Мектепке дейінгі мекемлердегі әдістемелік кабинет



Дата06.01.2022
өлшемі0,55 Mb.
#12996

Мектепке дейінгі мекемлердегі әдістемелік кабинет


Әдістемелік жұмыс – мектепке дейінгі мекемедегі барлық педагог қызметкерлердің өз мамандығын жетілдіретін, шеберлікті арттыратын, озат тәжірибе мен ғылым жаңалықтарын өз жұмысына шығармашылықпен енгізетін бірден-бір жұмыс түрі.

Балабақшадағы әдістемелік жұмысқа жетекшілік ететін бірден-бір адам, ол — әдіскер.

Әдіскер мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту, тәрбие және дамыту әдістемелері және жүйелі бассқару мәселелерінде білікті болуы керек. Әдіскер өз жұмысын ғылыми негізде теориялық тұрғыда сауатты жүргізе білсе, онда практикада жүйелілік, бірізділік қалыптасып нәтижесі табысты болмақ.

Кәсіби білім көтеру гуманизмі бұрынғы «Маған тәуелді адамдарға әмір жүргіземін» деген көзқарасты жойып, «Менің мамандығыма мұқтаж адамдарға көмектесемін» деген бағытты ұстанады.

Әдіскер маман иелерінің есінде болатын жайт: ең алдымен әдіскер жоғары мәдениетті, өз ісіне жауапты, тыңдаушыларға немқұрайлы қарамайтын, олардың көңілінен шыға білетін маман болуы тиіс. Білім беру жүйесінің қазіргі заман талабы қатардағы әдіскерден жаңашыл болуды, кәсіби шебер, өмірге бейімділікті, қызметте жақсы нәтиже көрсете білуді талап етеді. Білім жетілдіру жүйесінің басты міндеті – маманға көмек көресту.

Мектепке дейінгі мекемедегі методикалық кабинет педагогикалық ұжымның «Балабақшадағы тәрбие программасын» жүзеге асыруы, жұмыс күніне, педагогикалық советке немесе ата-аналар жиналысына, өз бетімен білім алу сабақтарына және т.б. даярлық істеуіне күнделікті және мақсатты методикалық көмек көрсету үшін жасалады.

Методикалық кабинет

Методикалық кабинеттің материалдары «Балабақшадағы тәрбие программасының» талаптарына сай іріктеп алынады, сонымен бірге әрбір мекеменің өз жұмысына тән ерекшеліктері, жылдық жоспардың нақты міндеттері және балалармен жүргізілетін жұмыстың жағдайы ескеріледі.

Методикалық кабинетте сонымен қатар қаланың, ауданның, еліміздің мектепке дейінгі мекемелерінің жұмыс тәжірибесі болуы керек. Осы материалдардың бәріне аннотация беріледі. Аннотацияда (оны меңгеруші немесе тәрбиеші-методист жасайды) тәжірибенің мазмұны қысқаша баяндалады және оны пайдалану жөнінде нұсқаулар беріледі.

Материалдарды іріктеуде белгілі бір жүйе сақталуы тиіс. Мысалы, жан-жақты тәрбие міндеттерін іске асыру жөніндегі материалдар қызмет түріне қарай, ал содан кейін баланың жасына қарайғы принцип бойынша топталуы тиіс. Немесе, керісінше, жүйелендірудің негізіне баланың жасына қарайғы принципті алуға, ал әрбір топты материалдарды бала қызметінің түр-түріне қарай орналастыруға болады



Методикалық кабинетте көрнекі оқу құралдары сақталады. Бұл белгілі бір көмекші құралды түрлі сабақтарда, түрлі жастағы топтарда пайдалануға мүмкіндік береді. Күнделікті қажет бола қоймайтын және әр топтың кезекпен пайдалануына алынатын, таратып беруге арналған құралдар да методикалық кабинетте сақталады.

Меңгеруші тәрбиеші-методистпен бірігіп отырып, тәрбиешілердің кабинеттегі материалдарды пайдалануын анықтауы, педагогикалық процесті жақсарту ісінде оларға ненің нақты көмек етіп отырғанын, нені өзгерту, толықтыру керектігін және т.б. талқылауы керек. Сондай-ақ басқа да мектепке дейінгі мекемелердің озық тәжірибесін қолдану маңызды, методикалық кабинеттің тәрбиелеу және методикалық жұмыстың сапасына тиімді ықпал тигізуіне қол жеткізу керек

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет