Тест тапсырмалары 1.А.Н Радищевтің еңбегі: A) «Петербургтен Москваға саяхат» B) «Жаңа Элоиза» C) «Күн қаласы» D) « Утопия» E) «мемлекет» ***** 2.В.Ф.Одоевскийдің өмірінде орын алған басты мәселелер: A) Ағартушылық пен тәрбие B) Ғылым C) Ұрпақтың білімі мен тәрбиесі D) Гуманистік тәрбие E) мектепке дейінгі тәрбие теориясы ***** 3.К.Д Ушинский қай жылдары өмір сүрді? A) 1784-1890 ж B)1824-1870ж C) 1744-1818 ж D) 1836-1861 ж E) 1711-1965 ж ***** 4. «Балалар бақшасы» еңбегінің авторы кім? A) К.Д.Ушинский B)А.С.Симонович C) Я.А. Коменский D)И.Г.Пестолоции E) Ж.Руссо ***** 5.Е.Н.Водовозованың еңбегі: A) «Балаларға ақыл-ой және адамгершілік тәрбиесін беру» B) «Мінез-құлыққа арналған жаңа институт» C) «Ананың мейірімді әндері» D) «Йриней атайдың кітапшасы» E) «Ғылымға дейінгі ғылым» ***** 6. XVIII ғасырдан қалыптаса бастады... A) қазақтың мектепке дейінгі педагогикасы B) шетелдің мектепке дейінгі педагогикасы C) орыстың мектепке дейінгі педагогикасы D) гректің мектепке дейінгі педагогикасы E) қазақстанның мектепке дейінгі педагогикасы ***** 7. «Петербургтен Москваға саяхат» еңбегінің авторы: A) А.Н.Радищев B) И.И.Новиков C) И.И.Бецкий D) М.В.Ломоносов E) В.Ф.Одоевский ***** 8.Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда мектепке дейінгі тәрбие мәселелерін талдауда ... еңбектері маңызды орын алды: A) А.Венгер B) Н.П.Сакулина C)Е.А.Аркин D) Н.А.Ветлугина E) Т.А.Маркова ***** 9. «Сетлемент» және «Бала еңбегі мен тынысы» қоғамдарының белсенді қатысушысы: A) А.П.Усова B) Л.К.Шлегер C) Е.И.Тихеева D) Н.К.Крупская E) А.М.Леушина ***** 10. АҚШ ғы мектепке дейінгі мекемелерге қойылатын негізгі талаптар: A) Еркін ойнау, жеке жұмыс ұйымдастыру B) Бала санының көп болуы C) Оқуға деген мотив қалыптастыру, топта бала санының аз болуы D) Еркін ойнау, баламен топтық жұмыс ұйымдастыру E) Оқуға деген мотив қалыптастыру
1
№ 4
дәріс
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен 1917 жылдағы қоғамдық педагогика
Жоспары
1.ХІХ ғасырдың екінші жартысында мектепке дейінгі педагогика ғылымының педагогика ғылымынан бөлінуі.
2.Ресейде алғашқы балабақшалардың пайда болуы.
3. К.Д.Ушинский, Н.И.Пирогов, Е.Н.Водовозова, А.С.Смонович, П.Ф.Каптерев, Ф.И.Фаусек, В.В.Зенковскийдің мектепке дейінгі тәрбие, балабақша, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі туралы педагогикалық көзқарастары.
1.ХІХ ғасырдың екінші жартысында мектепке дейінгі педагогика ғылымының педагогика ғылымынан бөлінуі. Ресейде алғашқы балабақшалардың пайда болуы.
Ресейде 60 жылдары алғашқы балабақшалар ашыла бастады. Олар жеке әрі ақылы болды, сондықтан оған кедейлердің балалары бара алмады.
Ең алғашқы ақылы балабақшаны 1859 жылы Гельсингфорсте Седмиградский ашты, екінші балабақшаны 1863 жылы Петербургте Петербург университетінің профессорының әйелі С.А.Люгебиль ашты, үшінші — 1863 жылы Гельсингфорсте, төртіншісі— «Балабақша» журналының редакторы А.С.Симонович 1866 жылы Петербургте ашты. 1866-1870 жылдар аралығында Воронежде, Иркутскіде, Смоленскіде, Москвада, Петербургте, Тбилисиде тағы да бірнеше ақылы балабақшалар ашылды.
Ресейдегі алғашқы балабақшалардағы тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру бағыттары әртүрлі болды. Кейбір балабақшаларда Фребелдің жүйесі пайдаланылды. Кейбір балабақшалардың тәрбиешілері К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстойдың Фребелдің мектепке дейінгі тәрбие беру жүйесін сынаған пікірлеріне сүйеніп, оны жүзеге асырудың басқа жолдарын іздестірді.
1863-1869 жылдары әрекет еткен С.А.Люгебильдің балабақшасында балалардың өз еріктерімен ойнауына, әрекет етуіне мүмкіндік беруге тырысты, ойындар мен сабақты нақты бір регламентті сақтамай өткізуге тырысты. Бірақ олар үнемі бақылауда болды. Люгебиль балалардың дербес әрекеттерін, олардың даму дейгейін бақылап, жазып отырды. Көктем және күз айларында сабақтар мен ойындар бау-бақшада өткізілді. Ересек балалармен тәрбиешілер табиғатта экскурсия өткізді. Қыста балалар далада қыдырып, мұзда сырғанап айнады. Тәрбиешілер ата-аналарды өз балаларын сабақ және ойын үстінде бақылауға шақырды, оларға бала тәрбиесі туралы құнды кеңестер беріп отырды.
Сол сияқты Москвада В.Соловьевтің ашқан ақылы балабақшасы мен элементерлық мектебі де сол кездегі алдыңғы қатарлы білім беру ордасы болды. Балабақшадағы сабақ балаларды әрекетке қызықтыратындай, өзбетімен ойлай алатындай, әрі әрекет ете алатындай етіп ұйымдастыруға тырысқан. Қол еңбегі сабағында тәрбиешілер әр баланың күші мен іскерлігіне қарай тапсырмалар берген. Балалардың ойыннан біртіндеп сабаққа жүйелі өтуі үшін бірінші сыныпқа кейбір сабақтар мен ойындар (сурет, ән, балалар ойыны т.б.) енгізілді. Элементарлы мектептердегі сабақ балабақшадағыдай қозғалмалы ойындармен аяқталды.
Кейбір балабақшалар балаларды мектепке дайындауды жүзеге асырды. Мысалы, 1869 жылы Иркутскде ашылған балабақшада балаларды ерте жастан оқуға, жазуға, санауға, шеттілдеріне үйретті.
1866 г. Ресейде төменгі сатыдағы халықтың балалары үшін алғашқы тегін балабақша ашылды. Бұны «Петербург жұмысшыларының балаларына арналған арзан квартира қоғамы» құрған қайырымдылық мекемесі ашты. Мұнда мектепке дейінгі ересек балаларды құдайға сиынуға, қол еңгеніне үйретті, сонымен қатар қимыл-қозғалыс ойындарын ойнатты. Ересек балалар күніне бір сағат оқу және жазумен айналысты, бір сағат педагогпен әңгімелесті. Бірнеше жылдан кейін балабақша қаражаттың жетіспеуінен жабылып қалды
XIX ғасырдың 80 жылдарында жеке балабақша ашқан адамдарды өкімет қолдамады. Бұл кезде балалар үйі кең тарай бастады.
2.К.Д.Ушинский, Н.И.Пирогов, Е.Н.Водовозова, А.С.Симонович, П.Ф.Каптерев, Ю.И.Фаусек, В.В.Зеньковскийдің мектепке дейінгі тәрбие, балабақша, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі туралы педагогикалық көзқарастары.
Ресейде мектепке дейінгі тәрбие теориясын дамытуға орыстың ұлы педагогы Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870) орасан зор әсер етті. Оның педагогикалық жүйесі негізінде халықтық принцип алынды, осыған байланысты өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуы тарихи даму жағдайларына, халықтың көкейкесті мұқтаждары мен қажеттерінен шығуы тиіс. К.Д.Ушинский былай деп атап көрсетті: «тек халық құрған немесе халықтық негізде негізделген тәрбиенің педагогикалық жүйесі пәрменді болады және шынайы патриотты тәрбиелей алады».
Н.И.Пироговтың тәрбие мен оқыту туралы пікірлері
Николай Иванович Пирогов 1810—1881 жылдары өмір сүрген атақты дәрігер-хирург, ол 1856 жылы «Морской сборник» журналында «Өмір мәселелері» деген тақырыпта мақала жариялады. Онда отбасы және қоғамдық тәрбие мәселелеріне қатысты сұрақтарды көтереді. Ол мақаласында адамгершілікті адамның өзіндік идеялын негіздеп берді және жалпы білім беру мәселесін жақтады. Ол ата-аналардың балаларының икемділіктерімен санаспай, ең алдымен адам ретінде олардың өзіндік өмір жолын таңдауына қажетті тұлға ретінде дамуын қамтамасыз ететіндей адамгершілік намымдарын қалыптастырмай жатып, өз еріктерімен жөргектегі кезінен бастап балаларын қоғамдық кастаның біріне жатқызуға тырысатындығына наразылығын білдірді.
Юлия Фаусек 1915 жылы М.Монтессоридің Римде ашылған «Балалар үйінің» жұмысымен танысқаннан көргеннен кейін, М.Монтессоридің әдісін жақтаушылардың бірі болды. Россияға келгеннен кейін Монтессори педагогикасының тәжірибесіне сүйеніп балабақша ашады.
Ресейде М.Монтессоридің әдісін жақтаушылар өте аз болды Олар: — Ю.И. Фаусек и А.П. Выгодская.
1918 жылы Юлия Ивановна Фаусек Петроградта М.Монтессоридің жүйесімен жұмыс істеген алғашқы балабақша ашты. Оған бір жастан он жас аралығындағы 200 бала барды. Сол жылдары А.П. Выгодская Москвада монтессори – балабақшасын ашады. Азамат соғысы жылдарында еркін тәрбие беру идеясын жақтаған пікірлестер табу өте қиын еді. Көп ұзамай оның балабақшасы жабылып қалады. 1923 жылы ол шетелге кетіп қалады және Вильно деген қалада атақты балабақшасын ашады.
А Фаусек болса Россияда қалады. Ол өзінің балабақшасы үшін 30 жылдарға дейін күреседі. Ол балаламен айналыса жүріп, петроградтағы дектепке дейінгі институтта Монтессори педагогикасы бойынша лекция оқиды. Бірнеше мақалалар мен кітап жазады. («Детский сад Монтессори. Опыты и наблюдения», «Обучение грамоте и развитие речи по Монтессори», «Обучение счету по Монтессори», «Значение рисования в школе Монтессори» и др.).
1931 г. М.Монтессори жүйесімен жұмыс жасаған Фаусек тобы жабылып қалады. Балабақша жабылғаннан кейін Фаусек оқытушы дидактикалық материалдардыжасаумен айналысады.
Зеньковский Василий Васильевич (1881-1962), орыс философы, педагог. 1881 ж. 4 июльде Проскуров қаласында дүниеге келген.е (қазіргі Хмельницкий) 4 июля 1881. 1900 ж. Киев университетінің жаратылыс тану факультетіне оқуға түсті. 1909 жылы университетті бітірген соң кәсіби дайындау үшін сонда қалып, магистерлік диссертация жазады. Жоғары әйелдер курсында философия мен психологиядан лекциялар оқиды. Ол балалар мен жасөспірімдер психологиясын, сонымен бірге педагогика мәселесін өмір бойы зерттейді.
Университеттті аяқтағаннан кейін мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу институтының директоры болып қызмет атқарады. 1913-1914 жылы Германия мен Италияға ғылыми командировкаға барады. 1915 жылы «Проблема психической причинности» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғайды.
Зеньковский баланың ішкі әлемінің кереметтігін айтады. Оның ойынша балалардың ішкі әлемінде үлкен рухани-адамгершілік мүмкіндік жасырынып жатыр. Мектепке дейінгі балалар өмір тәжірибесін біртіндеп жинайды. Олардың рухани жан дүниесі бай болып келеді. Бала табиғи ортада өмір сүруге үйренеді адамдармен қарым-қатынасқа түседі. Зеньковский «Ребенок только "вживается" в безграничный мир природы, человеческих взаимоотношений, "дышит" этим духовным миром, хоть наивно, но живо и глубоко. Он "набирается" на всю жизнь внутренних ощущений, которые еще не всегда может выразить словами. Но сознание его еще мало связано с этим миром духовности, и он все больше и больше уходит в мир внешний. Однако такой своеобразный дуализм не мешает ребенку сохранять целостность своей души, потому что "в эту пору этот внутренний дуализм, это сосуществование рядом двух путей жизни не замечается ребенком и не таит в себе никаких взаимно ослабляющих начал". Поэтому в раннем детстве "дитя уже свободно, но еще не ответственно – это как бы прообраз святости, которая всегда свободна, но которой некуда приложить момента авторства (а потому и ответственности) ввиду (окончательной уже) победы над темным началом и подлинной связи с Богом" деп жазды.
Елизавета Никалаевна Водовозова (1844-1923) мектепке дейінгі педагогика саласында К.Д.Ушинскийдің жолын қуушы болды. «Есі кіре бастағаннан мектеп жасына дейінгі балаларға ақыл-ой және адамгершілік тәрбие беру» деген өз еңбегінде ол Ф.Фребель жүйесін сынға алды, оның кемшіліктерін көз жеткізе көрсетті және балалармен оқу мен ойын өткізуге арналған өзі талдап жасаған тамаша әдістерді ата-аналарға, балабақша қызметкерлеріне ұсынды. Е.Н.Водовозова балалар үшін бірқатар кітаптар шығарды, Өзінің педагогикалық жүйесінде Е.Н.Водовозова балалар үшін К.Д.Ушинский тұжырымдаған халықтық принципті дәйекті түрде жүргізді. Ойын таңдау мен оқуды жоспарлауды, ол балалардың өмірі қызықты да мазмұнды болатындай, орыс дәстүрлері рухында құрылатындай етіп жүзеге асырды, айналадағыларға деген ынтаны оятып, қанағаттандырды. Ол ұсынған балалардың серуендеу, экскурсиялар мен бақылау, творчестволық іс-әрекеті, дене жаттығулары, халықтың қимылды ойындары, балалардың шамасына қарай еңбек етуі жөнінде және т.б. бағдарламалары да осы мақсатқа қызмет етті. Барлық оқу бірте-бірте күрделене түсетін жүйеде орналастырылды.
Е.Н.Водовозованың әлеуметті және педагогикалық көзқарастары өз заманы үшін прогресті болды, ал «балаларға ақыл-ой және адамгершілік тәрбиесін беру» атты оның еңбегі Ресейде балалар бақшалары тәрбиешілерін даярлау кезінде негізгі құралдардың бірі болды.
Швейариядағы балалар бақшаларының жұмысымен алдын – ала танысқан, XIX ғасырдың 60 жылдардағы қоғамдық педагогикалық қозғалыстың көрнекті қайраткері Аделаида Семеновна Симонович (1840-1933) 1866 жылы ерімен бірлесіп Петербургте интелегенция балаларына арналған ақылы балалар бақшасын ашты және Ресейде мектепке дейінгі тәрбие жөнінде «Балалар бақшасы» деген тұңғыш журнал шығара бастады. Балалардың ерекшеліктерін зерттей отырып, ол Фребель жүйесі бойынша баланы дұрыс тәрбиелеу мүмкін емес екендігіне көзі жетіп, К.Д.Ушинский ұсынған халықтық тәрбиені қолдана бастады.
А.С.Симоновичтің ойынша 3 жасқа дейінгі балалар анасының белсене қатысуымен семьяда тәрбие алуға тиіс, ал 3-тен 8 жасқа дейінгі тәрбиелеуде семьяға балабақша көмектесуі қажет.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1.Француз ағартушы педагогтарының мектепке дейінгі тәрбие туралы көзқарастары. 11.Иоганн Генрих Пестолоцидің кішкентай балаларға арналған мектебі.
2.Роберт Оуэн мектепке дейінгі тәрбиедегі педагогикалық қызметі.
3.Ф.Фребельдің балабақшасы.