Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы



бет103/189
Дата11.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#73441
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   189
Байланысты:
499 бұйрық

4-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы

131. "Коммуникация" білім беру саласының базалық мазмұны - сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.


132. Мақсаты балаларда ересек адамдар мен құрдастарымен қарым-қатынас жасау кезіндегі сөз сөйлеу қажеттілігін қалыптастыруды; балалардың көркем әдебиет және халық ауыз әдебиет шығармаларына эмоциональді ілтипат білдіруін дамыту болып табылады.


133. Міндеттері:


1) балаларда ересек адамдар мен құрдастарымен қарым-қатынас жасаудың тілдік нысандарын дамыту;


2) балаларда сөз сөйлеуде өздерінің тілектері мен эмоционалды толқуларын таныту қажеттілігін тәрбиелеу;


3) ертегілерді, әңгімелерді тыңдай білуін дамыту,


4) ертегілердің, әңгімелердің, тақпақтардың мазмұнын түсінуге және ондағы оқиға желісін қадағалауға үйрету;


5) мәтін бойынша қойылған қарапайым сұрақтарға жауап беру;


6) көркем шығарма кейіпкерінің эмоциональді қалпын қабылдауға үйрету;


7) көркем әдебиетті оқуға қызығушылығын қалыптастыру.

5-параграф. 1 - жартыжылдық

134. Сөйлеуді дамыту:


1) балаларды тәулік бөлімдерін түсіну және ересек адамның көмегімен атау икеміне үйрету; балаларды суреттер бойынша кейіпкерлердің қарапайым қимыл-әрекеттерін тану және атау икеміне үйрету;


2) балаларда сөйлеу кезінде жіктеу есімдіктерінпайдалану дағдысын қалыптастыру;


3) балаларда ересек адамның бақылауымен заттардың кеңістіктегі орналасуын анықтаумен байланысты сөздерді пайдалану икемін дамыту;


4) балаларды сөйлеуде сапалық сын есімдерін пайдалану дағдысына үйрету;


5) суретте бейнеленген кейіпкерлердің бейнеленуі мен қимыл-әрекеттерін түсіну, көрсеткен суреттер бойынша сұрақтарға жауап беру икеміне үйрету;


6) балаларды сөз жасаудың алғашқы дағдыларына үйрету: кішірейткіш- еркелету мәніндегі зат есімдерді құрастыру;


7) балаларды ересек адамның көмегімен негізгі түстердің атауларын түсіну мен пайдалану икеміне үйрету; сөздердің жалпылау мәнін түсінуді қалыптастыру.


135. Күтілетін нәтижелер:


1) екі-үш сөзден тұратын фразаны құрастырады;


2) ересек адамның бақылауында кішірейткіш-еркелету мәніндегі зат есімдерді құрастыра алады;


3) сөйлеу кезінде сапалық сын есімдерді пайдаланады (ересек адамның бақылауында);


4) ересек адамның бақылауында заттардың кеңістіктегі орналасуымен байланысты сөздерді естуде жіктейді.


136. Көркем әдебиет:


1) тыңдау және түсіну:ертегілерді, әңгімелерді, тақпақтарды мұқият тыңдай білуге және түсінуге, мазмұны бойынша қойылған жай сұрақтарға жауап беруге үйрету, "Бұл кім (не)" сұрағын қоюға дағдыландыру. Көрнекілікке сүйене отырып, сипаттау жұмбақтарын шешуге үйрету;


2) шығарманың интонациялық ырғағын қабылдау: интонацияны қабылдауға үйрету, шығарма кейіпкерлерінің мінез-құлқы мен әрекеттерін талдау арқылы мейірімділікті танып білуге үйрету;


3) әңгімелеу және түсіну:көрнекілікке сүйене отырып, сипаттау жұмбақтарды шешуге, қысқа тақпақтарды жатқа оқуға үйрету; лексикалық тақырыптар бойынша сөздік қорын толықтыру және белсендірту; ойыншықтарды қолдана отырып, күрделі емес сюжеттер бойынша сахналау ойынына қатысуға баулу.


137. Күтілетін нәтижелер:


1) таныс шығармаларды эмоциональді түрде қабылдайды және түсінеді;


2) шығарма мазмұнына эмоциональді түрде әрекет етеді;


3) кішігірім тақпақтарды, өлеңдерді жатқа біледі;


4) шығарма мазмұнына қатысты қарапайым сұрақтарға жауап береді (сөйлеу мүмкіндіктеріне қарай).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет