Зуляров Илья 112 группа 1-тапсырма. Зерттеп оқу әдісі арқылы мәтінді оқып шығыңыздар. Ахметбек НҰрсила, «Саржайлау»



бет1/2
Дата30.01.2023
өлшемі18,46 Kb.
#63628
  1   2

Зуляров Илья 112 группа
1-тапсырма. Зерттеп оқу әдісі арқылы мәтінді оқып шығыңыздар.
Ахметбек НҰРСИЛА, «Саржайлау» корпорациясының төрағасы:
– Жарнамасы керемет газдалған сусындарға қарағанда, қымыздың өзіндік құны 100 есе жоғары. Бір сауғанда 200 грамм ғана дәрулік сусын алынады. Ал қымыз тұтынушыға жеткенге дейінгі жұмыс биені күніне алты рет сауып, оны сақтап, зауытқа апарып, дайындау технологиясын бұлжытпай орындап, содан кейін ыдысқа құюмен аяқталады. Бұл орайда бірден-бір жол – табиғи сусын шығаратын отандық кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету.
Қымызды зерттеуге бүкіл ғұмырын арнаған Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, биология ғылымының докторы, профессор Зұлхарнай Сейітовтің есімі елге таныс. Ғалымның қымызға қатысты идеясы мынадай:
«Құнын түсірмей, қадірін асырамыз десек, қымыз бен шұбатқа рұқсат беруді бір жүйеге келтіруіміз керек. «Кез келген жерде сата бер» деуге тыйым салынып, еліміз бойынша екі-үш орында ғана рұқсат қағаз беретін мекеме болса, қане. Сатылатын қымыздың сапасын қатаң қадағалайтын сауатты лабораториялар ұйымдастырып, ол есепте тұруы керек. Әркім өзінің екі биесінің қымызын базарға, не жол бойына ала жүгірумен ұлттық бренд жасай алмаймыз. Жабайы сауда қымыздың да, шұбаттың да көсегесін көгертпейді. Сонымен қатар жыл бойы бие сауу ісін де қолға алатын уақыт жетті. Егер лауазымды мекемелер бұл игілікті іске ден қойғандарға қаржылай қарайласып, құқықтарын қорғап жатса, ел ішінде жұмысты дөңгелетіп әкететіндер бар. Бастағысы келеді, бірақ аяғына шығара аламын ба, жолда омақаса құлаймын ба деп мықты сенімді серік ете алмайды. Алматының түбіндегі Панфилов совхозында бір кездері жыл бойы бие сауып, қымыз ашыту үрдісі болған. Кейде біз өткеннің бәріне «әй, қойшы» деп қарайтынымыз бар. Жаманнан жиренгенмен, жақсысынан үйренейік. Әсіресе ұлтқа қажет жұмысты жұмылған жұдырықтай болып бірге атқарсақ, ұтылмас едік. Бұл ұрпаққа үлгі болып қалар еді. Тіпті жаз айында құрғақ қымызды тонна-тонна етіп жинап алсақ, қыс бойы сусыннан тарықпас едік. Құрғақ қымыздың да бие сүтінен алынатынын, оның да маусымдық бал сусынымыздан бір де кем емес екеніне мен кепілдік беремін» (Дерек көзі: «Егемен Қазақстан» ).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет