4-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы 505. "Әлеумет" білім беру саласының мазмұны- қоршаған ортамен танысу арнайы түзеу оқу қызметінде іске асырылады. 506. Мақсаты: нормалар мен ережелер негізінде тұлғаның әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру; тірі және өлі табиғат туралы білімдерін жетілдіру. 507. Міндеттері: 1) айналадағы нысаналармен, заттармен жинақталған өзара әрекеттесу тәжірибесін қолдана отырып, таныс жерлердегі тәртіп ережелері туралы түсініктерін қалптастыру; 2) ересектердің еңбегі, ересектермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасау ережелері туралы білімін толықтыру; 3) мамандықтар туралы білімін қалыптастыру; 4) тұрмыстық заттар туралы түсініктерін қалыптастыру; 5) әлеуметтік өмірдің нысаналары туралы түсінігін қалыптастыру; 6) үй-жай ішінде бағдарлай білуге үйрету; 7) қысқы ойындар туралы түсініктерін қалыптастыру; 8) психикалық үдерістерін дамыту: зейін, ес, ойлау;вербальді және вербальді емес қарым-қатынас құралдарын дамыту; 9) белсенді және енжар сөздік қорын жалпылау ұғымдарымен толықтыру; 10) табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу. 5-параграф. 1-жартыжылдық 508. Қоршаған ортамен танысу: 1) өзінің тегін, жасын айта білуін, жынысы туралы түсінігін қалыптастыру; 2) туыстық қатынастар туралы түсініктерді қалыптастыру; 3) топтағы балаларды есімдерімен атап үйрету; 4) бет бөліктері мен дене мүшелерін көрсетіп, олардың қызметін түсіндіру біліктілігін қалыптастыру; 5) белгілі бір мамандық іс-әрекетінің мәні туралы түсінігін қалыптастыру (тәрбиеші, күтуші, дәрігер, жүргізуші); 6) адамның күнделікті өмірдегі және еңбегіндегі іс-әрекеті мен қылығын бақылау біліктілігін қалыптастыру; 7) балабақшаның іші-жайымен таныстыру (кіреберіс, мейірбеке кабинеті, музыкалық зал); 8) таныс заттарды олардың бейнелерімен сәйкестендіру біліктілігін қалыптастыру (ойыншықтар, ыдыс, жиһаз). 9) қоршаған ортадағы нысаналарды ересектің ауызша нұсқауы бойынша көрсету біліктілігін қалыптастыру (ойыншықтар автобус, жүк машинасы, үй, тұрмыстық заттар). 10) азық-түлік түрлерімен таныстыру: нан, сүт, пешене, кәмпиттер; 11) жүріс-тұрыс мәдениеті: қоршаған ортадағы нысаналармен, заттармен өзара әрекеттесу тәжірибесін қолдана отырып, серуен кезіндегі, үйдегі, топтағы таныс жағдаяттарында мінез-құлық ережелері туралы түсінігін қалыптастыру; 12) мейрамдармен таныстыру: Туған күн, Күз мерекесі, спорт мерекесі. 509. Күтілетін нәтижелер: 1) отбасы мүшелері мен жақын адамдар туралы түсінігі бар; 2) өз жынысын біледі; 3) дене мүшелері мен бет бөліктерін көрсетеді немесе атайды; 4) тұрмыстық заттарды ажыратады; 5) көліктер туралы түсініктері бар; 6) балабақша және балабақша қызметкерлері туралы түсінігі бар; 7) азық-түліктерді ажыратады; 8) қоғамдық жерлердегі қарапайым жүріс-тұрыс ережелері туралы түсінігі бар; 9) мерекелік-іс-шараларға эмоционалды әсерін көрсетеді.