«Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие» мамандығына арналған



бет17/39
Дата12.05.2023
өлшемі202,91 Kb.
#92600
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,
Думан-сауық ойда жоқ әуел баста-ақ,—
деуі осыдан келіп шығады. Абай бұл сөзді «Жас ұрпаққа, халықтың болашақ тарихының жаңа қауымына әдейі арнап тұрып айтады»,— деген еді М.Әуезов».
Абай өлеңдерінің әрбір жолынан балаларға үлгі-өнеге аларлық насихат белгілері көп табылады. Ол тек құрғақ насихат емес, өмір шындығына, өмірдің қызығы мен шындығы, дүниенің кілті орыс халқында, болашаққа көзіңді ашатын да солар, сондықтан олардан үйрену керек деп ашықтан ашық айтты.
Осы идеяны іске асыру үшін мұны да өз шығармасының негізгі арқауы етті.
Абай жылдың төрт мезгілін, табиғаттың әсем көріністерін адам өмірімен тығыз байланыстыра суреттеу арқылы оны жастарға тіршілік тірегі деп түсіндірді. Адам өзіне қажетті барлық заттарды, жаратылысты зерттеу, игеру арқылы табатынын, адам өмірі соған байланысты екенін суреттейді.
Орыс халқының атақты сыншысы В. Г. Белинский: «Сіз оларды тамаша дүниенің шексіз әр алуан құбылыстарымен таныстыра отырып, олардың білімдерін байыта аласыз, олардың өмір шындығына көзқарасын кеңейте аласыз... Ал ол үшін балаларға арнап бүкіл дүниеге, бүкіл табиғатқа жан беріп, меңіреу тасты да, қырдың қылтанағын да, сарқыраған бұлақты да, майда қоңыр желді де, гүл үстінде ұшып жүрген көбелекті де, сүйіспеншілік тілмен, өмір тілімен сөйлету ке­рек», — деген. В. Г. Белинский айтқандай, Абай өлеңдерінің балаларға лайықты әсем түрлері алдымен осы табиғат байлығын танытудан, оны адам өмірімен, тіршілік тірегімен бай­ланыстыра суреттеуден басталалы. Өйткені «Қай жерде өмір болса, сол жерде поэзия бар»,— деп А. С. Пушкин айтқандай, Абай да көркемдікті қабылдаудың, сүйсінудің қайнар бұлағы өмірдің өзі деп түсінген. Оның бәрі де еңбек процесі арқылы туатынын да жақсы білген.
Адамды қуантатын да, бақытқа жеткізетін де еңбек процесі екенін практикадан да, өмірдің өзінен де көрген. Сондықтан да Абай жылдың төрт мезгілін еңбек процесіне, қимыл, әрекетке байланыстыра суреттеген. Ол тек пейзаждық көркем көрініс емес, адам өмірі тіршілігі мен тығыз байланысты түрде сүйкімді, нәрлі көрінеді. Сондықтан балалар адам тіршілігімен тығыз байланыстыра суреттеген Абайдың «Қыс», «Жаз», «Күз», «Жазғытұрым» деген өлеңдерін аса қадірлеп, сүйіп оқиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет