«Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие» мамандығына арналған


Табиғаттың әсем көрінісін суреттеуде қолданған Абайдың шешен тілі, сөздік құрамы, әсем теңеулері балаларды



бет18/39
Дата12.05.2023
өлшемі202,91 Kb.
#92600
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39
Байланысты:
«Мектепке дейінгі о ыту мен т рбие» маманды ына арнал ан

Табиғаттың әсем көрінісін суреттеуде қолданған Абайдың шешен тілі, сөздік құрамы, әсем теңеулері балаларды таң – тамаша етеді. Соған сүйсінеді, сүйсінерлік істен үлгі алады. «Абайдың өмірді аңсаған, өмірді баяндаған поэзиясы, сиқырлап бойды алатын адамгершіл лирикасы, өмір сүйгіш жүректің арманын білдірген оның табиғат, жыл мезгілі, сұлу қыз, құс салу, ат, достық пен махаббат туралы тамаша өлеңдері — эстетикалық ләззаттың сарқылмас бұлағы»,— деп М. Қаратаев айтқандай, жас өспірімдер де Абайдың өмірлі өлеңдерінен эстетикалық ләззат, рухани азық алады.
Абайдың осы сияқты педагогикалық және тәрбиелік мәні зор өлеңдері мен ақыл сөздерінде оқушының түсінуіне жеңіл болу үшін екі нәрсені салыстыра айту методы бар. Түсінуге жеңіл болу үшін, өлең жазғанда да көрнекілік мәні бар екі затты қатар қойып, салыстыра жырлауды ірі жазушылар өздеріне зор міндет етіп қойғаны байқалады.
Данышпан Абай адамшылықтың ар, намысын, адал еңбек жемісін, адамдар достығын, семья сыйластығын, өнер-білім мұраттарын жырлай отырып бала жайында, бала өсіруші ата мен ана жайында да көптеген ұстаздық өсиет қалдырды. Солардың ішінде Абайдың қара сөздерінің «Оныншы сөз» деп аталатын ғақлиясы бала өсіретін ата-анаға арналып айтылған. «Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем орнымды бассын дейді, артымнан құран оқысын дейді, қартайған күнімде асырасын дейді»,— деп, мағынасы тар, мардымы аз дүмбілез ұғымды сөгеді.— Өзіңнен қалған, өзгеден қызғанатын нендей дүниең, қандай еңбегің бар еді, әуелі соны неге ойламайсың»,— дейді. Өзіңнің еткен амалың, көрген өмірің айтарлықсыз болса, оған бола мұрасқор тілеп не керек. «Артымнан құран оқысын деп тілейсің. Өз тіршілігіңде жақсы қылығың көп болса, саған кімнің жаны ашымайды, кім жақсылық тілемейді? Тіршілігіңде жақсы болмасаң, жақсылық ісің болмаса, жұрт сені не қылады? Өлген әкенің күнә сын, яғни кемшілігін, жаманшылығын, балаң қайтып өтейді.
Қартайғанда тамағымды асырасын деп тілеу де бос сөз. Қашан да болса өз күшіңе, еңбегіңе сен, балаңнан үміт еткің келсе, сол үмітіңді өзің әзірле. Балаңды соған лайық тәрбиеле. Үмітіңнің ақталарына өз тіршілігіңмен көзіңді жеткіз»,— дейді.
Кейбір ата-ана өз баласын өзі алдайды. «Әне, оны берем, міне, мұны берем» деп қулық жасайды, соған мәз болады. Соңыра баласы алдамшы болса, оны кімнен көреді?
Бала тілін қызық көргенсіп, «Боқта, боқта» деп үйретеді де, «Кәпір қиянқы, осыған тимеңдерші!» деп, оны дандайсытып, тентектікке, әдепсіздікке өзі үйретеді.


Абай жастарды тәрбиелеу, оқыту мәселесіне көңіл бөлумен қатар, жолдастық, достық қарым-қатынастар, адамгершілік жайында да іргелі пікірлер айтты. «Жаман дос — көлеңке: басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың», - дейді Абай.
Достықтағы тұрақсыздық, опасыздық, екі жүзділік адам бойындағы ең бір жаман қасиет, ондай жаман әдеттен табансыздықтан жастардың бойын аулақ ұстауды талап етеді. Жас жанның сара көңілі әрқашан әділдікті жақтайтын боп өссін деген талаптар қояды. «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас, қайғысыздан сақ бол, қайғылыға жақ бол», — дейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет