6-тарау. Балалардың тұру жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 89. Объектілердің жатын бөлмелерін жеке стационарлық кереуеттермен жабдықтайды. МДҰ және сәбилер үйлеріндегі және бөбек жасындағы (1-2 жастағы) топтардағы жатын үй-жайлары жататын жердің өзгермелі биіктігі еденнен 30 см және 50 см деңгейінде және қоршаудың еденнен биіктігі 95 см болатын төрт жағынан биіктігі 120 см, ені 60 см қоршауы бар манеждермен немесе стационарлық кереуеттермен жабдықталады. 3 – 6 жастағы балалар үшін – ұзындығы 140 см, ені 60 см, биіктігі 30 см. Бүйір жақ қоршауының биіктігін кемінде 15 см-ге азайту мүмкіндігі көзделеді. 90. Мектеп жасына дейінгі (3-6 жастағы) балалардың күндізгі ұйқысын стационарлық екі қабатты кереуеттерде, жататын жері қатты жиналмалы кереуеттерде немесе түрлендірілетін (қайырмалы, жылжытылатын, домалатып шығарылатын) кереуеттерде ұйымдастыруға жол беріледі. Жиналмалы немесе түрлендірілетін кереуеттерді пайдаланған кезде оларды сақтау үшін, сондай-ақ төсек жабдықтары мен киім-кешектерді жеке сақтау үшін орын көзделеді. 91. Бір жатын орынға кемінде үш төсек-орын жиынтығының болуы көзделеді. 92. Балалар тәулік бойы болатын МДҰ-да және сәбилер үйлерінде балаларды шомылдыру төсек-орнын, іш киімді және орамалдарды бір уақытта ауыстыра отырып, күнтізбелік жеті күнде бір реттен сиретпей график бойынша жүзеге асырылады. 93. Төсек-орынды, орамалдарды ауыстыру ластануына қарай, бірақ аптасына бір реттен сиретпей жүргізіледі. Жылына кемінде бір рет төсек-орын жабдықтары камералық дезинфекциялануға жатады. 94. Төсек-орын, киім мен аяқкиім, қатты мүкәммал қорын сақтау үшін қойма үй-жайлары көзделеді. 95. Төсек-орын жабдықтары, орамалдар, жеке гигиена заттары (тіс щеткасы, тарақ, жөкелер) әр балаға жеке бөлінеді. Жеке тіс щеткалары, жөкелер ашық ұяшықтарда сақталады. 96. Төсек-орынды жуу объектінің кір жуатын орнында жүзеге асырылады, ол болмаған жағдайда басқа орталықтандырылған кір жуатын орындарда ұйымдастыруға жол беріледі. 97. Кір жуатын орында таза және лас төсек-орынның қарама-қарсы ағынына жол берілмейді. Инфекциялық аурумен ауырған науқастардың төсек-орны жуу алдында таңбаланған ванналарда дезинфекциялануға жатады.