15-параграф. 2 - жартыжылдық 262. Шаруашылық-тұрмыстық еңбек: 1) дастарқан жая білуді (майлық қағаздарды қою, балалардың санына қарай тәрелке, қасықтарды қою) қалыптастыру; 2) педагогтің көмегімен табиғат бұрышындағы жұмыс (гүлдердің топырағын қопсыту, аквариумдегі балықтарды күту) дағдыларын бекіту; еңбек міндеттерін, кезекшілік міндеттерді бөлу, бір-біріне көмектесу; 3) қарды күреу және жолды тазарту икемділігін қалыптастыру; 4) өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын (мойынорағышты, бауды байлау, түймені және сыдырмалы немесе "жабысқақ" түймелікті салу және шешу), өзінің киімін орындықтың арқалығына ілу, аяқ киімін кереуеттің астына ұқыптылықпен қою дағдыларын қалыптастыру; 5) өзінің шкафын тәртіпке келтіру икемділігі мен дағдысын жетілдіру; 6) ересектің көмегімен ойын бұрышын жинау (әртүрлі ойыншықтарды жуу және сүрту, оларды өз орындарына қою, қуыршақтардың киімін жуу) дағдысын бекіту; 7) үлескені тәртіпте ұстау, ересектің көмегімен жерді қопсыту, суғару, гүлді күту дағдылары мен икемділіктерін бекіту; 8) бір-біріне, өзінің заттарына құныттылықпен қарау мен ұқыптылыққа тәрбиелеу. 263. Күтілетін нәтижелер: 1) еліктеу немесе әрекеттену тәсілін көрсету бойынша киіну және шешіну; 2) үстел басында өзін қалай ұстау керектігін біледі; 3) ересек адамның өтініші немесе сөздік нұсқауы бойынша өз денесін күте біледі; 4) ересек адамның сәл көмегімен киімінің түймелерін (түймені және сыдырмалы немесе "жабысқақ" түймелікті салу және шешу) салуды біледі; 5) құрдасына түймесін салуға мойынорағышты байлауға көмектеседі; 6) шкафының ішін тәртіпке келтіреді; 7) ересектің нұсқауы бойынша заттарын салады; 8) кезекшінің міндетін атқарады; 9) ересектің өтініші бойынша ойыншықты жуады және орнына қояды; 10) ересекпен бірге өсімдіктерді (табиғат бұрышындағы, үлескедегі) күтеді; 11) ересекпен бірге қар күрейді, жолды тазартады. 264. Қол еңбегі: 1) дағдыларды қалыптастыру: қағазбен жұмыс (ортасынан, түзу сызық бойымен бүгу, жапсыру, жырту, умаждау); әртүрлі пішіндегі (шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек) қағазды бүктеу, бұрыштары мен қабырғаларын түйістіріп, бүгу сызығы бойымен саусақпен жүргізу,ересек адамның көрсетуі мен нұсқауы бойынша ұжымдық жұмыс жасау біліктілігін қалыптастыру; 2) баланың сөйлеу тілінің мүмкіндігіне қарай байланыстырылған сөйлеу тілін (сен бізге айт және істе, қалай екенін көрсет және айт) дамыту; 3) табиғи материалмен (бүр, жапырақ, емен жаңғағы) жұмыс дағдысын жетілдіру; 4) қалдық материалмен (сіріңке қораптары, пластик шөлмектер) жұмыс дағдысын қалыптастыру; 5) ұқыптылыққа, материалды үнемдеп ұстауға, әрекетке қызығушылық танытуға тәрбиелеу. 265. Күтілетін нәтижелер: 1) әрекетке қызығушылық танытады; 2) өзінің әрекетін қадағалайды; 3) еліктеу бойынша, әрекеттену тәсілін көрсету бойынша бұйымдар жасайды; ересектің көмегімен үлгіні талдайды; 4) педагогтің сұрақтарына (алдымен не? одан кейін не?) жауап береді; 5) бұйымдарды жасауға арналған құралдарды пайдаланады; 6) әрекетті сөзбен айтып отырады (сөйлеу тілінің мүмкіндігіне қарай); 7) ересек адамның басшылығымен қағазбен, табиғи және қалдық материалдармен жұмыс істей алады; 8) бұйымдарды жасаған кезде құрдастарына шамасы жеткенше көмектеседі; 9) ересекпен бірге ұжымдық жұмысты құрады.