6. Өтемақы төлемдерін төлеу
14. Өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту барысында білім алушы белгілі бір функционалдық міндеттерін орындаған кезде, кәсіпорын (ұйым) өтемақы төлеу мүмкіндіктерін қарастыруы мүмкін.
15. Өтемақы төлеу және оның көлемі кәсіпорынның (ұйымның) ұйғаруы бойынша нақтыланып, белгіленеді.
7. Еңбекті қорғау
16. Кәсіпорын (ұйым) оқушыны қауіпсіз жұмыс жағдайымен қамтамасыз етеді.
17. Кəсіпорын (ұйым) оқыту, нұсқау, қауіпсіздік техникасы жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша білімін тексереді, сондай-ақ жан басына шаққандағы қаржыландыру шеңберінде меншікті жəне тартылған қаражат есебінен өндірістік оқыту мен кәсіби тәжірибені қауіпсіз жүргізу бойынша материалдармен қамтамасыз етеді.
18. Білім алушы қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды орындауға міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |