4-параграф. 2 - жартыжылдық 18. Екінші жарты жылдықта белсенді сөйлеу тілін дамытуға баса назар аударылады. Есту қабілеті бұзылған балалар айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін пайдалануды; қатынас барысында қарапайым сөйлеу тілін қолдана білуді үйренулері керек. Балаларды жазбаша сөйлеу тілімен таныстырады. 19. Қатынас: 1) қатынас процесінің ерекшеліктерін бөліп көрсету:көзқарас арқылы білдіру (көз контактісі);мақұлдап немесе қарсы бас изеу;жымию, бас изеу, қолмен тиісті қимыл жасау;дауыстық реакция, сөйлеу тіліне еліктеу, дыбыс үйлестігі, дыбыс ұқсастығы, аморфты және былдыр сөздер,қарапайым сөздер; 2) ауызша-жазбаша қойылған сұрақтарға жауап беру; 3) заттарды қатыстырмай тапсырмаларды орындау; 4) заттарды қатыстырып тапсырмаларды орындау; 5) қанағаттанғанын, қанағаттанбағанын, қалау-қаламауын мимикамен, ым-ишарамен, сөзбен жеткізу; 6) ауызша амандасу, өтініш, тілек білдіру; 7) ауызша-жазбаша немесе ауызша-дактилді формада өтініш, тілектері туралы хабарлау; 8) келісу-келіспеудімимикамен, ым-ишарамен көрсету, сөзбен жеткізу; 9) қатынасқа түсу барысында дауыс белгілерін, қатысты, қатысы жоқ былдырды, сөздердің кескінін көрсету әрекеттерін қолдану; 10) заттық әрекеттерді бақылау, заттарды атау және оларға деген өзінің қатысын білдіру; 11) түрлі жағдайда тілдесім процесін бақылау; 12) қаратпа сөздерге жауап реакциялары:көзқарас арқылы білдіру (көз контактісі);ым-ишара, пантомимика;заттық әрекет, дене қалпын өзгерту;артикуляциялық аппараттың қозғалысы;дауысты қосу; 13) ауызша және ауызша-жазбаша қойылған сұрақтарға жауап беру; 14) ойын барысында ауызша сөйлеу тілін қолдану; 15) бірлескен әрекет ету барысында тілдесуге деген қызығушылық, ересектермен байланыс жасауға ынталандыру; 16) құрдастарымен тілік қатынас жасауға ынталандыру; 17) айналадағылардың сөйлеу тілін мұқият тыңдау, сөйлеп тұрған адамның жүзіне тұра қарау. 20. Қабылдау /сөйлеу тілін түсіну: 1) енжар сөздік қорын етістіктермен толықтыру, қарапайым ойын, тұрмыстық әрекеттерді және тапсырмаларды білдіретін сөздерді меңгеру; 2) енжар сөздік қорын зат есіммен толықтыру: айналасындағы нысандардың, жануарлардың, дене мүшелерінің, адамның бет-әлпетін білдіретін сөздер; 3) айтқанды түсіну және сұрақтарға жауап беру (ым-ишарамен,дауыс реакцияларымен, сөзбен, суреттінемесе заттарды көрсетумен); 4) сұрақтардың мағынасын түсіну; 5) ұғымдардың мәнін түсіну: дәмді, дәмсіз, болады, болмайды; 6) түрлі дыбыстық сигналдарды естіп, тану; 7) заттардың қасиеттерін білдіретін сөздерді түсіну; 8) ауызша және ауызша-дактилді белгілері бойынша объектілерді табу; 9) тек есту арқылы объектілерді табу; 10) тек жазбаша белгілері(кесте) бойынша объектілерді таба білу. 21. Айтылым: 1) қоршаған ортада заттардың орналуына қатысты бөліп айту; 2) орындайтын іс-әрекеттерді атау; 3) бақыланатын іс-қимылдарды атау; 4) сурет, мультфильмдер, фильмдер көрген кездегі іс-қимылдарды атау; 5) сөздер мен дыбыстық еліктеудің көмегімен жануарларды атау; 6) орындайтын іс-әрекеттерді қысқа сөйлемдермен айту; 7) әңгімелесушілердің артикуляциясына, мимикасына және пантомимикасына еліктеу; 8) сөздер мен сөз тіркестерін шамамен жақын көрсетілген түрде айту; 9) сөздер мен сөз тіркестерін шамамен жақын ұштасқан түрде айту; 10) тұрмыстық іс-әрекеттер мен ойынды сөйлеу тілімен ұштастыру; 11) қоршаған ортадағы іс-әрекеттерді, нысандарды сәйкестендіру білігі, оларды тілдік белгілеріне байланысты атау. 22. Оқылым: 1) танып оқу әртүрлі тақырыптық топтамалардан заттардың атын айту; 2) өз бетінше таңдаған кесте бойынша затты көрсету; 3) 2 заттан біреуін таңдау үшін кестелерді іріктеу; 4) кестеге сәйкес сыңарын табу (екеуі бірдей). 23. Күтілетін нәтижелер: 1) қарапайым тапсырмаларды заттармен, заттарсыз,орындайды; 2) келісу-келіспеуді мимикамен, ым-ишарамен білдіреді; 3) 2-3 заттан біреуін таңдау үшін кестелерді іріктейді; 4) қаратпа сөздерге жауап реакцияларын білдіреді; 5) кейбір сөздердің орнына дыбыстық еліктеуді қолданады; 6) түрлі жағдайда тілдесім процесін бақылайды; 7) заттарды іс-әрекетті атайды; 8) тек ауызша немесе жазбаша белгілері бойынша объектілерді табады; 9) ауызша-жазбаша қойылған сұрақтарға жауап береді; 10) айналасындағылардың мимикасына (бет қимылы), пантомимикасына, артикуляциясына еліктейді; 11) қойылған сұрақтардың мағынасын түсініп, сұрақтарға жауап береді; 12) сөздер мен сөз тіркестерін шамамен жақын көрсетілген және жақын ұштасқан түрде айтады; 13) амандасады; 14) кестені көрсетіп ауызшасұрайды; 15) заттардың сапасын, қасиеттерінбілдіретін сөздерді ажыратады; 16) айналадағылардың сөйлеу тілін тыңдайды, сөйлеп тұрған адамның жүзіне тұра қарайды; 17) қоршаған ортадағы іс-әрекеттерді, нысандарды сәйкестендіреді, оларды тілдік белгілеріне байланысты атайды; 18) ойын, әрекет барысында ауызша сөйлеу тілін қолданады; 19) қоршаған ортадағы түрлі дыбыстық сигналдарды таниды.