6-параграф. 2 - жартыжылдық 138. Сөйлеуді дамыту: 1) етістіктерді зат есімдермен келістіру икемін қалыптастыру; 2) балаларды жекеше және көпше түрдегі етістіктерді пайдалану икеміне үйрету; 3) балаларды сөйлеу кезінде жеке сан есімдерді (бір, екі, көп) пайдалану және ересек адамның көмегімен оларды зат есімдермен келістіру икеміне үйрету; 4) сын есімдерді зат есімдермен келістіру икемін қалыптастыру; 5) топтағы өмірге, табиғаттағы бақылауларға қатысты сұрақтарға жауап беруге үйрету; 6) сөз таптарын, ыдыстардың, киімдердің, жиһаздардың зат атауын және күнделікті өмірде олармен жасайтын әрекеттерді білдіретін сөздерді пайдалану икеміне үйрету; 7) қарапайым сұрақтарға жауап беру икеміне үйрету; 8) жанды-жансыз санаты бойынша заттардың атауларын жіктеу дағдыларына үйрету; 9) сөздерді тілектері мен сезімдерін білдіру үшін пайдалану икемдерін дамыту: ыңғайсыздыққа (шаршадым, ыстық) және құрдастардың іс-әрекеттеріне (ойыншықты бермейді); 10) ересек адамның көмегімен қарапайым геометриялық пішіндердің атауларын пайдалану икемін дамыту. 139. Күтілетін нәтижелер: 1) сөйлеу кезінде жіктеу есімдіктерін пайдаланады; 2) сөйлеу кезінде жеке реттік сан есімдерін пайдаланады; 3) сын есімдерді зат есіммен келістіре алады (ересек адамның көмегімен); 4) топтағы өмірге, табиғаттағы бақылауларға қатысты сұрақтарға жауап бере алады. 140. Көркем әдебиет: 1) тыңдау және түсіну:көрнекілікке сүйене отырып, сипаттау жұмбақтарды шешуге, кейіпкерлердің қарапайым өзара қатынасын анықтауға, оларға жай сипаттама (жақсы-жаман) беруге үйрету; "Бұл кім (не)?", "Не істеді?" сұрақтарын қою біліктілігін дамыту; лексикалық тақырыптар бойынша сөздік қорын толықтыру және белсендірту; 2) шығарманың интонациялық ырғағын қабылдау:интонацияны қабылдауға үйрету, шығарма кейіпкерлерінің мінез-құлқы мен әрекеттерін талдау арқылы мейірімділікті танып білуге үйрету; 3) әңгімелеу және түсіну:қуыршақ қолғаптарын, үстел үсті театрын қолдана отырып, таныс ертегілерді әңгімелеуге, қысқа тақпақтарды жатқа айтуға үйрету (сөйлеу мүмкіндіктеріне қарай); ойыншықтарды, бетперделерді қолдана отырып, күрделі емес сюжеттер бойынша сахналау ойынына қатысуға баулу. 141. Күтілетін нәтижелер: 1) кішігірім тақпақтарды, өлеңдерді жатқа біледі; 2) мазмұны бойынша қарапайым сұрақтарға жауап береді; 3) шығарма мазмұнына эмоциональді түрде әрекет етеді; 4) педагогтың көмегімен шығарма кейіпкерлеріне жай сипаттама (жақсы-жаман) береді.