3-параграф. 2-жартыжылдық 49. Тілді дамыту: импрессивті сөйлеуді дамыту, экспрессивті сөйлеуді қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуді дамыту, өйлеудің дыбыстық мәдениетін дамыту, қарым-қатынастың вербалды және вербалды емес құралдарын дамыту. 50. Импрессивті сөйлеуді дамыту: 1) жалпылама сипаттағы сөздермен енжар сөздікті толықтыру: тәулік бөліктері, жыл мезгілдерінің атауы; 2) көмекші есімдермен "астында", "жанында" айқындалған, кеңістік қатынасын түсінуіне үйрету; 3) "астында-үстінде", "алдында-артында-жанында", "алыс-жақын" үстеу мәндерін түсінуді үйрету; 4) ұқсас жағдайларды белгілейтін, іс-әрекеттерді ажырата алуды қалыптастыру; 5) етістіктің болымды және болымсыз түрін ажыратуға үйрету. 51. Экспрессивті сөйлеуді қалыптастыру: 1) лексикалық тақырыптар бойынша үстеу, сын есім, етістік, жалпы қолданыстағы зат есім есебінен белсенді сөздікті молайту; 2) сөйлеуде септікті сөз түрлендіруді қолдана алуды дамыту; 3) үш көлемінде сан есімдерді зат есімдермен келістіруді, өздік етістіктерді құра алуға үйрету. 52. Байланыстырып сөйлеуді дамыту: 1) берілген графикалық схема бойынша сөйлемдерді құра алуға оқыту: "кім? - сипаты- зат - әрекет"; 2) "және", "содан соң" жалғаулық шылаулары бар салалас құрамалас сөйлемдерді құра алуға оқыту; 3) схема және тірек суреттері бойынша қысқа сипатта әңгімелерді құрастыра алуға үйрету; 4) схема және тіреу суреттері бойынша кішігірім ертегілер мен әңгімелерді қайта айтып беруге оқыту; 5) ертегі ішінен ұсынылған сюжет бойынша сахналауға үйрету. 53. Сөйлеудің дыбыстық мәдениетін дамыту: 1) сөйлеудің айтылым жағынын және фонематикалық түсініктердің алғышарттарын дамыту; 2) дауыссыз дыбыстары үйлескен екі - үш буынды сөздерді айтуға үйрету. 54. Қарым-қатынастың вербалды және вербалды емес құралдарын дамыту: 1) сөз сөйлеуді өз мағынасы және логикалық екпіні бар, сөйлеу бөліктеріне бөлуді үйрету; 2) қарым-қатынастык элементарлы ситуацияларына үйрету. 55. Күтілетін нәтижелер: 1) құрбыластарымен және ересек адамдармен қатынасқа түседі, олардың өтініштерін орындайды; 2) кейбір үстеулерді мағынасын түсінеді; ұқсас жағдайларды белгілейтін іс-әрекеттерді ажыратады; 3) кейбір сөз жасам біліктерін меңгерген; 4) дауыссыз дыбыстары үйлескен екі - үш буынды сөздерді айтады; 5) сөйлеу тілінді жай көмекші сөздерді, жайылма сөйлемдерді қолданады; 6) сюжетті суреттер бойынша сөйлемдер құрастырады, сипаттама бойынша қысқа әңгімелерді құрастырады және қайта айтып береді.