Курстың форматы
«Балалар әдебиеті» курсы қашықтықтан оқытудың желілік технологиясы бойынша оқытуға ұсынылған. Барлық материал студентке білім модулы түрінде әрбір оқу кезеңінде оқуға арналған.
Курстың саясаты
Курстың компоненттеріне және оқып-үйренуге қойылатын негізгі талаптар:
студент білім беру порталын үнемі қарап, тәжірибелік жұмыстар мен СӨЖ талаптарын орындауда белсенділік танытуы тиіс;
студент конспект бойынша дәрістің теориялық материалдарын оқып үйренуі тиіс;
студент СӨЖ-ді кесте бойынша орындау тәртібін және берілген формада оқытушыға тапсыру ережелерін қатаң сақтауы тиіс;
өз бетінше кітапханада және үйде дайындық жасауы тиіс;
Тәртіпті бұзу немесе жұмыстарды тапсыру мерзімінен ауытқу үшін айыппұл салынады:
1-ші рейтинг бақылау қорытындысын шығару кезінде студенттің 7 апта бойынша жинаған ұпайлар саны есептелінеді.
2-ші рейтинг (қорытынды) бақылау қорытындысын шығару кезінде студенттің 8-15 апталар аралығында жинаған ұпайлар саны есептелінеді.
Егер 2-ші рейтинг бақылау бағасы 30 баллдан төмен болса, рейтингті жоғарылатуға жіберілмейді. Бұл жағдайда 2-ші РБ бағасы қорытынды бақылау бағасы болып табылады. Қорытынды рейтинг бақылау 15 аптада қойылады.
Егер қорытынды РБ нәтижесі бойынша рейтинг 30 баллдан кем болмаса, студент емтиханға жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |