№ 1
дәріс
|
Мектепке дейінгі педагогика ғылымының қалыптасу тарихы
Жоспары
1. Алғашқы қоғамдық тәрбие және балаларды өмірге тәрбиелеу тәсілдері.
2. Антикалық Грецияда мектепке дейінгі балаларды өмірге даярлау.
3.Ежелгі грецияның аса көрнекті философтары: Платон мен Аристотель.
4. Құлдық қоғамдағы мектепке дейінгі тәрбие.
5. Феодалдық қоғамдағы мектепке дейінгі тәрбие.
6. Қайта өрлеу дәуіріндегі балабақша және педагогикалық пікірлер.
7. Мектепке дейінгі тәрбиенің қажеттілігі жөнінде идеяларды алғаш тұжырымдаған социал утопистер (Томас , Т. Компанелла).
Тәрбие – қоғамдық құбылыс. Алғашқы қауымдық құрылу кезінде балаларды өмірге дайындаудың негізгі тәсілі – аң аулау мен еңбек құралдарын бейнелейтін қарапайым ойыншықтармен ойнайтын үлкен адамдардың іс-әрекетін бақылау, еліктеу болды. Моральдық тәрбие берудің бастапқы құралы өмірдің түрлі жағдайларында халық ауыз әдебиеті, аңыздар, мақал-мәтелдер болды.2
Антикалық Грецияда мектепке дейінгі жастағы балалардың отбасында тәрбиелеу туралы идеяларды қамтыған педагогикалық теорияның алғашқы нышандары пайда болды. Спарта құл иеленуші мемлекеттер болуына байланысты, басты назар құл иеленушілердің балаларын тәрбиелеу, оқыту болса, құлдар еш құқысыз болған. Спартада ер баланы жас шағынан 7 жасқа дейін үйде, 7 жастан кейін мемлекеттік тәрбиелеу негізінде қаруды шеберлікпен қолдану, ән орындай білу, шыныққан, ер-жүрек, болашақ әскери азамат етіп тәрбиелеу басты мақсат болып табылса, қыз баланың дене сымбаттылығына, дене тәрбиесіне ерекше мән берген.
Адам тәрбиесіне және тұлға қалыптастыруға байланысты идеялар мен тұжырымдар ежелгі аса көрнекті философтар Сократ, Платон, Аристотель мен Рим педагогы марк Квинтилиан еңбектерінде жарияланған.
Сократ (б.э.дейінгі 469-399) –кедей қолөнершінің баласы, бірақ өзінің шығу тегіне қарамастан ол философ –идеалист болды. Сократтың көзқарасы бойынша адам бірінші өзін-өзі танып білуі керек деп уағыздаған.
Платон (б.э.дейінгі 427-347)- тәрбие мен оқыту мәні, қоғамдық құрылым мен тәрбенің қатынасы сияқты аса маңызды педагогикалық ұғымдардың анықтамасын берген. «Мемлекет» атты еңбегінде кішкентай шағынан бастап балаларға қоғамдық тәрбие беру идеясын ұсынып, оны ұйымдастырудың жүйесін жасаған. Платон үш жастан алты жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеуде ойыңды тәрбиенің негізгі құралы деп қарап, тәрбиешілерге қойылатын басты талаптарды айқындап берді.
Платонның тәрбие жүйесі дене тәрбиесін шеттетуге негізделген, құлдардың балаларына білім алуға тыйым салынды. Ал, мектепке дейінгі тәрбие туралы, тәрбиенің бірізді мемлекеттік жүйесі туралы, жағымды үлгі-өнеге арқылы тәрбиелеу талаптарын ұсынды.
Аристотель (б.э.дейінгі 348-322)- ертедегі Грецияның көрнекті ғалымы. Ол жеке адамның дене, ақыл-ой және адамгершілік тәрбиесін қамтитын үйлесімді даму идеясын тұжырымдады. Тәрбиенің табиғи дарындылығына үлкен мән беріп, мектепке дейінгі кезеңде жеке адамның қалыптасуындағы ерекше және маңызды шақ деп қарады.
Аристотель педагогикалық ой-пікір тарихында тұңғыш балаларды үш жас кезеңдеріне бөлуді ұсынды:
туғаннан бастап; 2) 7 жасқа дейін; 3) 14 жастан 21 жасқа дейін. Бала 7 жасқа дейін отбасында тәрбиеленуі тиіс деп санады. Баланы тәрбиелеуде 5 жасқа дейін түрлі ойындар, ақыл-ойын дамытатын әңгімелер пайдаланып, 5 жастан бастап мақсатты түрде мектепте оқу ісіне дайындау керек деп атап көрсетті.
Марк Фабий Квинтилиан - ежелгі Римнің шешені және педагог. Марк Квинтилиан мектепке дейінгі тәрбие теориясы негіздерінің қалыптасуына (42-118) жазған «Шешенді тәрбиелеу туралы» тұңғыш арнаулы педагогикалық трактаты- педагогика тарихында маңызды рөль атқарады.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1.Мектепке дейінгі педагогика тарихы пәні, мақсаттары мен міндеттері.
2.Алғашқы қоғамдық тәрбие. Алғашқы қоғамдық құрылыс тұсындағы балаларды өмірге даярлау тәсілдері.
3.Антикалық Грецияда мектепке дейінгі балаларды спартандық және афиналық жүйемен тәрбиелеу ерекшеліктері.
Тест тапсырмалары
1.Я.А.Коменскийдің еңбегі:
A) Утопия
B) Күн қаласы
C) Ұлы дидактика
D) Қоғамдық шарт
E) Жаңа элоиза
*****
2.«Эмиль немесе Тәрбие туралы « трактат романының авторы:
A) А.К.Шлегер
B) Я.А.Коменский
C) А.С.Симонович
D) К.Д.Ушинский
E) Ж.Ж. Руссо
*****
3.Баланы сәбилік шағынан бастап дінге үйрету деп уағыздаған кім?
A) К.Д.Ушинский
B) Я.А.Коменский
C) А.С.Симонович
D) Ж.Ж.Руссо
E) А.К.Шлегер
*****
4.Жан Жак Руссо балалардың жас ерекшеліктерін ... кезеңге бөлді:
A) 4
B) 5
C) 2
D) 3
E) 6
*****
5.Балалардың жас ерекшеліктерін төрт кезеңге бөлген ғалым:
A) А.К.Шлегер
B) А.С.Макаренко
C) А.С.Симонович
D) К.Д.Ушинский
E) Ж.Ж.Руссо
*****
6.Р.Оуэннің мекемелерінде тәрбиенің бүкіл бағыты қандай сипатта болды?
A) Педагогикалық сипатта
B) Діни сипатта
C) Дамыта оқыту сипатында
D) Дінсіз сипатта
E) Ешқандай сипатта болмайды
*****
7.Ф.Фребель қандай терминді енгізді?
A) «Балалар бақшасы»
B) «Мінез-құлыққа арналган жаңа институт»
C) «Кедейлер үшін мекеме»
D) «Жүрек тәрбиесі»
E) «Еркін тәрбие»
*****
8.Бланкенбургте мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған мекеме нешінші жылы ұйымдастырып, 1840 жылы оны ”Балабақша” деп атайды?
A) 1840 жылы
B) 1838 жылы
C) 1839 жылы
D) 1837 жылы
E) 1841 жылы
*****
9.Қай жылы Б.Б.Баймұратова «Сәбилердің сөздік қоры мен сөз игеру ерекшеліктері жөнінде» еңбегі жарық көрді?
A) 1945ж
B) 1955ж
C) 1930ж
D) 1950ж
E) 1956ж
*****
10.1993 ж жарық көрген Ә.С.Әмірованың еңбегі ?
A) «Ересектер тобындағы балаларды қазақ әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеу»
B) «Балабақшаның ересектер тобындағы балаларға қоршаған ортамен таныстыру арқылы экологялық тәрбие беру»
C) «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы балабақшалардың дамуы»
D) «Сәбилердің сөздік қоры мен сөз игеру ерекшеліктері жөнінде»
E) «Қазақ балабақшаларында тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын жаңарту»
|
2
|