Кіріспе
|
Шаттық шеңбері.
Қайырлы таң!
Қайырлы таң, мөлдір көздерім!
Қайырлы таң, жұмсақ қолдарым!
Қайырлы таң, мықты аяқтарым!
Қайырлы таң, арайлы күн, аспан!
Балаларға"Шөжелер"әуені қойылады.
-Балалар, бұл өленде не туралы айтылған?
|
Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.
Балалар өлеңді
тындайды, билейді
-Балапандар туралы айтылған
|
Негізгі бөлім
|
- Кәне, бәріміз бірге балапанның даусын салып, жүрісін қимылмен көрсетейік.
- Балалар, суретке назар аударыңдаршы, не көріп отырсыңдар?
- Балапанның түсі қандай болады?
- Неше балапан көгалда серуендеп жүр?
Сөздік жұмыс: көгал.
Балалар мен жолда келе жатып бір қорап тауып алдым.Бұл қораптың ішін ашып көрейік.Қораптың ішінде жұмбақтар бар екен.
Жұмбақ: Өзі сары, өзі мамық
Тауықтың баласы
Оның аты...
Бұл ненің дауысы? Балалар бізге қонаққа тауық келді. Тауық балапандарын жоғалтып алыпты.Олай болса тауыққа балапандарын табуға көмектесеміз бе?
Енді біз, қағаздың бетіне көгалдағы балапанды жапсырайық.
Олай болса, біз бүгін сендермен балапандарды жапсыруды үйренеміз.
Бізге дайын көк негізгі бет (фон) берілген, осы негізгі бетке балапандарды орналастырамыз.
Дайын клейстерді (ұннан жасалынған) кішкене пластикалық тарелкеге құйып дайындап алып, балалардың жанына қойып қояды.Балапанның дене бөліктерін қиып балаларға дайын күйінде береді.
Ең бірінші фонға балапанның денесін жапсырамыз, өйткені ол балапанның үлкен бөлігі болып саналады. Одан кейін екінші бөлігі - басын жапсырамыз.
- Балалар, қараңдаршы, балапанның басы қандай пішінге ұқсайды екен?
Басын жапсырғаннан кейін қанатын жапсырамыз.
Соңында желімдеп болған соң, балапанның үстінен таза қағаз жауып сыртынан қолмен басып шығу керек.
Билингвальді компонент: балапан-цыпленок, сары-жёлтый.
|
Балалар тәрбиешіге қарап, балапанның даусын салып қимылмен көрсетеді.
- Балапандарды.
- Сары.
- Үш балапан
Қайталайды: көгал.
Балалар тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.
Балапан
Тауықтың
Балалар тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.
Дөңгелекке ұқсайды.
Қайталайды: балапан -цыпленок, сары-жёлтый.
|
|
Сергіту сәті:
Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір демалып алайық.
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары-төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Жұмыс барысында педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Балалардың іс-әрекетін бақылайды, балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Балалардың іс-әрекетін бақылайды, балалардың сұрақтарына жауап береді.
|
Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталап айтып қимылдар жасайды.
Балалар көрсетілген сурет бойынша және педагогтің нұсқауы бойынша аппликация жұмыстарын атқарады.
|
Қорытынды
|
- Балалар, бүгінгі оқу-әрекеті сендерге ұнады ма?
Балапан неше бөліктен тұрады? Түсі қандай екен?
- Балапандар қайда серуендейді?
- Көгалда неше балапан серуенде жүр?
- Балалар, бүгін тапсырманы жақсы орындағандарың үшін рақмет!
|
Сұрақтарға жауап береді.
Балалар педагогтің айтқан рақметіне қуанады.
|