4-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы 487. "Әлеумет" білім беру саласының мазмұны - қоршаған ортамен танысу арнайы түзеу оқу қызметінде іске асырылады. 488. Мақсаты балаларда қоршаған ортаға деген жағымды қатынасы мен мінез-құлқын, эмоционалды ілтипатын қалыптастыру; тірі және өлі табиғат туралы, табиғат нысандарының өзара байланысы туралы түсініктерін қалыптастыру болып табылады. 489. Міндеттері: 1) жақын айналасындағы заттарды атау немесе көресту біліктілігін қалыптастыру; 2) балабақша бөлмелеріжәне олардың мәні туралы түсініктерін қалыптастыру; 3) уақыт түсініктерін қалыптастыру; өзі және жақын туысы туралы түсініктерін қалыптастыру; 4) негізгі дене мүшелері туралы түсініктерін қалыптастыру; 5) психикалық үдерістерін дамыту: зейін, ес, ойлау; 6) қарым-қатынастың вербалды емес құралдарын дамыту; 7) отбасына деген махаббатын, үлкендерге құрметін тәрбиелеу. 5-параграф. 1-жартыжылдық 490. Қоршаған ортамен танысу: 1) өзінің және топтағы балалардың есімдерімен таныстыру; өзі және туған адамдары туралы түсінігін қалыптастыру; жақын әлеуметтік орта туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; 2) өз денесінде бағдарлауын қалыптастыру: қолдары, аяқтары, басы, денесі. 3) балабақшаның іші-жайымен таныстыру: (жатын бөлме, топ), олардың мәні; 4) топтағы ойыншықтармен таныстыру; 5) тұрмыс заттармен таныстыру: киім (көйлек, жейде, шолақ шалбар (шорты), шалбар), ыдыс (қасық, тәрелке). 6) тұрмыс заттарына ұқыпты болуға тәрбиелеу; 7) өлі табиғат нысаналары (су) мен құбылыстары (жаңбыр); 8) мерекелік күндермен таныстыру: туған күн, Жаңа жыл. 491. Күтілетін нәтижелер: 1) өзінің есімі және топтағы құрбыларының есімдері туралы түсінігі бар; 2) үлгі бойынша кейбір дене мүшелері туралы түсінігі бар; 3) педагогтің көмегімен балабақша ішінде бағдарлай алады; 4) таныс ойыншықтарын көрсетеді; 5) киімдердің әне ыдыстардың кейбір түрлерін біледі; 6) табиғаттың кейбір құбылыстары туралы түсінігі бар; 7) мерекелік іс-шараларға эмоционалды әсерін білдіреді.