«Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие» мамандығына арналған


Тақырыбы: Ы.Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы Жоспар: ХІХ ғасырдағы қазақ балалар әдебиеті



бет15/39
Дата12.05.2023
өлшемі202,91 Kb.
#92600
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39
Байланысты:
«Мектепке дейінгі о ыту мен т рбие» маманды ына арнал ан

Тақырыбы: Ы.Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы
Жоспар:



  1. ХІХ ғасырдағы қазақ балалар әдебиеті.



  2. ХІХ ғасырдағы бала тәрбиесінің тәрбиелік мәні



  3. Махамбет жырларының халықтық негізі.



  4. Ы.Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы



  5. Қазақ балалар әдебиеті тарихында Абай Құнанбайұлының орны.


Халықтық шығармалардағы балалар әдебиетінің өсіп жетілуімен қатар, XIX және XX ғасырдың бас кезіндегі жазушылар да балалар әдебиетінің өркендеуіне ат салысып, жетекші роль атқарды. Махамбеттің, Ы.Алтынсариннің, А. Құнанбаевтың, С. Көбеевтің, С. Торайғыровтың, С.Дөнентаевтың жас өспірімдерге арнаған бірқатар шығармалары балалар әдебиетінен елеулі орын алады. Сонымен қатар осы тұстағы қазақ балалар әдебиеті орыс_балалар әдебиетінің қазақ тіліне аударылуымен де толығып, жетіле түсті. Өз шығармашаларымен қатар Ы. Алтынсарин мен С.Көбеевтің орыс тілінен қазақшаға аударған балалар әдебиетіне тән еңбектері өте көп. С.Көбеевтің Крыловтан аударып, жеке кітап етіп, 1910 жылы бастырған «Үлгілі тәржіме» деген 44 мысал өлеңі мен және басқа көп әңгімелері де қазақ әдебиетінің үлесін толықтыратын және одан ары дамыта түсетін үлкен мұра. Орыс әдебиетінен аударылған мұндай шығармалар қазақ балалар әдебиетінің өсіп, дамуына игі әсерін тигізген.


Балаларға патриоттық рух беретін, халық үшін қызмет етуге үндейтін, өз елін қорғау үшін, керек десе, жанын қиюға дейін баруға болатынын іспен көрсететін және үстем таптың озбырлық ниеттерін айқын әшкерелеп, оған қарсы күрес жүргізуге шақыратын Махамбеттің қысқа жазылған мазмұнды шағын өлеңдерінің балалар үшін маңызы ерекше. Махамбет—ба­лалар әдебиетінің өкілі емес, бірақ Махамбет өлеңдерінің бірсыпырасы балалар мен үлкендерге бірдей ортақ мұра. Балалар психологиясына тән нәрсе — олардың ерлікті дәріптейтін шығарманы көп оқуы. Өйткені олар мұндай шығармаларға өте тез түсінеді, тез қабылдайды. Балалар әрқашан патриоттық күш-қайрат беретін, өздерін жігерлендіре түсетін шығармалардың ішіндегі кейіпкерлерге үнемі еліктеп отырады. Мазмұны қызықты және оқушысын патриоттық идеяға баулитын шығармалар жастың үлкен, кішілігіне қарамай бәріне бірдей қызмет етеді. Біз «баланың зейіні нашар, ақылы өткір емес деп ойлаймыз, жоқ, олай емес, баланың тек тәжірибесі ғана жоқ, ал ақылы өткір, қиялы жүйрік екеніне сеніңіз. Үлкен кісілердің кез келгеніне ұғындыра алмайтын алгебраның қиын есептерін он екі жасар бала оқып үйренеді ғой...»,—дейді Н. Г. Чернышевский. Бұл пікір әбден орынды айтылған зерттеу қорытындысы.
Махамбеттің: «Ереуіл атқа ер салмай», «Тарланым», «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзі», «Ерлердің ісі бітер ме?», «Толарсақтан саз кешіп», «Айныман», «Қызғыш құс» деген өлеңдері — баладардың ойына қозғау салатын, патриоттық рух беретін, оң мен солын танытатын тәрбиелік күші басым шығарма. Мұнымен қатар балалардың жаттап айтуына жеңіл, орамы күшті, әсерлі сөздер мен жанды теңеулер бар. Өлеңнің құрылыс өлшемі шағын, қысқалығы жағынан да ба­лалар үшін ұтымды.
Махамбет өлеңдерінің балалар әдебиетіне жақын, ұғымына жеңіл тиетін тағы бір өзгешелігі – онда аллитрация мен ассонанстардың жиі кездесуі деп бағалаймыз. Өйткені қайталанып айтылған сөз көңілге қандай қонымды болса, сөз барысындағы жеке дыбыстардың қайталанып айтылуы да балаларға сондай әсер береді.
Ереуіл атқа ер салмай, Еңку-еңку жер шалмай...
Егеулі найза қолға алмай, Ерлердің ісі бітер ме?
дегенде өлеңнің әрбір жаңа жолының басқы бірінші дыбысы «е» деген дауыстыдан басталып, өлеңге ерекше көркемдік сипат беріп тұр. Сонымен қатар, бір дыбыстың еселеніп, қайталап айтылуы сол сөздерге үстеме күшейткіш ұғым да береді. Өлеңді мәнерлеп, ерекше көрік беріп айтудың бұл сияқты түрлері Махамбет шығармаларынан жиі кездеседі.
Түн қатып жүріп түс қашпай,
Тебінгі теріс тағынбай,
Темір қазық жастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме? —


дегендегі, бастапқы үш жолдың бірінші дыбыстары «т» әрпінен басталған. Аллитрация үшін өлең сөздердің әр жолының басқы дыбыстары бір тектес болып келуі ғана шарт емес, сонымен қатар сөйлем ішіндегі әр сөздердің басқы дыбыстары да бір келкі болып айтыла береді. Өлеңнің әрбір сөзі «т» әрпінен басталып, «тебінгі теріс тағынбай» деп сол сөйлемге ерекше көркемдік сипат беріп тұр. Аллитрация мен ассонанс елең сөздерге көркемдік сипат берумен қатар, қайталап айтылуы жағынан балалардың ұғымына тез сіңіп, ерекше әсер қылдырады.
Махамбет өлеңдерінің барлығынан да таптартысының осындай айқын күресі көрініп отырады. Халықты «Жұртшылықты күреске шақыру, қарулы қимылға үндеу, келешектегі игілікке сендіру — бәрі де халық қозғалысының алдан үміт күтіп, жақсылыққа жетем деп көзденіп тұрған кездерін аңғартады» - дейді профессор Қ. Жұмалиев.
Махамбет өлеңдерінің біздің қазіргі жастарымызға рух беретіні және тарихи жағдайлармен таныстыратыны осында.
Махамбет жырларында Исатай бастаған шаруалар көтерілісінің алдына қойған мақсаттары мен тілектері айқын көрінеді. Махамбет өзінің өлеңдерінде, хан, би, сұлтандардың жауыздығын әшкерелеп, еңбекші бұқараны теңдікке жеткізуді арман еткенін айтады.

Бұл өлеңдегі балалар ойына қозғау салып, оларды қызықтыратын бір өзгешелік – Махамбет өз басына түскен қуғын-сүргінді, азапты кісі ұғымына дәл тиетін екінші бір жәндіктер ортасында болатын оқиғаға салыстыра суреттеу арқылы көрсетуінде дейміз. Оқуға да, түсінуге де, жаттауға да да сондайлық икемді жазылған. Тәрбиелік маңыздымен қатар балалар әдебиеті мұрасына енетін Махамбет шығармаларындағы басты-басты ерекшеліктер осындай. Бұл өлеңдер арқылы үлкендер мен кішілерге бірдей қызмет еткен балалар әдебиетінің алғашқы даму, өркендеу, өсу кезеңдерінің қандай дәрежеде болғанын айқын көруге болады.



