8-параграф. 1 - жартыжылдық 145. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру: 1) сандық түсініктер және санау:дискретті және үздіксіз көптіктермен заттық-практикалық әрекеттерде "көп", "аз", "бос", "толық", 1, 2 саны туралы түсінікті бекіту;элементтерінің сандары 2 көлеміндегі көптікті әрекеттің санымен салыстыру: үстел үстінде неше матрешка болса, алақанды сонша рет шапалақта; 2) үздіксіз көптіктерді саны бойынша салыстыру: "көп"-"аз", "артық"-"кем";үстіне салу және қабаттастырып қою тәсілдерін пайдалана отырып, қандай заттардың артық, кем екенін анықтап, сандары бойынша тең емес екі топты салыстыру; 3) екі көлеміндегі көптіктерді біріктіру және ажырату операцияларын орындау;заттар мен дыбыстарды, заттар мен қимылдарды, дыбыстар мен қимылдарды саны бойынша салыстыру: көп, 1, 2; 4) екі көлеміндегі заттарды санау, заттардың санын саусақтар санымен сәйкестендіру; 5) үздіксіз көптікті саны бойынша салыстыру (үлкен шелекте құм көп, кіші шелекте құм аз); еліктеу бойынша дискретті және үздіксіз көптіктерді түрлендіру (арттыру, кеміту); 6) көлем:заттарды бір-біріне қабаттастыра қою тәсілін пайдалана отырып, биіктігі (биік-аласа) бойынша салыстыру;салыстырылатын екі заттың қайсысының биік (аласа) екенін тану және көрсету;үш заттың арасындағы көлемдік арақатынасты (үлкен-кіші-ең кіші) табу; 7) геометриялық финуралар:геометриялық фигураларды: дөңгелекті, шаршыны, үшбұрышты ажырату;геометриялық фигураларды пішіні, түсі бойынша біріктіру;көлемді геометриялық фигураларды ажырату; 8) кеңістікте бағдарлау:берілген бағыт бойынша: алға, артқа, солға, оңға қозғалу;өз дене мүшелерінде бағдарлау: жоғарыда - бас, мойын, кеуде, төменде - аяқ, алдында - бет, іш, артында - арқа, сол, оң қол; 9) мезгілдік бағдарлау:жыл мезгілдері: күз, қыс;тәулік бөліктері: түн, күн. 146. Күтілетін нәтижелер: 1) дискретті және үздіксіз көптіктермен заттық-практикалық әрекеттерде "көп", "аз", "бос", "толық", 1, 2 саны туралы түсінігі бар; 2) үздіксіз көптіктерді саны бойынша "көп"-"аз", "артық"-"кем" салыстырады; 3) сандары бойынша тең емес екі заттық топты салыстырады; 4) үлгінің негізінде заттарды сандық белгілері бойынша топтастыруды жүзеге асырады; 5) дискретті және үздіксіз көптіктерді түрлендіреді (арттыру, кеміту); 6) 2-3 затты көлемі, биіктігі бойынша салыстырады; 7) геометриялық пішіндерді: дөңгелекті, шаршыны, үшбұрышты ажыратады; 8) көлемді геометриялық пішіндерді ажыратады; 9) берілген бағытта: алға, артқа, солға, оңға қозғалады; 10) өз дене мүшелерінде бағдарлайды; 11) жыл мезгілдері: күз, қыс туралы түсінігі бар; 12) тәулік бөліктері (түн, күн) туралы түсінігі бар. 147. Сенсорика: 1) көріп қабылдау мен зейінді дамыту:суретте бейнеленген әрекеттерді өз әрекеттерімен сәйкестендіру, суреттегі әрекеттерді бейнелеу;ересектің әрекетіне еліктеу бойынша 3 элементтен құрастыру процесінде пішіндерді (шар, текше, үшбұрышты призма) ажырату;ойын барысында практикалық байқап көру тәсілдерін пайдалана отырып, көлемді пішіндерді (текше, шар, кірпіш, үшбұрышты призма) жіктеу;көлемдерді қабылдау: кіші, үлкен, өте үлкен;қызыл, сары, көк, жасыл түстерді салыстыру, түстерді үлгі бойынша ерекшелеу; 2) үшқұрамды пирамиданы көлемін ескере отырып, тәжірибелікөлшеп көру тәсілі арқылы құрастыру;3 бөліктен тұратын кесінді суретті жинастыру; 3) естіп қабылдау мен зейінді дамыту: дыбысталудың белгілі бір әрекетпен өзгеруіне әсерін білдіре отырып, музыкалық үш аспаптың (дағыра, металлофон, сыбызғы) дыбысталуын жіктеу; 2-3 музыкалық аспаптың дыбысталу дәйектілігін анықтау; қандай да бір аспаптың қатты және ақырын дыбысталуын ажырату; 4) тактильдік-қимылдық қабылдауды дамыту: ересектің сөздік тапсырмасы бойынша ойыншықтарды сипай отырып таңдау (үш ойыншықтың ішінен); геометриялық фигураларды (шар, текше, үшбұрышты призма) және заттардың көлемін (үлкен, кіші, өте үлкен) сипай отырып қабылдау; заттарды белгілері бойынша ерекшелей отырып, сипап көру; қатты және жұмсақ нысандарды және 2 көлеміндегі заттарды қабылдау және жіктеу; 5) дәм сезуді дамыту: тамақты температуралық белгісі бойынша (ыстық, суық, жылы) жіктеу; әртүрлі дәмдік сезімдер "тәтті-ащы", "тәтті-қышқыл" туралы түсінікті қалыптастыру; қышқыл дәмі бар тағам өнімдерімен (лимон, қараөрік) таныстыру;тамақты дәмі "тәтті-ащы", "тәтті-қышқыл" бойынша анықтау. 148. Күтілетін нәтижелер: 1) негізгі түстерді (қызыл, сары, жасыл, көк) сәйкестендіреді; 2) көлемді пішіндерді (шар, текше, кірпіш, үшбұрышты призма) ажыратады; 3) берілген сенсорлық белгілері бар нысандарды көптіктің ішінен ерекшелейді; 4) үшқұрамды пирамидканы құрастырады; 5) 3 бөліктен құралатын заттық кесінді суретті құрастырады; 6) геометриялық пішіндерді (шар, текше, үшбұрышты призма) және заттардың көлемін (үлкен, кіші, өте үлкен) сипай отырып жіктейді; 7) сипай отырып заттың жұмсақ, қатты екенін ажыратады; 8) 2-3 музыкалық аспаптың дыбысталу дәйектілігін анықтайды; 9) қандай да бір аспаптың қатты және ақырын дыбысталуын ажыратады. 149. Құрастыру: 1) көлемді пішінді заттарды, конструктор бөліктерін зерделеу: екі қолымен сипай ұстау, нобайы бойымен қолымен жүргізуарқылы қабылдауға; еліктеу бойынша практикалық әрекеттер арқылы заттарды көлемі (кіші, үлкен) бойынша салыстыруға;құрылыстарды шынайы нысандармен және олардың суреттегі бейнелерімен сәйкестендіруге, салған құрылыстарын ойында пайдалануға үйрету; 2) білімді қалыптастыру: негізгі түстертуралы, түстерді: қызыл, сары, көк сәйкестендіру; заттардың көлемі: үлкен, кіші, орташа туралы;заттардың пішіні (текше, кірпіш, пластина) туралы; ағаштан, пластмассадан жасалған құрылыс материалдарының қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру; 3) құрылыс материалдарынан құрастыру: құрылыс материалдарының бөліктерін (текше, кірпіш, пластина) түсі, көлемі, пішіні бойынша ажырату; қандай да бір құрылыс үшін әртүрлі құрылыс материалын пайдалана отырып, үлгі бойынша қарапайым құрылыстарды салу;пішінді үстел жазықтығының жағдайына (тұр, жатыр) тәуелсіз тану; 2-5 текшеден мұнара құрастыру;үлгі бойынша мәшинеге арналған кең жол салу; қарапайым құрылымдарды салу; 4) заттық емес құрастыру: ойыншықты жинастыру, бөліктерден бүтін құрау; "жоғарыда", "төменде" кеңістіктік қатынастарды (сатыдағы, топ бөлмесіндегі жаттығулар) үлгілеу; практикалық әрекеттер барысында өз денесінде бағдарлау: "Ойыншықты сол (оң) қолыңда ұста", "Сол аяғыңды, оң аяғыңды бас"; 5) таяқшалардан құрастыру: үлгі бойынша таяқшалардан геометриялық фигураларды салу; үлгі бойынша таяқшалардан қарапайым құрылыстарды (жол, дуал, жалауша) салу; 6) құрамалы-жиналмалы ойыншықтарды құрастыру: заттарды оның бейнесінің сұлбасымен сәйкестендіру; трафареттің сұлбасын саусақпен жүргізу арқылы жазық пішінді ерекшелеу; 7) дағдыларды қалыптастыру:конструктор бөліктерін ұстап алу, ұстап тұру, орнын ауыстыру; затты екі қолымен зерделеу (затты сипау); құрылыс жиынтығының элементтерінің көлемін, пішінін бір-бірінің үстіне қою, қатарластырып қою тәсілдерінің көмегімен салыстыру; кірпішті қысқа қырымен, ұзын қырымен қою. 150. Күтілетін нәтижелер: 1) құрылыстарды салуға және олармен бірге ойнауға деген қызығушылық танытады; 2) құрылыс материалдарынан және таяқшалардан қарапайым құрылыстар салады; 3) таныс құрылыстарды таниды және көрсетеді; 4) үлгі бойынша құрамалы-жиналмалы ойыншықтарды жинастырады; 5) үлгі бойынша таяқшалардан геометриялық пішіндерді салады; 6) затты оның сұлбасымен және бейнесімен салыстырады; 7) кеңістіктік қатынастарды: жоғарыда, төменде ажыратады; 8) ойында құрылыстарды пайдаланады. 151. Жаратылыстану: 1) табиғат құбылыстары: қоршаған әлемде болып жатқан өзгерістер; табиғат құбылыстары (жаңбыр, бұлт және жел); күз бен қыс туралы түсініктерді қалыптастыру; экологиялық мәдениет негіздерін: табиғатқа ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу; 2) өсімдіктер әлемі: көкөністер (пияз, қырыққабат) туралы білімді кеңейту; жемістер (алма, алмұрт, қараөрік) туралы білімдерін кеңейту; ағаштармен (қайың) таныстыру; 3) жануарлар әлемі: жануарлармен (мысық, ит, түлкі) танысу; оларды дауыстары (дыбысқа еліктеу) бойынша тану; жабайы құстармен (торғай) танысу. 152. Күтілетін нәтижелер: 1) педагогтің көмегімен табиғаттағы мезгілдік өзгерістерді анықтайды; 2) иллюстрациядан күз бен қыстың қарапайым белгілерін көрсетеді; 3) кейбір көкөністер мен жемістерді ажыратады; 4) иллюстрациядағы қайыңды атайды немесе көрсетеді; 5) кейбір үй және жабайы жануарларды біледі; 6) иллюстрациядағы торғайды атайды немесе көрсетеді.