Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы Ескерту. Бұйрық 6-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.12.2018 № 721 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 1-тарау. Түсіндірме жазба 1. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 14 - баптарына сәйкес әзірленді. 2. Бағдарламаның мақсаты тірек-қимыл аппараты бұзылысының (бұдан әрі - ТҚАБ) дәрежесі мен балалар церебральды сал ауруының (бұдан әрі - БЦСА) көріністерін есепке ала отырып, балаларда арнайы түзету-компенсаторлы және қоғамдық-бейімді біліктер мен дағдыларды қалыптастыру; жасына сай қозғалыс дағдыларына үйрету; тірек қимыл аппараты бұзылысының алдын алуды қамтамасыз ету; шынайы өмір жағдайларына сәтті тұрмыстық, ойын және қоғамдық бейімделуіне, олардың қоғамға интеграциясына түзетуші физикалық жаттығулар және арнайы қозғалыс тәртібі көмегімен алғышарттар жасау. 3. Бағдарлама міндеттері: 1) бас, мойын, кеуде және аяқ-қолдың дұрыс бақылауын қамтамасыз ететін бойын түзеу және тепе-теңдік реакцияларын дамыту; 2) қол функциясын және заттық-манипулятивтті қызметін дамыту; 3) көру- моторлы координациясын дамыту; 4) дұрыс емес қалып пен күйді тежеу және жою; 5) екіншілік ақаулы қозғалыс стереотипінің қалыптасуының алдын алу; 6) омыртқа қисаюын тұрақтандыру; сколиоз корсетінің доғасын кішірейту; 7) бұлшық еттердің күш шыдамдылығын жоғарылату; табан мен сан бұлшық еттерін қатайту; 8) табан бірігулерін қалыптастыру; 9) дұрыс және уақытында сүйектенуіне, омыртқа бедерлерінің қалыптасуына әсер ету; 10) тыныс алу бұлшық еттерін қатайту; 11) негізгі гимнастиканың жаттығуларын жасау дағдыларын; негізгі қимылдарды қалыптастыру; 12) сапалы дағдыларды тәрбиелеу: ептілік, жылдамдық, икемділік, күш, шыдамдылық, тепе-теңдік; 13) жеке және қоғамдық гигиенаның алғашқы дағдыларын тәрбиелеу; 14) қозғалыс бағыттары жайлы білімін қалыптастыру; 15) рухани, ерік, тұлғалық қасиеттерді тәрбиелеу. 4. Бағдарлама коммуникативті дағдыларын қалыптасуына, балалардың танымдық және әлеуметтік мотивтерін білдіруге, білім алуға деген қызығушылығы мен құштарлығын дамытуға, балаларға қимыл дағдаларды меңгеруге, енжар-қайталмалыдан белсенді-өзіндік қозғалысқа ауысуын іске асыруға мүмкіндік береді. 5. Күтілетін нәтижелер сабақтар бойынша мақсаттар жүйесінде көрсетілген. 6. Бағдарлама мазмұны 3 жастан 7 жасқа дейінгі балалардың психикалық және физикалық дамуының жас кезеңдерін қамтиды: 1) екінші кіші топ - 3-4 жастағы балалар; 2) ортаңғы топ - 4-5 жастағы балалар; 3) мектепке дейінгі ересектер тобы - 5-6 жастағы балалар; 4) жалпы білім беретін мектептегі, лицейдегі, гимназиядағы мектепалды даярлық сыныбы - 6-7(8) жастағы балалар.