Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


-тарау. Объектілердегі медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар



бет10/16
Дата19.12.2022
өлшемі57,14 Kb.
#58121
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
сан пин каз

9-тарау. Объектілердегі медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

126. Объектілерде балаларға медициналық қызмет көрсету қамтамасыз етіледі.


127. Балалар толық емес уақыт болатын МДҰ-да медициналық үй-жай көзделмейді.


128. Күн сайын әрбір жас тобында балаларды таңертеңгі тексеріп-қарау жүргізіледі.


129. Медициналық кабинеттің жабдықталуы осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес қабылданады.


130. Аурудың созылмалы түрлерімен ауыратын, тәуекел факторлары бар, сондай-ақ профилактикалық медициналық тексеріп-қарау кезінде анықталған және (немесе) жекелеген жіті аурулармен ауырған балалар құрылған сауықтыру жоспарына сәйкес диспансерлік есепке алуға және бақылауға жатады.


131. Медицина персоналы емдеу-профилактикалық және сауықтыру іс-шараларын жүргізеді, сондай-ақ балалардың сырқаттанушылығын төмендетуге және денсаулықтарын нығайтуға бағытталған кешенді сауықтыру іс-шараларының жоспарын жасайды.


132. Эпидемиялық қауіптілік дәрежесі бойынша әлеуетті қауіпті қалдықтарға жататын медициналық қалдықтар түзілген жағдайда, оларды нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес залалсыздандырады және жояды.


133. Объектілердің медицина қызметкерлері мен әкімшілігі:


1) тоқсан сайын сауықтыру жоспарларын кейіннен түзете отырып, сырқаттанушылыққа талдау жүргізеді;


2) жыл сайын балалардың денсаулығын сақтау және нығайту, олардың арасында сырқаттанушылықты төмендету бойынша іс-шараларды жоспарлайды және балаларды сауықтыру бойынша іс-шаралар жүргізеді;


3) созылмалы ауруы бар балаларды уақтылы диспансерлеуді ұйымдастырады және бақылайды;


4) тереңдетілген медициналық тексеріп-қарау нәтижелері бойынша динамикалық бақылау тобын (денсаулық топтары), денесінің даму деңгейін, дене шынықтыру сабақтары үшін медициналық топтарды айқындайды;


5) емдеу-сауықтыру жұмысын (оның ішінде балалардың денсаулық жағдайын динамикалық бақылау, шынықтыру, сауықтырудан өту және басқасы) жүргізеді;


6) балалардың сырқаттанушылығының статистикалық есебін жүргізеді;


7) объектілердегі қызметкерлердің профилактикалық медициналық тексеріп-қараудан уақтылы өтуін және осы Санитариялық қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес ас блогы жұмыскерлерін тексеріп-қарау нәтижелері журналына деректерді тіркей отырып ас блогы жұмыскерлерінің денсаулығына күн сайын бақылауды жүзеге асырады;


8) жыл сайын және сұрау салу бойынша тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне сырқаттанушылық, профилактикалық медициналық тексеріп-қараудан өткізу, денсаулық жағдайы бойынша балаларды бөлу (денсаулық тобы), дене тәрбиесі топтары, диспансерлік бақылау және жүргізілген сауықтыру бойынша ақпарат ұсынады;


9) күн сайын ас блогының ұсталуын, тамақ өнімдерін сақтау жағдайлары мен мерзімдерін, тағамды дайындау технологиясын, дайын тағамның сапасын тексеріп-қарауды жүргізеді.


Балалар толық, тәулік бойы болатын МДҰ-да және сәбилер үйлерінде он күн сайын осы Санитариялық қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес оны кейіннен түзете отырып және тамақ өнімдері нормаларының орындалуын бақылау тізімдемесін жүргізе отырып, күнтізбелік 10 күнге негізгі өнімдер бойынша тәуіліктік нормалардың орындалуына талдау жүргізеді.


134. МДҰ-ге түсетін балалар медициналық тексеріп-қараудан өтеді және тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйым беретін денсаулық паспорты мен денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынады.


135. Үш және одан көп күн болмаған балалар МДҰ-ға дәрігердің денсаулық жағдайы туралы анықтамасы болған кезде қабылданады.


136. Медициналық кабинеттерде жабдықтар мен мүкәммалды өндірушінің нұсқаулығына сәйкес дезинфекциялау құралдарымен санитариялық-дезинфекциялық өңдеуден өткізеді.


137. Балалар немесе персонал арасында инфекциялық аурулар тіркелген жағдайда, сондай-ақ профилактикалық мақсатта объектілердің басшылығы, оның персоналы және медицина қызметкерлері санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізеді.


138. Объектілерде осы Санитариялық қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес медициналық құжаттама жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет