыған, жыныс ерекшеліктерінде де көптеген өзгерістер байқалады. Ата тегімен салыстырғанда үй жануарларының жүйке жүйесінде де өзгерістер пайда болды, Мысалы, қолдағы мал миының көлемі кішірейіп, салмағы азайған, көру, есту, иіс сезу органдарының қызметі төмендеген. Оның есесіне үй жануарларынан алынатын ет, сүт, жұмыртқа, жүн мөлшері көбейді. Ең жақсы жүн меринос қойларынан алынады.


Хайуанаттар бағы, зоопарк - жабайы жануарларды қолда (торда, қоршауда) немесе жартылай қолда (табиғи мекендеу ортасына жақын көлемде қоршалған аумақ) ұстайтын ғылыми ағарту мекемесі.


Қазақстанның хайуанаттар бағы Қазір дүние жүзінде 850-ден астам, ТМД елдерінде 33, Қазақстанда 3 хайуанаттар бағы (Алматы хайунаттар бағы, Шымкент хайуанаттар бағы,Қарағанды хайуанаттар бағы) бар. Алматы хайунаттар бағы 1937 жылы құрылған, Жер көлемі 54 га. 7 секцияда хайуанаттардын 530-дан аса түрінің 5900-дей данасы тіршілік етеді, 77 түр Халықаралық табиғат қорғау одағының, ТМД және Қазақстанның «Қызыл кітабына" енгізілген. Қазақстан фауантасында кездеспейтін сүтқоректілер: барибал (Америка кара аюы), Африка арыстаны, Австралия кенгуруі, Жапон макакасы, Үнді тырнасы, Мысыр кобрасы, Қытай аллигаторы; құстардың 70- тен сирек кездесетін түрлері: эму, нанду өсіріледі. Бақта ақ аю, парсы ірбісі, сервал мысығы, қызыл қасқыр, бегемот, Амур жолбарысы жануарлар қоршауда көбейіп, ұрпақтарын жалғастыруда. Олар дүние жүзіндегі басқа хайуанаттар бағында өсірілетін түрлермен алмастырылады не сатылады. Кейбір түрлер, мысалы, тоғай бұғысы, ителгі табиғи мекендеріне жіберіледі, Бақта «Теңіз аквариумы» павильоны жұмыс істейді, онда әлемдік фаунада сирек кездесетін балықтардың, шаянтәрізділер мен қосмекенділердің бірнеше түрін тамашалауға болады. Алматы хайуанаттар бағы сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жабайы жануарларды қорғау жөніндегі көптеген халықараралық бағдарламаларға қатысады. Қарағанды хайуанаттар бағы 1938 ж. құрылган. Жер колемі 14 га. Зообақта балықтардан: тұқылар, тұқытістілер, алабұғалар: құйрықты және құйрықсыз қосмекенділердің бірнеше түрі; бауырымен жорғалаушылардың: тасбақа, ешкіемер, ұршықсап кесіртке, жармасқы, назыз кесіртке, сұр кесел; жыландардан: айдаһар, торлы жыландар, сұр жыландар: құстардан, қоқиқаз, құтан, ақ дегелек. қыран, сұңқар, тырна, балықты тұйғын, шағала, жапалақ, сүтқоректілерден: лемур, лори, мартышка, піл, қызыл қасқыр, Бұқар бұғысы, аю, камшат аңдар бар. Шымкент хайуанаттар бағы 1980 жылы құрылған. Жер колемі 54 га, оның 34 га экспозиция орналасқан, жануарлардың саны - 1000 бас. Зообақта 6секция жұмыс істейді, онда жануарлардың 165 түрі ұсталады,олардың 20 түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына" енгізілген.

Балаларды үй жануарлары және жабайы аңдармен таныстыру технологиялары .


Қазіргі заманғы ғылыми-технологиялық даму адам өмірінің,қызметінің барлық саласын қамтиды, ал ғылым саласындағы теориялық өзгерістердің жалпы стратегиялык ғылымның тұрақты өзегі ретінде дүниенің ғылыми бейнесін білдіреді. Оқытудың технологиясы киелі білім берудің теориялық және қызметтік негізін қалыптастырады, білімді еңбекпен ұштастырып, іс-әрекеттің саналығын дамытады, мақсатты өмір сүруге ұштасуға әсер етеді. Оқыту технологиясы - оқу бағдарламаларында қарастырылған, Алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдісі туралы және түрлерінің жүйесі арқылы оқыту мазмұны жүзеге асыру жолы. Сөйтіп оқыту технологиясында мазмұны, әдісі және құралдардың өзара байланысы мен себептілігі жатыр, Бір сөзбен айтқанда технология дегеніміз шеберлік туралы ғылым. Оқу барысында оқыту технологиясын қолдану жөніне сөз болғанда әр кімде, әр түрлі пікір туады. Педагогикалық технология баланың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің дамып отыратын жобасы. Педагогикалық технология ерекшелігін педагогикалық жүйені жобалау тұрғысынан анықтау үшін жобалауды білім беру ойлағында оқыту жүйесі мен оның жекелеген компонентерін жасауын қажет. Осылайша оқыту технологияның әдіснамалық қызметі жалпы стратегиялық үлгі - оқытуды жобалау, ұйымдастыру және жобаны жүзеге асыру арқылы анықталады. ғылыми бейнесіп білдіреді. Оқытудың технологиясы киелі білім берудің теориялық және қызметтік негізін қалыптастырады, білімді еңбекпен ұштастырып, іс-әрекеттің саналығын дамытады, мақсатты өмір сүруге ұштасуға әсер етеді. Оқыту технологиясы - оқу бағдарламаларында қарастырылған, Алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдісі туралы және түрлерінің жүйесі арқылы оқыту мазмұны жүзеге асыру жолы. Сөйтіп оқыту технологиясында мазмұны, әдісі және құралдардың өзара байланысы мен себептілігі жатыр, Бір сөзбен айтқанда технология дегеніміз шеберлік туралы ғылым. Оқу барысында оқыту технологиясын қолдану жөніне сөз болғанда әр кімде, әр түрлі пікір туады. Педагогикалық технология баланың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің дамып отыратын жобасы. Педагогикалық технология ерекшелігін педагогикалық жүйені жобалау тұрғысынан анықтау үшін жобалауды білім беру ойлағында оқыту жүйесі мен оның жекелеген компонентерін жасауын қажет. Осылайша оқыту технологияның әдіснамалық қызметі жалпы стратегиялық үлгі - оқытуды жобалау, ұйымдастыру және жобаны жүзеге асыру арқылы анықталады.
Step bu step (Тәй-тәй) технологиясы Step bu step (Тәй-тәй) технологиясын халықаралық білім беру ұйымдарында өте тиімді пайдалануда. Тәй-тәй технологиясының негізгі мақсаты: тарбиелеу мен білім беру ісіне отбасын тарту, ата-аналарды педагогикалык үрдістерге, жоспарлау мен ұйымдастыруға қатыстыру. Жаңа технология үрдісінің талабы - балаға білім беруде мақсатқа жету, іс-әрекеттері арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттыра отырып, баланың дамуына, жаңалықты тез қабылдауына әсер ету. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту стандарт деңгейінде жаңа «Тай-тәй» технологиясын белсенді дамыту орталықтарын құрудың маңыздылығы. Бұл алға қойылып отырған негізгі талаптар - Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне толық енуінің алғашқы даму стратегиясын жасау болып табылады. Халықаралық "Тәй-тәй" технологиясын балабақшаға ендіре отырып, мемлекеттік және халыкаралық стандартты деңгейі алдымызға жауапты міндеттерді қоюмен қатар, оны орындауда кездескен қиыншылықтарды шығармашылық ізденіспен қатар, бірлесе отырып, жеңуге болатының үйретті. Белсенді даму ортасын құрудың негізгі мақсаты қалыптасып келе жатқан тұлғаға әлеуметтік, рухани жағынан өмір сүруіне аса керек қажеттіліктерді қамтамасыз ету болып табылады. Осы бағытта жұмыс атқара отырып, педагогикалық ұжым «Тәй-тәй» технологиясының принциптерін орындайды. Ол орталықтарда жүзеге асатын белсенділік көріністер әрбір жеке тұлғаның іс- арекетінен байқалып отырады. Белсенділік орталығының мүмкіндіктерін, кажеттілігін ескере отырып педагог өз білімін, балалардың ерекшеліктерін, айрықша қабілетін ашуға, дамытуга пайдаланады. Осы бағытта жұмыс атқара отырып, технологияның принциптерін орындайды. Технологияның басты іс- әрекеті: - 1-2 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы демократиялық кағидаларды колдау; - білім беру ісіне отбасын, қоғамды тарту: - баланың жеке басының ерекшіліктерін ескере отырып табиғи қабілетін ашу және дамыту. "Тәй-тәй" багдарламасының көз жеткізіп отырғаны, оқу барысын ішінара тарту арқылы балалар одан әрі дамиды. Мұқият ойластырылған білім беру ортасы балалардың әлемді зерттеуіне, ынтасын көрсетіп, шығармашылық өнерлерін көрсетулеріне жағдай туғызады.Білім беру ортасын құру үшін және балалардың құрал-жабдықтарын дайындап беру үшін, олардың дамуына жағдай жасау үшін педагог жұмыс істеу барысында өз білімдерін пайдаланады, "Тәй- тәй" технологиясы бойынша жүргізілетін жұмыстың ерекшелігі: орталықтарға бөлініп шағын топпен жұмыс атқару балаларды бірін-бірі сыйлауға, бір-бірінің сөзін тыңдауға, ынтымақта болуға дағдыландырады. Бұл технологияда бала, ата-ана, тәрбиеші арасындағы ынтымақты қарым-қатынасқа баса назар аударылады. Тәй-тәй технологиясы арқылы мектеп жасына дейінгі балаларға жануарларды толық таныстыру козделген, Балаларды бірінші көркем әдебиет орталығы арқылы жануарлар туралы толық мағлұматтар беріп, солар туралы мақал-мәтел айтып беру, келесі табиғат орталығы сол жануардың қайда мекендейтіні, олар немен қоректенетінің айту керек, үшінші орталық бейнелеу орталығы сол жануардың суретін салу. Суретін салу балалардың естерінде жақсы сақталып қалады және қорытынды бөлімі болып табылады. Тәй-тәй технологияны қолдану арқылы балаларға табиғаттағы жануарлар туралы толық мағлұмат алады. Оларды табиғатпен таныстыра отырып, жануарлардың қимылына көңілін аудару керек. Балалар әсемдіктің бәрін сезінуді үйренуі, сөйтіп, сол арқылы өзінің алдағы өмірінде дүниенің бүкіл сұлулығын және алуан түрлілігін қабылдай білуі қажет, «Тәй-тәй» технологиясы өсер ұрпақтың қабілетті, бәсекеге сай болып өсуіне, болашаққа нық қадам басуға үйрететін бірден-бір әдіс-тәсіл.
Сын тұрғысынан ойлау - бұл американдық көптеген ғалымдардың алдыңғы қатарлы идеялары негізінде құрылған жоба, оның тұтас құрылымы болғандықтан технология деуге негіз бар. Ол ағылшын тілінің «Critical thinking" дегенінің тікелей аудармасы, яғни бұл сынау деген соз емес, одан да ауқымды, терең, сыни ойлау баланың қоршаған орта, ақпарат әлеміне, өзіне, өзінің іс-әрекетіне,өзінің дербестігіне көзқарасты қалыптастыру. Интеллектуалдық оқытудан айырмашылығы - теориялық білімінің өте аздығы, оның есесіне өзіне тән ұйымдастырылған оқу қызметінің құрылымы жасалған әр кезеңге сай әдіс-тәсілдер, стратегиялар, яғни оқыту үшін тәрбиешіге нақты "инструменттер" берілген. Мұнда да педагогтің шеберлігі, әр «инструментті» өз орнына ұтымды қолдана білуі де аса қажет. Сын тұрғысынан ойлау - ашық қоғам негізі. Ол өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың және сол дәлелдемелерді зерттейді. Бұл оқыту қарапайымнан күрделіге қарай деп аталады. Сын тұрғысынан ойлау бойынша оқу қызметі өту кезеңдерінің 3 сатысы бар: - қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру; - мағынаны тани білу. Бала жаңа акпаратты бұрынғы білімімен ұштастыра түседі; - ой-толғаныс, Балалар өз ойларымен байқаған ақпаратты өз сөздерімен айта біліп, өзара алмасады. Балалардың өз бетімен әрекет істеуге құштарлығы, 《өзім, өзім істеймін» деген көздерінде байқалады. Ол кездегі олардың өз беттерімен тырмысып, өзіне-әзі істеуі жайдан күрделіге өтуге құлшыныс сатысы. Бірақ танымдық әрекеттерге ұлғылыстары, өзіндік істерге ықыластары кейін кеми беретіні машықта байқалады. Физиологтар мен психологтардың оған өз түсініктемелері бар, Бірақ мәселенің бір маңызды жағы, біздің ойымызша, педагогта. Ұйымдастырылған оқу қызметінде коп жағдайда бала білімді қабылдап алушы, көп объектінің бірі деп есептеліп, олардың ерекшеліктері жеке ашыла бермейді. Сондықтан баланың "субысктік белгілері» азайып, өзін "объект" сезінетін орта қалыптасады, Сыни ойлау жобанын философиясы - баланы өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, даралық ерекшеліктерін ескеру, әрі қарай жетілдіру болып табылады. Оқыту ылғи 《орташа» балаға бағытталған әр деңгейдегі барлық балаға жеке зерттеу - бақылау негізінде жүргізілсе ғана мақсатына жетеді. Ересек және мектепалды даярлықта сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының кейбір стратегияларын қолдануға болады. Бір технологияның өзі әр түрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін. Тәрбиешіге шығармашылық еркіндік беріледі. Әр оқу кызметінің сапалы болып, оның тиімділігін арттыру, ізденімпаз, шығармашылығы шындалған ұстаздың қолында. Осы технологияның бүгінгі таңда әр түрлі әдіс тәсілдері дүниеге келуде. Тәрбиеші ұйымдастырылған оқу қызметінде белгілі бір нәтижеге жету үшін оқу қызметінің жоспарын құру барысында, қай жерде қолдану жолдарын, тапсырманы дұрыс ұйымдастыру жолдарын қарастыруы тиіс. Тапсырманы балалардың жас ерекшеліктеріне қарай нақты беруге тиіс. Уақыт өлшеніп берілуі тиіс. Міне, осындай оқытудың жаңа технологияның біріне - оқу қызметті өткізуді "Сыни тұрғыдан ойлау багдарламасы» бойынша ұйымдастырылу жатқызылады. Бұл әдісті талданып отырған мәселе бойынша әрбір бала өз топшылауын, өз пайымын білдіреді, өзіндік дәлелдер келтіреді, баскалардың ой түйіндерін сынайды, олардың мәнді мағыналы жақтары жөнінде өз пікірін, өз тоқтамын жасайды, Бұл әдіс шәкірттерге де, педагогқа да үлкен жауапкершілікті жүктейді. Оқыту әдістерін жетілдіруге дамытуға олардың тиімділігін арттыруға көмектеседі. Балаладың сыни тұрғыдан ойлау кабілеттерін дамытуға арналған оқытуды әдіс-тәсілдері білім алушыларға құбылыстардың себептерін толық ұғынуға, ережелер мен заңдылықтардың сырларын терең түсінуге, олардың ғылыми білімдігі орнын аңғаруға қолайлы жағдайлар жасайды. Мұндай әдістер табиғатынан тұйық өз ойын тәптіштеп түсіндіруге шалағай, өздіріне сенімсіздеу, далданған мәселелердің баяндалған тақырып мазмұнынан тиісті байлам, түйін жасауда жасқаншақтық байқататын балаларға пайдасы зор. Оқу қызметі барысында шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау кабілеттерін жетілдіруге, дамытуға арналған оқыту технологиясы оларға еркін ойлауға, байқалған, баяндалған мазмұнынан тәуелсіз пайымдамалар жасауға мүмкіндік береді. Шығармашылық белсенділігі жоғарлайды, ұжымдық ойласу, ұжымдық тұжырымдар жасауға белсене атсалысады,ұжымдық ойласу,ұжымдық тұжырымдар жасауға белсене атсалысады,ұжымдық қорытындыда өз үлесі бар екенін сезіп қуаттана марқаяды, келесі мәселелер түйінін шешуге еркін араласады, өз ойын жасқанбай айтуға үйренеді. Тақырыптың негізгі өзегін, бағытын, мән мағынасын түсінеді, тіл байлығын жетілдіреді. өз ойын қысқа, мазмұнды, мағыналы, дәлелді баяндауға дағдыланады, қызығушылығы артады, ғылым негіздерін игеру әдістерін меңгереді, сөйтіп өзін келесі маселені талдауға дайындайды. Қорыта айтқанда сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасы бойынша жүргізілген оқу қызметі іздеудің мән - жайына қанығады, білімді тереңінен айтуға төселеді, дәлелдер келтіру, дәлелдеу тәсілдеріне жаттығады. Теориямен практиканың бірлігін игереді, жеке және топпен бірлесіп, мәселе түйінін шешу жолдарын табуға жаттығады, өз жолдастарының пікірімен саласуға, өткір сындарды тындап одан тиісті қорытындылар жасай білуге машықтанады.
ТРИЗ технологиясын құрған М.С. Альтшуллер. Инженер Альтшуллер 20 ғасырдың 40 жылында шығарылған ТРИЗ технологиясы адамның шығармашылық бастамасына негіз болады. ТРИЗ әдістемесі біліммен заңды қолдану және технологиялық жүйелі дамыту арқылы орнатылған. Технологиялык жүйе калай болса солай емес, белгілі бір заңдарға сүйене отырып жүзеге асырылады, ол заңдарды босқа пайдаланбай сана арқылы пайдаланады. ТРИЗдің пайда болумен тарихта тұтас технологиясы, оқытудың шығармашылық мүмкіндігі пайда болды. ТРИЗ технологиясы бұл педагогикалық бағыт, Қатты ойлау теориясының жалпы ортақ жолы - ТРИЗ. Технологияның ерекшелігі - маңызды тапсырма беру, ғажайып кездесуді ұйымдастыру, бұл сөздің түпкі мағынада жұмыстарымен танысу. ТРИЗ технологиясы арқылы баланың қабылдаудың маңызды ерекшелігіне оқыту барысында қорытынды шығаруды үйретеді. Қазіргі заманғы ТРИЗ педагогикасы мектепке дейінгі баладан бастап студенттерге дейін анықтайтын арнайы курс жүйесін қамтыды. Бұл жұмыстың ерекшелігі әр топта жұмыс жасағанда балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп отырады. Шығармашылық ойлаудың маңызды қасиеттеріне сүйене отырып мағлұмат көлемінде заңдылықты табу және оны белгілеу, жүйелілік және құрылымдық дағдыларын игеру, тапсырмаларды орындау үшін жасырын ресурстарды қолдана білу, қарсылықты көру, шешу қалыптастыру жатады. Қарсылық түсінігі - ТРИЗ әдісінің кайнар негізі болып табылады. Шығармашылық тапсырманы шешу жолдарын меңгеру. кез-келген объектіні кабылдау немесе жаратылыс қатынасты дамыту. Табиғатпен таныстыруда ТРИЗ технологиясы көп қолданылып келуде. Әр оқу қызметінде осы технологияны тиімді пайдалана білу тәрбиешінің міндеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет