Экономиканың барлық даму сатыларында кәсіпорын оның негізгі бөлігі болып табылады. Себебі кәсіпорында қоғамға қажетті өнім шығарылады және жұмыскер мен еңбек құралдарының арасында байланыс орнатылады. Өнеркәсіп кәсіпорны дегеніміз- өндірістік-техникалық, ұйымдық-әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс бірлігі. Кәсіпорындар белгілі бір өндіріс өнімін шығару, жұмыс орындау немесе әртүрлі қызмет көрсету үшін қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құрылады. Кәсіпорын өз қызметін дербес жүзеге асырады, өндіретін өнімге, алынатын пайдаға өз билігін жүргізеді.
Кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы болады.
Сыртқы ортағаэкономикалық саясат, құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және технологиялық жағдайлар жатады.
Ішкі ортағаеңбек ресурстары, техника және технология, бәсекелестік, маркетинг, менеджмент т.б. жатады.
Кәсіпорынның негізгі мақсаты– бәсекелесуге қабілетті өнім шығару арқылы неғұрлым көп пайда табу және ең аз шығынмен ең жоғары пайда табу негізінде сұранысқа ие өнім шығару.
Кәсіпорынның негізгі қызметтері:
кәсіпорын жұмысшыларының еңбегін ұйымдастыру және басқару;
өндіріс көлемін дамытып, ұлғайту;
кәсіпкерлік;
салықтарды төлеу, мемлекеттік бюджеттің және басқа да қаржы ұйымдарының міндетті және міндетті емес төлемдерін төлеу;
мемлекеттік заңдарды, нормативтер мен стандарттарды орындау.
Сонымен, кәсіпорын – қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мен пайда табу мақсатында өнім өндіру, жұмыс орындау және қызмет көрсету үшін кәсіпкер не кәсіпкерлер бірлестігімен құрылған дербес шаруашылық жүргізуші субъект.
2. Кәсіпорындар әртүрлі белгілері бойынша топтастырылады:
Меншік нысаны бойынша кәсіпорындар былай жіктеледі:
мемлекеттік меншіктегі
жеке меншіктегі
Мемлекеттік кәсіпорындар – бұл негізгі қорлары мемлекет меншігінде болатын және басқару органдарын мемлекет тарапынан ұйымдар тағайындайтын кәсіпорындар.
Муниципалды кәсіпорындар – бұл жергілікті басқару органдары.
Ұжымдық меншік – бұл еңбек ұжымы өндіріс құралдары мен өнімдерін ортақ иемденіп, пайдаланып және іске жарататын экономикалық қатынастар жүйесі. Қазақстан Республикасында ұжымдық меншікке кооперативтік, акционерлік, қоғамдық ұйымдар жатады.
Салалық құрылымынабайланысты өнеркәсіптік, құрылыс, көлік, ауыл шаруашылығы, байланыс т.б. болып жіктеледі.
Құқықтық нысанға байланысты АҚ, серіктестіктер, өндірістік кооператив болып жіктеледі.