«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Мақсаты: эстетикалық талғамын, қиялын, шығармашылық қабілетін қарастыратын шығармашылық құзіреттілігін меңгерген мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын дамыту.
«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің төмендегідей түрлері арқылы жүзеге асады:
- мүсіндеу;
- жапсыру;
- сурет салу;
- музыка.
Мүсіндеу
Мақсаты: мүсіндеуге қызығушылығын қалыптастыру негізінде көркемдік талғамын жетілдіру.
Міндеттері:
1. Заттардың ерекшеліктеріне тән түрлі пластикалық материалдардан мүсіндеу іскерліктерін дамыту.
2. Заттарды бейнелеу тәсілдері мен мәнерлеу құралдарын өз еркімен таңдап алуға үйрету.
3. Шығармашылық әрекеттер үдерісіне, көркем шығармаларға, халық шығармашылығына жағымды қатынасын білдіру іскерліктеріне тәрбиелеу.
Жапсыру
Мақсаты: мәнерлі бейне мен жапсыру әрекеттерінің сюжетін құруда эстетикалық талғамын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Балаларға қарапайым пішіндерді қиып және өз еркімен, шығармашылық пен қиялын таныта отырып, үлгіге қарап бейне құрастыруға үйрету.
2. Заттардың халықтық сәндік-қолданбалы өнерімен және оларды орындау техникасымен таныстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |