7-параграф. 2 - жартыжылдық 129. Тілдік емес дыбыстау: 1) есту арқылы жануарлардың дауыстарын ажырату; 2) музыкалық шығармаларды танып, ажырату; 3) есту арқылы күрделі ырғақты, әуеннің ырғағын тану; 4) таныс әндерді тану, қосылып айту. 130. Тілдік дыбыстау: 1) нұсқаулықтар мен тапсырмаларды орындау; 2) "мен және менің отбасым" тақырыбы бойынша тілдік материалды тану; 3) сабақ, балалардың іс-әрекеті, есепті (шот) ұйымдастыруға қатысты тілдік материалды тану; 4) сурет, ертегі, үйдегі оқиғаларға байланысты мәтіндер бойынша сұраққа жауап беру; 5) ерлер, әйелдер және балалардың дауыстарын ажырату; 6) сабақ, балалардың іс-әрекеті, есепті (шот) ұйымдастыруға қатысты тілдік материалды ажырату; 7) таныс өлеңдер мен мәтіндерді тану; 8) есту арқылы таныс мәтіндерді тану; 9) мәтін бойынша сұраққа жауап беру (есту арқылы); 10) есту арқылы таныс өлеңдер мен мәтіндерді тану; 11) есту арқылы 2-3 сөйлемнен тұратын мәтінді ажырату. 131. Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру: 1) сөздер мен сөз тіркестері материалында дыбыстарды машықтандыру (автоматтандыру); 2) сөздер мен сөз тіркестері материалында дауысты, дауыссыз дыбыстарды айыру (дифференциациялау); 3) әртүрлі ұйқастағы өлең, тақпақтардың айтылу қарқынын өзгерту; 4) дауыстың күші, қарқыны, биіктігін өзгерту; 5) сөздер мен сөйлемдерді орфоэпияның нормаларын саптап, шынайы дыбыстауға жақын қарқынмен бірге қосып айту; 6) сөйлеуде сөздік және логикалық екпінді сақтау; 7) дербес сөйлеу тілінде меңгерілген дағдыларды қолдану білігі; 8) сөйлеу тілінде барлық дауысты, дауыссыз дыбыстарды пайдалану (жіңішкелікті және аффрикаттарды қоспағанда), дифтонгтар. 132. Күтілетін нәтижелер: 1) есту арқылы нұсқаулықтар мен тапсырмаларды орындайды; 2) сөздер мен сөйлемдерді орфоэпияның нормаларын сақтап, шынайы дыбыстауға жақын қарқынмен бірге қосып айтады; 3) таныс өлеңдер мен әндерді таниды; 4) есту арқылы таныс өлеңдер мен әндерді таниды; 5) есту арқылы 2-3 сөйлемнен тұратын мәтінді ажыратады; 6) сабақ, балалардың іс-әрекеті, есепті (шот) ұйымдастыруға қатысты тілдік материалды ажыратады; 7) сурет, ертегі, үйдегі оқиғаларға байланысты мәтіндер бойынша сұраққа жауап береді; 8) дауыстың күші, қарқыны, биіктігін өзгертуді біледі; 9) тілдік материалды бірге, айқын екпінмен, артық дыбыссыз, бір қарқынмен, орфоэпияның нормаларын сақтап, шынайы дыбыстауға жақын айтады; 10) ерлер, әйелдер және балалардың дауыстарын ажыратады; 11) жануарлардың дауыстарын таниды, ажыратады; 12) есту арқылы таныс мәтіндерді ажыратады; 13) есту арқылы күрделі ырғақты, әуеннің ырғағын ажыратады; 14) таныс әндерді таниды, қосылып айтады; 15) дербес сөйлеу тілінде меңгерілген дағдыларды еркін қолданады; 16) сөйлеуде барлық дауысты, дауыссыз дыбыстарды қолданады (жіңішкелікті және аффрикаттарды қоспағанда), дифтонгтар.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығына 5-қосымша