Қазақ балалар жазба әдебиетінің алғашқы қалыптасуы, шыға бастауы XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады. Бұл – тек қазақ халқының бірінші ұлы педагогы, балалар жазба әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсариннің атымен тығыз байланысты.
Қазақ халқы жазба әдебиетінің алғашқы шыға бастауы мен оның қалыптасып дамуы бірден қазақ әдебиетінің өзінен бастала қойған жоқ. Шоқан Уәлиханов та, Ыбырай Алтынсарин де, Абай Құнанбаев та өздерінің орыс мектептерінен оқып, хат тануына байланысты,олар алдымен орыс халқының озық мәдениетімен, XIX ғасырда үздік өскен әдебиетімен танысты. Орыс халқының әдебиеті оларға мол әсер қалдырды. Көзін ашып, көңілін оятты, ішкі дүниесіне қозғау салды. Олар орыс әдебиеті мен мәдениетінен мол әсер ала отырып, қазақ халқының түсінуіне жеңіл, әдет-ғұрпына ең жақын шығармаларын аударды. Орыс әдебиеті шығармаларының қазақ тіліне аударылып, хат, қағазға түсе бастауы қазақ жазба әдебиетінің алғашқы бастамасы, бет ашары болды. Абай да, Ыбырай да, беріректегі Спандияр Көбеев те, аударма арқылы үйрене, жаттыға келе өздерінің қолтума шығармаларын да бере бастады. Қазақ жазба әдебиетінің алғашқы шығуы, қалыптасуы осылай басталды.
Орыс әдебиетінен қазақ тіліне алғаш аударылған шығармалар көбіне балалар әдебиеті мұрасына енетін, солардың түсінуіне жеңіл еңбектер екенін де көрсетуге болады. Бұған дәлел ретінде Ыбырай Алтынсариннің 1879 жылы басылған «Киргизская христоматия» деген кітабына енгізілген аударма шығармаларды айтуға болады. Егер біз өзіміздің баспасөз тарихына көз жүгіртсек те, алдымен осыны байқаймыз.
Ыбырай Алтынсарин қазақ халқында халық ағарту жұмысын бірінші рет қолға алған, сол жолда өмірінің ақырына дейін үздіксіз еңбек еткен жалынды патриот болды. Мәдениеттен артта қалған сауатсыз көшпелі халықтың ауыр тұрмысына зер салып, қатты қайғырды. Бұл — өте төзімсіз жағдай деп білді. Қараңғылық тұңғиығында тоқырап қалған өз халқын мұндай ауыр жағдайдан құтқарудың жолын іздестірді. Мәдениеттен артта қалған қараңғы елді мұндай тұңғиықтан алып шығудың бірден бір дұрыс бағыты, сара жолы ұлы орыс халқымен араласып, бірге өмір сүріп, бірге тұрып, олардың озық мәдениетінен үйрену деп тапты. Орыс халқының озық мәдениеті мен ілімі қазақ даласына жағылған шамшырақ болар еді деп арман етті. Бұл арманын іске асыру үшін алдымен қазақ елінде орыс-қазақ мектебін ашу керек, орыс-қазақ мектебі мәдениет ошағының ордасына айналар еді деп, сенді. Қазақ халқының ұлы педагогы Ыбырай Алтынсарин бар өмірін халық ағарту жұмысына арнайы отырып, төрт жер­ден уйездік орыс-қазақ училищесін ашты. Бұл училищелер Елек, Қостанай, Торғай, ЬІрғыз жерлерінде болған еді. Жеті-қара, Обаған, Бөрте, Қараторғай, Қарабұтақ деген жерлерден облыстық 5 мектеп және Ақтөбеден бір колөнер училищесін, орыс балаларына арнап 2 мектеп ашты.
Ыбырай Алтынсариннің ұсынысы бойынша 1889 жылы Ырғыз қаласында қыздар училищесі ашылды. Бұл — бүкіл шығыс елдері ішінде әйелдер үшін ең бірінші ашылған оқу орны еді. Ыбырайға дейін қазақ даласында діни медреселерден басқа бірде-бір мұндай оқу орындары болмаған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет