Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы



бет170/189
Дата11.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#73441
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   189
Байланысты:
499 бұйрық

9-параграф. 2-жартыжылдық

66. Сенсорлық даму ішіне иіс және дәм түйсігі, тактильды қабылдауының дамуы, қалдық көру арқылы қабылдауын, есту арқылы қабылдауын, вестибулярлы аппаратының дамуы кіреді.


67. Иіс және дәм түйсігінің дамуы:


1) тірі және өлі объектілері мен заттардың шынайы жеке иістерімен таныстыру;


2) айқын белгілері бар азық-түліктің дәмі мен иістері бойынша ажыратуға үйрету;


3) дәмдік рецепторлардың көмегімен заттардың дәмін зерттеуге үйрету;


4) сұйықтық температурасын ажыратуға үйрету;


5) тұрмыстық және азық-түліктің иістерін дифференциациялауға үйретуді жалғастыру;


6) азық-түліктен сезетін әртүрлі сезімдерін, дәмдік рецепторларын дамыту: жұмсақ және қатты, ыстық және суық, қышқыл немесе тәтті.


68. Тактильды қабылдауының дамуы:


1) дене бөліктерін тактильды қабылдауына талпынуын жалғастыру: сипау арқылы арқасын, бетін, қолын, ішін, аяғын ақырын қысу, басу;


2) алуантүрлі жазық беттерін қолдану арқылы жеңіл массаж қимылының көмегімен баланың сезімін дамыту;


3) қолынан алшақ орналасқан заттарды қолмен қағып алуға талпындыру;


4) форма мен көлемі бойынша әртүрлі заттарды қағып алу біліктілігін бекіту;


5) қол білезіктерін, саусақ ұштарының сезімдерін дамытуды жалғастыру;


6) қысып алынатын объектілердің жеке элементтерін біруақытта сезіну үшін затты әр саусақпен қысуға үйрету;


7) тегіс беттері әртүрі заттарды алақанымен, саусағымен алу амалы арқылы зерттеу біліктілігін қалыптастыру;


8) тактильды байланысқа эмоциялық реакцияны білдіруді жетілдіру;


9) тегіс беттерінің құрылымымен ажыратылатын табиғи материалдар мен заттарды қолдану арқылы тактильды қабылдауын дамытуды жалғастыру;


10) сұйықтықтың және басқа заттардың температурасын ажырату қабілеттілігін дамыту.


69. Қалдық көру арқылы қабылдауын дамыту (көру қабілеті бұзылған кезде):


1) бала көз алдындағы заттарға, ересек адамның бетіне көз тоқтатуына ынталандыру;


2) қозғалып бара жатқан заттарға басын бұру арқылы көзбен бақылау жасауына (ішпен және тігінен жату қалпында) ынталандыру;


3) сөйлеп тұрған немесе ыммен қарым-қатынас жасап тұрған ересек адамға көз тоқтату және қарап тұруға ат салысу;


4) баланың төменгі, жоғарғы, бүйір жағында тұрған ойыншықты алуға, қарауға, қысуға және әртүрлі әрекет жасауға үйрету;


5) ойыншықты картинкадағы бейнесімен салыстыруға үйрету;


6) көз алдында тұрған затты тығып қою арқылы жоғалған затты іздеуге қызығушылығын ояту;


7) таныс затты әртүрлі жерден табуға үйрету және сұраққа жауап беру: "Қайда?" - оның күнделікті тұратын орнына байланысты емес;


8) ересек адамның өтініші немесе үлгісі бойынша ойыншықпен күнделікті істейтін іс-әрекетін орындауға үйрету: алу, салу, жабу, ашу;


9) баланың барлық саусағымен, үлкен және сұқ саусағымен ала алатын әртүрлі көлемдегі заттармен әрекет жасауға үйрету;


10) басқа заттардың ортасынан дөңгелек (шар), төртбұрыш (шаршыны) ерекшелеуге үйрету;


11) заттардың формасын ажыратуға (дөңгелек-төртбұрыш) үйрету;


12) сөздік нұсқау, түс үлгісі бойынша қоршаған ортадан заттарды табуға үйрету: "Түсі бойынша дәл осындайды берші"немесе "Барлық қызыл түсті затты әкеп берші";


13) екі түсті (қызыл және көк) объектіні қою негізінде нақты түстегі (қызыл және көк) заттарды ерекшелеуге үйрету;


14) түс бойынша сәйкес заттарды сәйкестендіруге үйрету (төрт түсте бағдарлана алу: ақ-қара, қызыл-көк);


15) түсі, көлемі, формасы (бір белгісі)бойынша бірдей заттарды топтастыру біліктілігін қалыптастыру;


16) 2-3 сақинадан тұратын пирамиданы жинауға үйрету;


17) еліктеу және үлгі бойынша екі бөліктен тұратын үзік картинканы қосуға үйрету;


18) баладан жоғары және төмен тұрған заттарды зерттеуді үйретуге жалғастыру;


19) түзу кеңістікте орналасу (жоғары, төмен) туралы түсініктерін қалыптастыру;


20) кеңістікте заттардың орналасуы (жақын-алыста, анда-мында) туралы түсініктерін қалыптастыруды жалғастыру;


21) өз дене бөліктерін ерекшелеуге және мүмкіндігінше (симметриялы органдарға ерекше көңіл бөлінеді: қол, аяқ, көз, құлақ) атауға үйрету.


70. Есту арқылы қабылдауының дамуы:


1) шыққан дыбыс жаққа көзін және басын бұруға ынталандыруды жалғастыру;


2) кеңістікте дыбыстарды локализациялау біліктілігін қалыптастыру, өз атына қарау реакциясын бекіту (бұрылып, ересек адамды іздейді);


3) әртүрлі дыбыстық қоздырғыштардың (сылдырмақ, дыбыс кұші мен жоғарлығы бойынша құстың дауысы) көмегімен дыбыстар мен дауыстарға акустиканы құруды дамытуға ықпал ету;


4) баланың адекваты эмоциясын (күлу, қобалжу) таныта отырып, музыканы қаттыдан жай дауысқа дауыс күшін өзгерту арқылы есту дифференциациясын қалыптастыру;


5) көру немесе көру-қимыл сүйеніштерін (бала қандай да бір ерекше дыбыс шықаратын затты көру) қолдану арқылы сөздік емес дыбыстарды ажыратуға үйрету;


6) әртүрлі амалдар арқылы заттардан өзбетінше дыбыс шығартуға үйрету;


7) шумен қарапайым музыкалық дыбыстарды ажыратуға үйрету;


8) қатал және нәзік (мейірімді) интонацияны ажырату, әуен дыбыстарын тыңдауға үйрету;


9) музыканың бітуімен ойынды тоқтатуға үйрету;


10) әртүрлі әрекет амалдарымен музыкалық ойыншықтарды қолдануға үйретуді жалғастыру;


11) қатты және жай дыбыстарды алу үшін жұдырықпен ұру күшімен өлшеуге үйретуді жалғастыру;


12) дыбыс шығарушы ойыншыққа қолын созу ниетін ояту.


71. Вестибулярлы аппаратының дамуы:


1) баланы ересек адамның аяғында, әткеншекте, айналғыш орындықта тербету арқылы вестибулярлы аппаратын дамыту;


2) басын баяу оң-солға, алдыға-артқа бұруға, сағат тілімен және сағат тіліне қарсы айналдыруға (бастапқыда жаттығу ересек адамның көмегімен, кейіннен өзбетінше орындайды) үйрету;


3) екі аяқпен бірге секіруге, баспалда бойынша өтуге сырғанақтан сырғанауға үйрету;


4) отыру қалпында тепе-теңдікті дамытуға мүмкіндік беру;


5) шынтаққа сүйеніп, ішпен жату қалпында сурет салуға үйрету;


6) биік емес заттарға шығып, түсуге, отырып-тұруға, еңкеюге, үйрету;


7) әрбір сатыны басу арқылы баспалдақтан түсу, тосқауылдардан айналып өтуге үйрету;


8) екі аяқпен бірдей тұру, кейінен сүйеніштің көмегімен бір аяқпен кезекпен (оңмен, солмен) тұру қалпында қимыл үйлесімділігін дамыту;


9) аяғының ұшымен жүру біліктілігіне үйрету (ересек адамның көмегімен);


10) өздігімен затты бір қолынан екінші қолға алмастыруға үйрету.


72. Сенсорика бойынша күтілетін нәтижелер:


1) тірі және өлі табиғаттың (мысалы, пияз, шұжық, дәрі, гүлдің иістері) объектілері мен заттардың шынайы жеке иістерімен таныстыру;


2) айқын белгілері бар азық-түліктің дәмі мен иістері бойынша ажырата алады;


3) дәмдік рецепторлардың көмегімен заттардың дәмін зерттеуге талпынады;


4) сұйықтық температурасын (жылы чай, суық су) ажыратуға талыпнады;


5) қолынан алшақ орналасқан заттарды қолмен қағып алуға талпынады;


6) тегіс беттері әртүрі заттарды алақанымен, саусағымен алу амалы арқылы зерттейді;


7) сұйықтықтың және басқа заттардың температурасына жауап қайтарады;


8) бала көз алдындағы заттарға, ересек адамның бетіне көз тоқтатады;


9) қозғалып бара жатқан заттарға басын бұру арқылы көзбен бақылау жасайды (ішпен және тігінен жату қалпында);


10) сөйлеп тұрған немесе ыммен қарым-қатынас жасап тұрған ересек адамға көз тоқтату және қарап тұруға ат салысуға талпынады;


11) баланың төменгі, жоғарғы, бүйір жағында тұрған ойыншықты алуға, қарауға, қысуға және әртүрлі әрекет жасауға талпынады;


12) ойыншықты картинкадағы бейнесімен сәйкестендіруге талпынады;


13) таныс затты әртүрлі жерден табуға талпынады: "Қайда?" - оның күнделікті тұратын орнына байланысты емес;


14) ересек адамның өтініші немесе үлгісі бойынша ойыншықпен күнделікті істейтін іс-әрекетін орындайды: алу, салу, жабу, ашу;


15) баланың барлық саусағымен, үлкен және сұқ саусағымен ала алатын әртүрлі көлемдегі заттармен әрекет жасауға талпынады;


16) заттардың формасын ажыратады (дөңгелек-төртбұрыш);


17) сөздік нұсқау, түс үлгісі бойынша қоршаған ортадан заттарды табады: "Түсі бойынша дәл осындайды берші" немесе "Барлық қызыл түсті затты әкеп берші";


18) түс бойынша сәйкес заттарды сәйкестендіреді (төрт түсте бағдарлана алу: ақ-қара, қызыл-көк);


19) түсі, көлемі, формасы (бір белгісі) бойынша бірдей заттарды топтастырады;


20) 2-3 сақинадан тұратын пирамиданы жинайды;


21) еліктеу және үлгі бойынша екі бөліктен тұратын үзік картинканы қосу;


22) өз дене бөліктерін ерекшелеу және мүмкіндігінше (симметриялы органдарға ерекше көңіл бөлінеді: қол, аяқ, көз, құлақ) атайды;


23) кеңістікте дыбыстарды локализациялауға, өз атына қарауға талпынады (бұрылып, ересек адамды іздейді);


24) әртүрлі дыбыстық қоздырғыштардың (сылдырмақ, дыбыс кұші мен жоғарлығы бойынша құстың дауысы) көмегімен дыбыстар мен дауыстарға жауап қайтарады;


25) көру немесе көру-қимыл сүйеніштерін қолдану арқылы сөздік емес дыбыстарды ажыратады;


26) қатал және нәзік (мейірімді) интонацияны ажыратады, әуен дыбыстарын тыңдайды;


27) музыканың бітуімен ойынды тоқтатуға талпынады;


28) әртүрлі әрекет амалдарымен музыкалық ойыншықтарды қолдануды жалғастырады;


29) қатты және жай дыбыстарды алу үшін жұдырықпен ұру күшімен өлшейді;


30) өздігімен дыбыс шығарушы ойыншыққа қолын созуға талпынады;


31) басын баяу оң-солға, алдыға-артқа бұруға, сағат тілімен және сағат тіліне қарсы айналдыруға (бастапқыда жаттығу ересек адамның көмегімен, кейіннен өзбетінше орындайды) орындайды;


32) ересек адамның қолдауымен екі аяқпен бірге секіруге, баспалдақ бойынша өтуге сырғанақтан сырғанайды;


33) биік емес заттарға шығып, түсуге, отырып-тұруға, еңкеюге талпынады;


34) әрбір сатыны басу арқылы баспалдақтан түсуге, тосқауылдардан айналып өтуге талпынады;


35) екі аяқпен бірдей тұру, кейінен сүйеніштің көмегімен бір аяқпен кезекпен (оңмен, солмен) тұру қалпында қимыл үйлесімділігін сақтауға талпынады;


36) өздігімен затты бір қолынан екінші қолына салады.


73. Кеңістікте бағдарлай білу:


1) балалардың жүру барысында қол, аяқ қимылдарының дұрыс жүру амалдарына үйретуді жалғастыру;


2) ойыншықтарының орналасқан жерін олардың дыбысталу сипаттамасына қарай (музыка, дауыс, вокалдық) табуға үйретуді жалғастыру;


3) әр түрлі жазықтықтарда (кілемдерде, линолеум, ламинат, плитка) аяқпен, шұлықпен, жалаңаяқ жүріп үйретуді жалғастыру.


74. Кеңістікте бағдарлау бойынша күтілетін нәтиже:


1) патологиялық қалыпты болдырмай дұрыс жүруге талпындыру;


2) ойыншықтардың дыбысталу сипатына қарай орналасқан орнын біледі;


3) әр түрлі жазықтықтарда аяқпен, шұлықпен, жалаңаяқ жүреді.


75. Жаратылыстану:


1) басқа заттардың ортасынан дөңгелек (шар), төртбұрыш (шаршыны) ерекшелеуге үйрету;


2) заттардың формасын ажыратуға (дөңгелек-төртбұрыш) үйрету;


3) көлемдерде бағдарлана алуға үйрету (үлкен-кіші);


4) сөздік нұсқау, түс үлгісі бойынша қоршаған ортадан заттарды табуға үйрету: "Түсі бойынша дәл осындайды берші" немесе "Барлық қызыл түсті затты әкеп берші";


5) екі түсті (қызыл және көк) объектіні қою негізінде нақты түстегі (қызыл және көк) заттарды ерекшелеуге үйрету;


6) түс бойынша сәйкес заттарды сәйкестендіруге үйрету (төрт түсте бағдарлана алу: ақ-қара, қызыл-көк);


7) түсі, көлемі, формасы (бір белгісі) бойынша бірдей заттарды топтастыру біліктілігін қалыптастыру.


76. Жаратылыстану бойынша күтілетін нәтижелер:


1) басқа заттардың ортасынан дөңгелек (шар), төртбұрыш (шаршыны) ерекшелейді;


2) заттардың формасын ажыратады (дөңгелек-төртбұрыш);


3) көлемдерде бағдарлана алады (үлкен-кіші);


4) сөздік нұсқау, түс үлгісі бойынша қоршаған ортадан заттарды табады: "Түсі бойынша дәл осындайды берші" немесе "Барлық қызыл түсті затты әкеп берші";


5) түсі, көлемі, формасы (бір белгісі) бойынша бірдей заттарды топтастырады.


77. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру:


1) қарама-қарсы және бірдей өлшемдегі таныс заттарды зерттеу және салыстыру - ұзындығы бойынша (ұзын-қысқа), ені (кең-тар), биіктігі (биік-аласа), көлемі (үлкен-кіші).


78. Үйретілетін біліктер:


1) заттармен танысу барысында формасы, материалы, фактурасы бойынша бірдей болуы;


2) арасындағы айырмашылықтары тек қана көлемі, тек қана биіктігі немесе тек қана ұзындығы бойынша болуы;


3) сипап көруге арналған мынадай заттарды ұсыну: шар, дөңгелек, квадрат, үшбұрыш, тікбұрыш.


79. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру бойынша күтілетін нәтижелер:


1) көлемді геометриялық фигураларды зерттей алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет