6-тарау. Жапы білім беретін мектептегі, лицейдегі, гимназиядағы мектепалды даярлық сыныбы (6-7жастағы балалар) 1-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы 110. "Коммуникация" білім беру саласының базалық мазмұны - тіл дамыту, есту арқылы қабылдау мен айтуды қалыптастыруды дамыту арнайы түзеу оқу қызметінде іске асырылады. 2-параграф. Тіл дамыту 111. Тақырыптық топтамалар бойынша сөздік іс-қимыл, қасиеттері, сапа, кеңістікте орналасқан заттардың атауларының санын ұлғайту есебінен кеңейеді (сын есім, үстеу, етістіктің түрлері). 112. Дактилология қосалқы, көмекші құрал ретінде қолданылады (саналы сөйлеу, жазу, оқуды игеру үшін). 3-параграф. 1 - жартыжылдық 113. Қатынас: 1) ойынға, тапсырмаға, адамға, болып жатқан жағдайға деген қатынасын білдіру; 2) жағдайға, таныстық деңгейіне қатысты сөйлесу стилінің өзгеруі; 3) жақсы меңгерілген сөйлеу материалы негізінде тікелей қарым-қатынаста ауызша сөйлеу тілін пайдалану; 4) ауызша сөйлеу тілінің көмегімен құрдастарымен ақпарат алмасу; 5) ересек адамдар мен бейтаныс адамдарға "сіз" деп сөйлеу; 6) топтағы басқа балалардың орындаған тапсырмаларын бағалау; 7) кіші жастағы балалар мен құрдастарын қолдау, жұбату, мақтау; 8) қатынастық дағдыларды тәжірибеде пайдалану: сәлемдесу; кешіру; жолдау; қолдауды өтіну; көмек сұрау; қолдау; көмек; қызмет көрсету; алғыс айту, қабыл алмау, кешіру; 9) алғыс айтуды білу, ыңғайсыз жағдай үшін кешірім сұрау. 114. Қабылдау /сөйлеу тілін түсіну: 1) сөйлеу барысында өзге тілді таныс емес сөздерді бөлу; 2) "дыбыс", "әріп", "сөз", "буын", "дауысты дыбыс", "дауыссыз дыбыс", "жіңішкелік белгісі", "жуандық белгісі" сөздерінің мәнін түсіну; 3) дыбысталуы бойынша жақын сөздердің мағынасын ажырату; 4) таныс өлеңдер, әуен, ертегілерді бірінші сөйлемінен тану; 5) мақал-мәтелдердің ауыспалы мағынасының түсіну. 115. Айтылым: 1) құрылымы бойынша күрделі жаңа сөздерді айтып қолдануда ауызша-дактилдісөйлеу тілін қалауынша пайдалану; 2) жұмбақ, жаңылтпаштарды, өлең шумақтарын жатқа, мәнерлеп оқу; 3) өлеңді мәнерлеп оқу; 4) сөйлеу тілінің әртүрлі түрлерін қолдану; 5) есімдіктерді қолданып, зат есімдерді септік, жіктік, көптік, тәуелдік жалғауларында түрлендіру; 6) сын есімдерді септік, жіктік, көптікжалғаулармен түрленген зат есімдермен қолдану; 7) айналасындағы заттарды сипаттау (гүлдер, ағаштар, құстар, жануарлар); 8) заттардың және кейіпкелердің реттілігін сақтап, сюжетті суреттерді сипаттау (10 сөйлемге дейін); 9) тәрбиешінің сұрақтарының көмегімен немесе өз бетімен дауыстап оқылған қысқа мәтіндер мен ертегілерді бірізділікпен, кідірмей мазмұндау; 10) заттардың сапасы толық айтылған сөздермен сөзік қорды толықтыру (материалдар, пішін, түстері, көлемі); 11) сөзді өзгерту (түрлендіру), сөзжасам, сөйлем құрау жиілілік моделдерімен тәжірибе жүзінде танысу; 12) жетекші сұрақтардың көмегімен кеңейтілген пікір айту; 13) берілген тақырыпқа сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрау (10 сөйлемге дейін); 14) оқиғанын толықтырып, сурет, суреттер топтамасы бойынша; 15) қарапайым жоспарды сақтай отырып, сюжетті суреттерге сипаттама беру; 16) объектілердің елеулі белгілерін тауып, заттарды салыстыру; 17) келеңсіз жағдайда және құрдастарының іс - әркетіне шағымдана білу; 18) бірізділікпен қисынды байланыстырып, өз өміріндегі қарапайым жағдайларды әңгімелеу; 19) зат есімді сын есіммен, есімдікпен әртүрлі септікте, жекеше, көпше түрін қиыстырып қолдану; 20) зат есімді сын есіммен, сан есіммен әртүрлі септікте, жекеше, көпше түрде қиыстырып қолдану және бірыңғай зат есімге қатысты анықтауышты табу; 21) сөздердің белгілі бір грамматикалық формасын қолдану икемділігі (зат есімнің септелуі, жекеше және көпше түрлері); 22) сөз арасында сұрақтар, ниеттер, хабарламалар, терiске шығаруларды қолдану; 23) етістікті өткен, осы, келер шақта қолдану; 24) сөздердің мағналарын олардыңның салыстыру процесінде анықтау. 116. Оқылым және жазылым: 1) жазба нұсқаулық бойынша түрлі тапсырмалар орындау; 2) тақырыптық топтамалардан сөздерді сөздікке жазу; 3) үйде, серуенде, топтағы балалардың өміріндегі жағдаяттарды суреттеу (балама сұрақтар қою, сурет салу, жағдайды көрсету арқылы); 4) өз бетінше журнал, кітап, интернет-ресурстарын оқу; 5) хат және құттықтау қағаздарын жазу; 6) сөзден дауысты (екпінді) дыбысты табу; 7) дағдыларды меңгеру:сөздерді бөлек жазу, адам аттары, жануарлардың лақап аттарын бас әріптен жазу; 8) сөздерді буынға бөлу, бір буынды, екі буынды сөздердің буындық сұлбасын құру; 9) кітаптан мәтін оқу, оқыған мәтінді драмалау, соған сәйкес суреттерді таңдау, мазмұнға сәйкес сурет салу; 10) жіктеу есімдігін зат есіммен алмастырып немесе керісінше мәтінді оқу. 117. Күтілетін нәтижелер: 1) құрылымы бойынша күрделі жаңа сөздерді айтып қолдануда ауызша-дактилді сөйлеу тілін пайдаланады; 2) сөйлеу барысында өзге тілді таныс емес сөздерді ажыратады; 3) тапсырмаға, болып жатқан оқиғаларға, ойынға, адамға деген қатынасын білдіреді; 4) құрдастарының жағымсыз әрекеттеріне шағымданады; 5) жіктеу есімдігін зат есіммен алмастырады немесе керісінше; 6) тақырыптық топтамалар бойынша сөздерді сөздікке жазады; 7) жағдайға, таныстық деңгейіне қатысты сөйлесу стилін өзгертеді; 8) зат есімді сын есіммен әртүрлі септікте, жекеше, көпше түрін қиыстырып қолданады; 9) зат есімді сан есіммен әртүрлі септікте, жекеше, көпше түрін қиыстырып қолданады; 10) кешірім сұрайды, ыңғайсыздық үшін кешірім сұрайды; 11) берілген тақырып бойынша сюжетті суреттерді, үйдегі жағдайды әңгімелейді; 12) өз бетінше хат және құттықтау қағаздарын жазады; 13) өз бетінше журнал, кітап, интернет-ресурстарын оқиды; 14) таныс көркем шығармаларды бірінші сөйлемінен таниды; 15) сөздердің белгілі бір грамматикалық формасын қолданады; 16) мәтінді оқиды, безендіреді, суреттейді, оқыған мәтінді драмалайды.