6-параграф. 1 - жартыжылдық 30. Тілдік емес дыбыстау: 1) дыбысты оқшаулау және оның көзін, орналасқан жерін сөзбен атау немесе оны сұқ саусағымен ымдап көрсету; 2) ойыншықтардың дыбысталуын есту арқылы ажырату; 3) қарама-қарсы сипаты бойынша ойыншықтардың дыбысталуын есту арқылы ажырату; 4) есту-көру арқылы ұсынылған тілдік емес дыбыстауды ажырату; 5) ара қашықтығы тұрақты арттырылған дыбыстауға деген реакциясы; 6) тілдік емес дыбыстауға деген реакциясы: шу және қоршаған ортағы дыбыстар, музыка, ән шырқау, жануарлар дауыстары; 7) музыкалық ойыншықтармен ұсынылған дыбыстық ынталандыруларға деген реакциясы, ойыншықтардың дыбысталуына тиісті қозғалыстармен дыбыс тіркестерін айту; 8) музыкалық ойыншықтармен ұсынылған дыбыстық ынталандыруларды, ойыншықтардың дыбысталуына тиісті қозғалыс ырғағымен дыбыс тіркестерін дәл айту; 9) тілдік емес дыбыстауға шартты-қозғалыс реакциясы. 31. Тілдік дыбыстау: 1) естіп-көру жәнеесту арқылы ұсынылған қарапайым нұсқаулар мен тапсырмаларды орындау; 2) есту арқылы дауысты, дауыссыз дыбыстарды айыру және дәл айту; 3) дыбысқа еліктеулерді дәл көрсету, естіп-көру жәнеесту арқылы айыру; 4) естужәне естіп-көру арқылы былдыр және толық сөздерді айыру; 5) ара қашықтығы тұрақты арттырылған тілдік дыбыстауға деген реакциясы(дыбыс күшейткішпен және жалаң құлаққа); 6) тілдік дыбыстауға шартты-қозғалыс реакциясы. 32. Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру: 1) дыбыстарды, буындарды және қысқа сөздерді артикуляциялау және қимыл-қоғалыспен қайталау; 2) дыбысқа еліктеулер, былдыр сөздер мен дыбыстарды дәл айту (шамамен, дыбыстық алмастыруларды пайдалану арқылы); 3) дауысты және дауыссыз дыбыстарды қоюда қолдануға болатын фонетикалық ырғақтық қимыл-қозғалыстары пайдалану; 4) дыбыстар мен буындарды қысқа және ұзақ айту; 5) фонетикалық ырғақтықтың көмегімен буындарды айту темпін өзгерту; 6) сөйлеудегі тыныс алуды және ұзақ ауызбен дем шығаруды бақылау; 7) фонетикалық ырғақтықтың көмегімен дауысты және дауыссыз дыбыстарды айту; 8) ауызша сөйлеу (айту) мүмкіндіктерінің деңгейіне қарай ауызша сөйлесу. 33. Күтілетін нәтижелер: 1) дыбыстарды, дыбысқа еліктеуді, былдыр мен толық сөздерді, дәл айтады; 2) естіп-көру жәнеесту арқылы ұсынылған қарапайым нұсқаулар мен тапсырмаларды орындайды; 3) тыңдау реакциясын көрсетеді; 4) фонетикалық ырғақтықтың көмегімен тілдік емес және тілдік дыбыстау темпін өзгертеді; 5) дыбыстау көзін, орналасқан жерін табады; 6) ауызша айту мүмкіндіктерінің деңгейіне қарай ауызша сөйлеседі; 7) дыбысқа еліктеулер, былдыр сөздерді таниды; 8) фонетикалық ырғақтықтың көмегімен дауысты және дауыссыз дыбыстарды айтады; 9) естіп-көру жәнеесту арқылыбылдырды, толық сөздерді айырады, ойыншықтардың дыбысталуын ажыратады; 10) ара қашықтығы тұрақты арттырылған тілдік емес және тілдік дыбыстауларға реакция білдіреді; 11) тұрмыстық дыбыстарды, қалалық және табиғи шуларды таниды.