Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта


-тарау. Педагогикалық кеңестің қызмет тәртібі



бет3/3
Дата21.12.2022
өлшемі28,51 Kb.
#58663
1   2   3
Байланысты:
@8 07 07 272

3-тарау. Педагогикалық кеңестің қызмет тәртібі

8. Педагогикалық кеңестің жұмысы бір оқу жылына әзірленетін педагогикалық кеңес отырысында қаралатын және білім беру ұйымының басшысы бекітетін жұмыс жоспары бойынша жүргізіледі.


9. Педагогикалық кеңестің отырысы жоспарлы (жылына кемінде 5 рет) және жоспардан тыс (туындаған проблемаларды талдауды, оларды еңсеру жолдарын пысықтауды, рұқсат берілетін жүктемені анықтауды, оқыту режимі мен нысанын өзгерту қажеттігін қарастыратын, педагогтардың немесе
ата-аналардың сұраныстары бойынша ұйымдастырылады) болып бөлінеді.
10. Педагогикалық кеңес отырысында талқыланатын мәселелер бойынша орындау мерзімі және орындауға жауапты тұлға көрсетілген қаулы шығарады. Кеңестің кезекті отырысында төраға өткен педагогикалық кеңес шешімінің орындалу нәтижесі туралы қорытынды шығарады.
11. Отырысты өткізуге дайындық отырыс өткізілетін күнге дейін
10 күннен кешіктірілмей жоспарланады. Білім алушылармен (тәрбиеленушілермен) тікелей жұмыс жүргізетін қызметкерлер отырыс өткізілгенге дейін 3 күн қалғанда хатшыға тиісті құжаттарды ұсынуға міндетті.
12. Педагогикалық кеңестің шешімі қарапайым жай дауыс берумен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі. Педагогикалық кеңестің шешімдері орындалуға міндетті.
13. Педагогикалық кеңестің отырысы хаттамамен ресімделіп, оған педагогикалық кеңеске шығарылатын мәселелердің талқылану барысы, педагогикалық кеңес мүшелерінің ұсыныстары және ескертулері жазылады. Хаттамаға кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды.
14. Педагогикалық кеңестің хаттама кітапшасының әрбір беті нөмірленген, жіппен тігілген, білім беру ұйымының мөрімен және директордың қолымен бекітілген болуы керек.
15. Ұйымның педагогикалық кеңесінің хаттама кітапшасы білім беру ұйымның істерінде 10 жыл сақталады және акті бойынша архивке беріледі.
16. Педагогикалық кеңес:
1) оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау және іске асыру;
2) жұмыс оқу жоспарларын бекіту;
3) білім беру қызметтерін ұсыну сапасы;
4) білім алушылардың және тәрбиеленушілердің білімдерінің сапасы;
5) инклюзивті, арнайы білім беруді қамтамасыз ету үшін білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) үлгерімі және психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктері туралы алынған деректердің негізінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жеке ерекшеліктері ескеріліп, оқу-тәрбие және түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыруға ұсынымдар әзірлеу;
6) білім алушыларға қорытынды аттестаттауды өткізу, оларды емтиханға жіберу, ұсынылған құжаттар негізінде білім алушыларды емтиханнан босату, білім алушыларды келесі сыныпқа ауыстыру немесе оларды қайталау курсына қалдыру, білім алушыларды грамоталармен, мақтау қағазымен марапаттау, негізгі орта білімді үздік бітіру туралы аттестат, негізгі орта білімді бітіргендігі туралы аттестат, жалпы орта білімі туралы үздік аттестат, жалпы орта білімі туралы аттестат, белгіленген үлгідегі анықтама беру туралы;
7) педагогтардың оқу жүктемесін бөлу, тарификацияны бекіту, аттестаттауға дайындау, марапаттау және мадақтау;
8) оқытудың жеке бағдарламасын әзірлеу және іске асыру, түзете-дамыту іс-шараларын жүзеге асыру, кеңес беру қызметінің бағыттарын анықтау мәселелерін;
9) білім беру ұйымының үш тілде оқытуға ауысу;
10) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес білім алушыларды дене шынықтыру сабағынан босату;
11) экстернаттық оқыту;
12) үйде оқытуды ұйымдастыру;
13) білім беру ұйымының педагог және өзге де қызметкерлерінің ақпараттарын және есептерін, өскелең ұрпаққа білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша өзара әрекеттесетін ұйымдар өкілдерінің баяндамаларын, оның ішінде ұйымның санитариялық-гигиеналық режимін, өрт қауіпсіздігін сақтау, терроризмнен қорғану туралы білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) еңбегін, денсаулығы мен өмірін қорғау және басқа да білім беру мәселелері туралы хабарламаларды тыңдауды;
14) зияткерлік, ғылыми, спорттық жарыстарға, музыкалық-шығармашылық конкурстарға қатысу үшін шығу мерзіміне сабақтардан босатылған білім алушыларға жеке жұмысты ұйымдастыру;
15) сабақ кестесін бекіту, сондай-ақ оқу аптасының ұзартылу мерзімін анықтау мәселелерін;
16) білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) қабылдау, ауыстыру және бітіріп шығу;
17) алдын-алу, түзету психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік
іс-шараларды анықтау үшін білім алушының (тәрбиеленушінің) танымдық қызметтерінің даму деңгейін және ерекшеліктерін анықтауды, эмоциялық-ерік және жеке дамуын зерделеуді;
18) білім алушылармен (тәрбиеленушілермен), оның ішінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушылармен (тәрбиеленушілермен) педагогтардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру мәселелерін қарастырады.
17. Педагогикалық кеңес қажет болған жағдайда оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру мәселелерін шешу үшін Қамқоршылық кеңеспен, ата-аналар комитетімен өзара әрекет жасайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет