«Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие» мамандығына арналған


Оқу үрдісінің кестесі және қашықтықтан кеңес беру



бет11/50
Дата21.04.2022
өлшемі202,91 Kb.
#31731
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50

Оқу үрдісінің кестесі және қашықтықтан кеңес беру

Курс

Семестр

Кредит

Дәріс саны

Тәжірибелік


СРСП

СРС

Барлығы

Бақылау формасы

2

4

1

-

6

4

10

20

Бақылау жұмысы





Кеңес беру уақыты: 01.04.13-05.04.13 ж сағат 14:00 №3 оқу корпусы

Бақылау жұмысын қабылдау уақыты: 13 ж



  1. ГЛОССАРИЙ



Аңыз- қазақ фольклорлық прозасының жанры, елдің, тайпа, рудың шыққан тегі, кешкен жолы хақындағы немесе тарихта болған әйгілі адамдар, сондай –ақ нақтылы бір жер- су, сол жерде өткен оқиғалар турасындағы тарихи шындыққа негізделген, халықтың тарихи жадында сақталған, әйтседе, уақыт өте көркемдік сипат алған әңгіме.

Әңгіме- оқиғаны баяндап айтуға негізделетін, қарасөзбен жазылған шағын көркем шығарма.
Бесік жыры- қазақ балалар фольклорының жанрлық түрі. Әнге қосып баланы уатып, қалғытып, ұйықтатуға лайық біркелкі ырғақпен жайдары, жағымды үнмен айтылатын ән.
Драма- сахнаға арналған, уақиғаны, оған қатысушы кейіпкерлердің іс- әректін, көңіл- күйін көрсету арқылы баяндайтын әдеби шығармалар.
Ертегі-бұрынғы өткенді қиялмен ұштастыра болжап, сюжетті көркем әңгіме түрінде келіп, қарасөзбен беріледі.
Жаңылтпаш- ауыз әдебиетінің балалардың тілін жаттықтыру мақсатындағы жанры. Бала тілінің жетік жетілуіне, оралымды, анық сөйлесуіне, ана тілінің үн сұлулығын мінсіз меңгеруіне, шебер сөз саптауға баулиды.
Жұмбақ- көлемі қысқа, еске сақтауға қолайлы, белгілі бір затты, табиға құбылысты, адам болмысын, іс- әрекетті, қоғамдық күрес- тартыс шиеленістерді ойланып, шешімін табуға ыңғайлап, басқа нірсенің немесе әрекет – қимыл арқылы тұспалдап айту тәсілі.
Комедия- драмалық жанрдың негізгі бір түрі.Өмірегі келеңсіз, жағымсыз құбылыстарды, адам бойындағы міндерді, қасиетсіздікті, оспадарлықты күлкілі етіп бейнелейтін сахналық шығарма.
Өнер- нақтылы іске, соның нәтижесінде туған затқа байланысты

кәсіпті айтады.




Өтірік өлең- қазақ ауыз әдебиетіндегі өмір құбылыстарын шындыққа жанаспайтындай етіп айтатын өлең түрі.
Санамақ- сәбилерге сан үйрету, санның ретін танытуды көздейтін ойын өлеңі.
Тақпақ- қазақ өмірінде шешендік дәстүрмен байланысты туған өткір нақыл- ғибраттылық, мінерлеп айтуға лайықты сөз нұсқасы.
Трагедия- сахнаға арналып жазылатын әдеби шығармалардың, яғни драмалық жанрдың бір түрі. Өмірдегі бір ауыр жағдай, адамның қиын басына түскен ауыртпалық баяндалады, шығарма көбінесе негізгі кейңпкердің қазаға ұшырайымен аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет