«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімі



бет9/14
Дата23.03.2023
өлшемі67,84 Kb.
#75821
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Сатыбалдиева Жанбота 4(9) жб

3.Шыншыл ертегілер. Бұл ертегілер өмір шындығына жақын, ішінде реалдық адам бейнелері басым. Олар кейде өмір шындығынан алынып, бас қаһармандары патша, уәзір хан болып келеді. Мысалы. «Хан мен уәзір», «Өнеге», «Ақылды етікші» ертегілерінің бас қаһармандары күндіз тақта отырса, түнде үстіне жаман киім киіп, шаһар аралап жүретін патша мен оның уәзірлері. Мұндай ертегілерде хан әділ болып көрінеді. Бірақ көп жайдапатшалар жауыз адам ретінде суреттеледі. Мысалы, «Ақылды етікші» ертегісінде хан ешкім өз пайдасын ойлап еңбек істемесін деп бүйрық береді. Мүны күндіз-түні етік тігіп, бала-шағасын зорға асырап жүрген етікші енбек адамдарына тиімсіз сол үшін ақылсыз ханның ісі дейді.
Бізге шыншыл-реалистік ертегілердің қазақ өмірінен алынған нүсқалары мәндірек. Мұндай ертегілердің бас қаһармандары ақылды қарт, тапқыр жігіт, қаңбаң шал, тоғыз Тоңқылдақтан зорлық көретін Шіңкілдек, айлалы тазша, қойшы, кедей, жауыз, бай, сұғанақмолда, тойымсыз ұры болып келеді. Олардың көбісі - халық ортасынан шыққан қарапайым адамдар. Көптеген ертегілердің рухында сын-сықақ сарыны бар. Олардағы жамандық пен жақсылықтың аңғарынан біз түрліше реалдық адам мінездерін ғана емес, қоғам өміріндегі теңсіздік суретін, халықтың әділет, жақсы өмірді іздеген арман-мүдделерін де жақсы байқаймыз.
Бала тілін жан-жақты дамытып, қалыптастыруда қазақ халқының ауызекі
шығармашылығының маңызы өте зор. Халық ауыз екі шығармалары әсем түрде құрылған жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, ойын өлеңдер, ертегі, аңыз-әңгіме, мақал-мәтелге бай. Осы бай мүраның қай түрін алсақ та балаға ана тілін меңгертіп, сөздік қорын молайту арқылы, байланыстырып сөйлеуге, тілінің грамматикалық құрылымын қалыптастыруда, дыбыстық қателіктерді жоюда, шығармашылық ойлауын дамытуда баға жетпес құралдар болып табылады.
Халықтық әсем сөз өрнектері балалар түсінігіне лайықты, тілге орамды, көркем әдеби тілмен жазылған. Сазда халық әуенімен айтылатын бесік жырларынынң сан-алуан түрлері, түсау кесу жырлары ойнақы тілмен жазылған санамақтар, ойын өлеңдері балалардың жас ерекшеліктеріне қарай тиімді пайдаланылса, баланың тіл әлеміне деген қызығушылығы артып, ана тілден байлығын меңгертуде үлкен қызмет атқарары сөзсіз. Қай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның басталуы, аяқталуы болады. Ертегі тілінің көркемділігі, қызғылықты оқиғалар желісінің баяндалуы образдардың шебер суреттелуі баланың ертегі дүниесіне қызығушылығын арттыра түседі.
Ертегілерді баланың тындауы, естіген ертегі мазмұнын қайталап айтып беруі, баланың сөздік қорьш молайтып, байланыстырып сөйлеу тілін дамытьш, тілдің грамматикалық құрылымын меңгеруде ғана емес, ерлікке, достыққа, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық сияқтыадамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге, әстетикалық талғамын, қиялын дамытуға мүмкіндіктер беріп Тұрлі жауыздық, зүлымдық иелері арқылы жамандықтан жирендіреді.
Ата-ана бала түсінігіне лайықты мектеп жасына дейінгі балалар ушін тек қиял-ғажайып және хайуанаттар туралы ертегілер оқылатындығын ескергені жөн. Сәби балаларға (3-4 жас) ертегілерді ауызша әңгімелеп айтып беріп, ал ересек балаларға (5-6 жас) оқығанды тыңдатып және әңгімелету әдістерін жүргізуге болады. Себебі мектеп жасына дейінгі баланың жас кезеңдеріне қарай психикальщ даму ерекшеліктерін ескеретін болсақ бала үшін ұзақ уақыт оқылған ертегіні зейін қоя отырып тыңдау қиынға соғады.
Ертегіні тындату арқылы балаға жан-жақты тәрбие беріп, дамытумен бірге, оқығанды шыдамдылықпен тыңдай білуге ұстамдылыққа үйрете аламыз, Әсіресе, ертегіні сюжетке қатысты түрлі-түсті суреттерді, картиналарды пайдалану арқылы әңгімелесу баланың қызығушылығы мен әстетикалық талғамын арттыра түсуде мол мумкіндіктер береді. Бала үшін сурст арқылы ертегі мазмұнын айтып беру, шығармашылық ойлауын, ұзақ уақыт есте сақтау қабілетін де дамытады.
Ертегілердегі балаларды аса қызықтыратын тағы бір жәйт-кейіпкерлердің аса айқын, дәл суреттелетіндігінде, олардың әрекеттері, іс-қимылы, мінездері қатты әсер етіп отырады. Тіпті жағымсыз кейіпкерлердің өздері де ақымақтығымен, қулығымен балалардытаң-тамаша қалдырады.
Сонымен қатар тұрмыс – салт ертегілер, аңыз ертегілер. Мектепке дейінгі жастағы балаларға осы аталғандардың бастапқы екі түрі оқылады. Ол ертегілер «Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында» атап көрсетілген.
Бақшада ертегі оқу сабақта және сабақтан тыс уақыттарда да өтеді. Оқу жұмысы балалардың жас ерекшелігіне орай жоспарланады. Сәбилер (3 – 4 жас) тобында ауызша әңгімелеп беру тәсілі қолданылады. Ересек балалар (5 – 6 жас) тобында оқығанды тыңдату мен әңгімелеп беру қатар жүргізіледі. Мұндағы мақсатертегіні ауызекі әңгімелеуге төселдіре отырып, оқылғанды шыдамдылықпен тыңдай білуге үйрету.
Ертегімен таныстырмас бұрын, тәрбиеші балаларға ертегіні айтып беретінін, ертегі деп не себептен аталатынын түсіндіреді. «Оқиға өте ертеде болған, оқиғаны баяндаушы да өте ертеде «, деп әңгімесін жалғастыруға болады.
Күннің екінші жартысында (түскі ұйқыдан соң) айтылған ертегінің мазмұнын толық қабылдау және тіл балықтарын арттыру мақсатымен түрлі көңіл көтеру ойындарын өткізуге болады:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет