4-тарау. Ортаңғы топ (4-5 жастағы балалар) 1-параграф. "Денсаулық" білім беру саласы 120. "Денсаулық" білім беру саласының базалық мазмұны - дене шынықтыру, мәдени-гигиеналық дағдылары ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады. 121. Мақсаты - денсаулықсақтау технологиясын қолдана отырып, балалардың қимылдық белсенділігін дамыту және дене жаттығуларын орындауға қызығушылықтарын қалыптастыру. 122. Міндеттер: 1) өзінің әрекетін өзгелердің қимылымен үйлестіру: жаттығуды бір мезгілде бастау және аяқтау, ұсынылған қарқынды сақтау; 2) сигналға жауап беру және соларға сәйкес әрекеттену; 3) қарапайым сапқа тұру мен қайтадан сапқа тұруды орындау; 4) дене жаттығуларын тәрбиешінің нұсқауларына сәйкес орындау; 5) шапшаң қимылды ойындарға қатысуға қызығушылықты қалыптастыру, шапшаң қимылды ойындар ережесіне үйрету; 6) ертеде меңгерілген дағдыларды бекіту және олардың орындалуын жоғарылату; 7) өзіне-өзі қызмет ету барысында қарапайым қарым-қатынас әрекеттерін дамыту; 8) ұқыптылықтың алғашқы дағдыларын баулу. 2-параграф. 1-жартыжылдық 123. Дене шынықтыру төмендегідей негізгі қимылдарды қамтиды: 1) жүру:бір бірінің артынан қолдарына жалауша ұстап жүруге, тар жол бойымен (ені 25 см) жүруге, топтасып залдың қарама-қарсы қабырғасына қарай жүруге; көрсету немесе еліктеу бойынша қолдарын басының артына қойып, жол бойымен жүруге; қол белде, аяқтың ұшымен жүруге; шеңбер бойымен (арқан бойымен) жүруге; қолдарын басының артына қойып,өкшемен жүруге үйрету; 2) жүгіру: қол ұстасып, жұптасып жүгіруге, берілген сигнал бойынша тоқтап бір-бірінің артынан жүгіруге; арқанды ұстап, бірінің артынан бірі жүгіруге; шеңбер (еденге салынған арқан) бойымен жүгіруге үйрету; 3) секіру:бір орнында тұрып секіруге; тәрбиешінің қолынан ұстап арқан, бау арқылы секіруге; тақтай бойымен жүріп, көтерілген ұшынан (биіктігі 10-15 см), тәрбиешінің қолынан ұстап, орындықтан тізесін бүгіп секіруге үйрету; 4) лақтыру, қағып алу, дәлдеп лақтыру:доптарды бір-біріне екі қолымен төменнен лақтыруға; допты нысанаға торлы себетке (50 см) лақтыруға; допты қағып алуға; допты және шарларды еңіс тақтай бойымен домалатуға; допты қақпаға (ені 50-60 см), шеңберге қарай домалатуға үйрету; 5) еңбектеу, өрмелеу:кілемде, орындықта еңбектеуге; қатарлас тұрған (қашықтығы 1,5-2 м) гимнастикалық екі орындықтан өрмелеп өтуге; гимнастикалық қабырға бойымен еркін тәсілмен өрмелеуге; тақтай бойымен (ені 30 см.) еңбектеуге үйрету; 6) тепе-теңдік сақтау:тепе-теңдігін сақтай отырып, (тәрбиешінің көмегімен) көлбеу тақтай бойымен (20-30 см), соңында секіру қажет болатын гимнастикалық орындық бойымен жүруге; қол жағдайын (жоғары көтерілген, белде) өзгерте отырып, бірінің артынан бірі аяғының ұшымен жүруге; басты оңға-солға бұруға, алға июге, артқа шалқайтуға; бір орында тұрып аяғын кезектестіре басып айналуға, дыбыстық сигнал бойынша тізесін бүге айналуға үйрету; 7) сапқа тұру:сапта еркін тұруға; арқан бойымен тұруға, бірінің артынан бірі сапқа және шеңбер құрап тұруға үйрету; 8) жалпы дамытушы жаттығулар (затпен және затсыз):жаттығуларды педагогпен бірге орындау: бас қимылы - бұру (оңға, солға), алға ию, артқа шалқаю; қол қимылы - алға, жан-жағына, алға, иыққа, белге қою, кеуде тұсында айқастыру, жанына қарай созу, кеуде тұсында, бастан асыра шапалақтау; бүгу және жазу; қол белде, аяқ иық ендігінде бастапқы қалыпта денені оңға және солға қарай бұру; қолды еркін жіберіп жүрелеп отыру; қолды жоғары қарай түзулеп жүрелеп отыру; қолдаумен жүрелеп отырып, қол белде, тұрған орнында аяқ ұшымен секіру; қол белде, аяқты дұрыс басып айналу; қол қимылдары: айналдыру, бұлғау, шапалақтау; қол қалпын өзгерте отырып қимылдау (жоғары, алға, жанына); саусақтарды жұдырыққа түю және саусақтарды жазу; 9) тәрбиешінің әрекетіне еліктеу бойынша шапшаң қимылды ойындар; 10) спорттық жаттығулар:биік емес төбеден ересектің көмегімен шанамен сырғанау; ересектердің көмегімен мұзды жолдармен сырғанау. 124. Күтілетін нәтижелер: 1) дене жаттығуларына қимылдық белсенділік пен қызығушылық байқатады; 2) жаттығуларды педагогтың әрекеттеріне еліктей отырып орындайды; 3) шеңбер бойымен, жол бойымен қол ұстасып бірінің артынан бірі жүреді; қол белде, аяқ ұшымен жүреді; 4) жол бойымен, шеңбер бойымен, көрсетілген бағытта бірінің артынан бірі жүгіреді; 5) допты шеңберге лақтырады; 6) тұрған және отырған қалыпта допты екі қолымен ұстап, қақпа арқылы домалатады; 7) тақтайдан секіреді; 8) тіректен ұстап бір орнында тұрып секіреді; 9) тақтай бойымен еңбектейді; 10) арқанның, орындықтың астынан өрмелеп өтеді; 11) гимнастикалық қабырғаға шығады және түседі; 12) педагогтың қолынан ұстап бау арқылы секіреді; 13) аттап өте отырып, бір орнында тұрып айналады. 125. Мәдени-тазалық дағдылары: 1) тамақтану дағдыларын қалыптастыру: тамақ ішу үшін қажетзаттарды сәйкестендіре білуді қалыптастыру (қасық, шанышқы, тәрелке, тостаған, майлық);балаларды ас қасық және шай қасығымен қолдануға үйрету; ұқыпты тамақтанудың қарапайым дағдыларын тәрбиелеу (төгіп-шашпай жеу); балаларды ересектің бақылауында тамақты ұқыпты ішуге үйрету; 2) гигиеналық дағдыларды қалыптастыру:балалардан және ересектен көмек сұрау, бір-біріне көмек көрсету, ересектің ауызша өтініші бойынша және ересек адамның көмегімен жуынар алдында киімнің жеңін түру керектігін бекіту; қажеттілігі бойынша және ересек адамның көмегімен шүмекті аша және жаба білуге үйрету; балаларды бет пен қолдыбірізділікпен жуу қажеттілігіне үйрету; тіс пастасы салынған сықпаны ашу және жабудағдысын қалыптастыру;балаларғатіс пастасын тіс щеткасына жаға отыра, тіс тазалауды, ауыз шаюды үйрету (үлгі бойынша); балаларда қол мен бетті орамалмен құрғатып сүрту дағдысын қалыптастыру; ересектердің көмегімен жуғаннан кейін аяғын сүртуге үйрету; 3) ұқыптылық дағдыларын қалыптастыру:ересектердің бақылауымен тісті таңертен және кешке тазалауға дағдыландыру; дәретханаға дер кезінде бару дағдысын қалыптастыру (ересектің ауызша нұсқаулығы және өзінің қажеттілігі бойынша);өздігінен және ересектің көмегі арқылы мұрнынбет орамалымен сүрте білуін, оны қалтасынан алужәне қайта салу икемділігін қалыптастыру; 4) киіну және шешіну дағдысын қалыптастыру:ересек адамның көмегі арқылы оң және сол жақ аяқ қиімді ажырата білуге үйрету; өздігінен және ересектің жарым-жартылай көмегі арқылы "жабысқақ" және "сыдырма ілгекті" түймелегіштерді ағыта алуын қалыптастыру; ересектің сәл көмегі арқылы "жабысқақ" және "сыдырма ілгекті" түймелегіштерді түймелей алуын қалыптастыру; сыдырма ілгектер көмегімен біріктіретін, түймелейтін, ағытатын дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретінтүрлі ойын модульдері бар жаттығулар. 126. Күтілетін нәтижелер: 1) ересек адамның көмегімен киім жеңінін түре алады; 2) қажеттілігі бойынша және ересек адамның көмегімен шүмекті аша және жаба алады; 3) үлгі бойынша тіс пастасын тіс щеткасына жаға отыра, тіс тазалау, ауыз шаю әрекетін орындай алады; 4) ересектердің көмегімен қол мен бетін сүлгімен құрғатып сүртеді; 5) ересектің ауызша нұсқауы және өзінің қажеттілігі бойынша дәретханаға дер кезінде барады; 6) ересек адамның көмегі арқылы оң және сол аяқ киімді ажырата біледі; 7) ересектің жарым-жартылай көмегі арқылы сыдырма ілгекті түймелегіштерді ағыта алады; 8) ересектің жарым-жартылай көмегі арқылы "жабысқыш" және "сыдырма ілгекті" түймелегіштерді түймелеудің қарапайым дағдыларына ие болады.