4-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы 71. "Коммуникация" білім беру саласының базалық мазмұны - сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады. 72. Мақсаты балаларда сөйлеу белсенділігін ояту үшін жағдайларды жасау,сөйлеу тілін тыңдау және қабылдау біліктілігін қалыптастыру. 73. Міндеттері: 1) қаратпа сөйлеу тілін зейін салып тыңдау икемін дамыту; 2) балаларға тұрмыста жиі кездесетін заттарды, іс-әрекеттерді, кейбір белгілерді атауды үйрету (ересек адаммен бірлесіп және еліктеу бойынша); 3) сөйлеу тілінің көмегімен өз қажеттіліктерін айта білуін қалыптастыру; 4) балаларды екі-үш сөздерден тұратын қарапайым фразаларды белсенді сөйлеу тілінде қолдануға үйрету; 5) ертегілерді, қарапайым әңгімелерді, өлеңдерді, жұмбақтарды тыңдауға және қабылдауға үйрету; 6) ертегілердің, әңгімелердің, тақпақтардың мазмұнын түсінуге және оқиға барысын қадағалауға үйрету; 7) халық ауыз әдебиет шығармаларындағы мәнерлі интонацияны қабылдау біліктілігін дамыту, сөйлеу тіліне еліктеуін белсендірту. 5-параграф. 1-жартыжылдық 74. Сөйлеу тілін дамыту: 1) суретте бейнеленген іс-әрекеттерді түсіну білігіне үйрету; 2) ойыншықпен әрекет жасау бойынша екі сөзден фразаны құрастыру икемділігін дамыту; өз қажеттіліктерін сөйлеу арқылы білдіру икемділіктеріне үйрету; 3) тұрмыстағы заттарды, әрекеттерді, кейбір белгілерді білдіретін бір, екі, үш буыннан тұратын сөздерді атау икеміне үйрету; 4) балалардың өмірімен және практикалық тәжірибесімен байланысты сұрақтарға жауап беру икеміне үйрету; 5) балалармен тақпақтарды, өлеңдерді, санамақтарды жаттау; 6) бейімделген мәтіндерді тыңдау және олардың суреттерін қарау икемділігіне үйрету. 75. Күтілетін нәтижелер: 1) өз қажеттіліктерін қарапайым сөйлеу тілінде білдіреді; 2) кейіпкерлердің әрекеттерін суреттер бойынша таниды; 3) ересек адамның көмегімен бір немесе екі құрамды сөздердің буындық құрылымын қайталайды; 4) екі сөзден тұратын сөз тіркесін құрастырады; 5) бейімделген мәтіндерді тыңдайды және олардың суреттерін қарайды. 76. Көркем әдебиет: 1) тыңдау және түсіну:ертегілердің, әңгімелердің, тақпақтардың мазмұнын тыңдай және қабылдай білуге үйрету;сөйлеу тілінің мүмкіндіктеріне сәйкес қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету; кітаптағы суреттерді қарауға баулу, таныс заттарды атауға, педагогтың сұрауы бойынша көрсетуге ынталандыру; 2) шығарманың интонациялық ырғағын қабылдау:ертегі мазмұнындағы сұраулы интонацияны, тақпақтардың, өлеңдердің ырғақтылығын қабылдауға үйрету, "кап-кап", "тық-тық" дыбыстық ымдарды қайталауға ынталандыру; 3) әңгімелеу және жаттау:таныс тақпақтардағы негізгі (қайталанатын) сөздерді қайталауға, таныс өлеңдерді,тақпақтарды оқу кезінде сөздерді жалғастырып айтуға үйрету (сөйлеу тілінің мүмкіндіктеріне қарай); 4) лексикалық тақырыптар бойынша сөздік қорын толықтыру; кейіпкерлердің қимыл-қозғалысын жаңғырту (балапандар жем шоқиды, қоян секіреді). 77. Күтілетін нәтижелер: 1) қысқа ертегілерді, жай әңгімелерді, тақпақтарды, жұмбақтарды тыңдайды және қабылдайды; 2) көркем шығарма мазмұнындағы сұраулы сөйлем интонациясын қабылдайды және түсінеді; 3) ертегі кейіпкерлерінің әрекеттеріне және дыбыстауына еліктейді; 4) шығарма мазмұнын эмоциональді қабылдайды және оған ынтасын байқатады.